12-Мамыр, 2014
Қариялар азайып бара жатыр
Жуырда, сәуірдің 25-і күні, журналистика факультетінің 2 – курс студенттері мен мемлекеттік тіл кафедрасының құрамындағы “Ұтқыр ұрпақ”, “Сөз маржаны”, “Ақ сөйле” клубтарының қатысуымен Алматы қаласындағы Абай мен Шаляпин көшелерінің қиылысында орналасқан “Ардагерлер үйінде” “Aйналаңды нұрландыр” жобасы аясында қайырымдылық концерті ұйымдастырылды.
Қарттар үйінде 138 адам бар екен. Мұндағылардың 11-і Ұлы Отан соғысының ардагерлері болса, 14-і еңбек және тыл ардагерлері, 14-і 1-топтағы мүгедектер екен. Қарттар үйіндегілердің 19% — ы қазақ ұлтынан болса, қалғандары өзге ұлт өкілдері. Қарттар үйі директорының орынбасары Нұрзия Ағабекқызының айтуынша, жылдан – жылға мемлекет тарапынан оларға бөлінетін қаражат артып отыр. Толығымен »
“Көктем жыры” кеші
2014 жылдың сәуір айының соңында мемлекеттік тіл кафедрасының “Ұтқыр ұрпақ” тілдік-танымдық кезекті іс-шарасы “Көктем жыры” атты тақырыпта журналистика факультетінің 2 — курс студенттерінің жыр мүшәйрасына арналды. “Көктем жыры” деп аталу себебі де түсінікті, студент жастардың көктем, ана, гүл, сағыныш, махаббат, сезім туралы өлеңдерін тыңдарман қауымға өз оқуында таныстыру мақсатында ұйымдастырылды. Айгүл Орынбаева, Нұргүл Махамбетиярова, Файзолла Олжас, Ақтілек Төленді, Нұрбек Нұржан, Құдайберген Арман сияқты жастар өз өлеңдерін оқыды. Балауса сезімдерін жыр жолдарына түсірген студенттердің қадамына қызыға қарап, шығармашылық сәттілік тіледік. Толығымен »
Жұмағали Ысмағұлов. АБАЙ АУДАРМАЛАРЫНДАҒЫ ПУШКИН
Абайдың Пушкин мұрасынан тәржімалаған шумақтары туралы бізде айтылған пікірлер аз емес. Әрісі Әлихан Бөкейхан мен Ахмет Байтұрсынұлынан, Мұхтар Әуезов пен Сәбит Мұқановтан бастап, кейінгі әдебиетшілеріміздің талайы бұл турадағы ойларын ортаға салған. Бірақ туған әдебиетімізге көркем аударма дәстүрін тұңғыш рет енгізіп, соның тамаша үлгісін қалдырып кеткен Абай тағылымы жөнінде, біздегі аударма саласы барған сайын өрістеп, оның тәжірибесі молая түскен сайын, әлі де айтылар сөз аз болмаса керек.
Абайдың Пушкиннен аударғаны көп емес. «Евгений Онегиннен» іріктеп қазақша өлең еткені жеті ғана үзінді. «Онегиннің өлердегі сөзі» деген төрт жарым шумақты (он сегіз тармақ) Абай жанынан қосқан. Бары осы. Толығымен »
Майтанов Б.Қ.. М.О.ӘУЕЗОВ ПУШКИН МЕН АБАЙ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ САБАҚТАСТЫҒЫ ТУРАЛЫ
Мұхтар Әуезовтің Жидебай өңіріндегі бала күнінен таныс А.С.Пушкин есімімен бетпе-бет кездескендей тым жақын ұшырасатын шағы Ленинград университетінде оқыған жылдары болса керек (1923-1928 жж.). Соңғы кездері «М.Әуезов үйінің» қолжазба қорындағы 238-бумадан бұрын еш жерде жарияланбаған «Экспозиция и завязка символической драмы (пьесы Метерлинка, Ибсена, Гауптмана и Л.Андреева)», «Поэзия чистого искусства 60-х годов» және «Особенности драматургических приемов Пушкина» атты шағын зерттеулер табылып, жазушының 50 томдық академиялық басылымында жарияланды (1.19-22). Осы қатарда «Драмы Чехова» деген мақала да бар. Тәрізі, бұл еңбектер ғылыми жиындарда жасаған баяндамалар болса керек. Аталған дүниелер теориялық негізінің тереңдігімен, М. Әуезовтің орыс тілді туындыларына тән айшықты, оралымды стилімен ерекшеленеді. Толығымен »
Ақбота Ахметбекова. ИАСАУИ МЕН АБАЙДЫҢ ПОЭТИКАЛЫҚ ДӘСТҮРІ
Абайдың философиялық өлеңдерінің тұғыры қайда дегенде, еріксіз Шығысқа, Шығыс емес-ау, өзіміздің ата-баба мұрамыз Иасауидің қазақ жадында сөзбен нақышталған сұлбасына көз тігерімізді енді білгендейміз. Иасауи өзінің сопылық оқуын танытатын, уағыздайтын, насихаттайтын өлеңдерімен философиялық мәселелердің поэзияға жол салып, жаңа тақырып, тың дәстүр болып, қазақ әдебиеті төрінен орын алды. Философиялық өлеңдер өзінің мақсатына сәйкес танымдық, пайымдық, дидактикалық сарынымен дамуда. Иасауи салған дәстүр Сүлеймен Бақырғанидың діни жырларында, Бұқар жыраудың саяси толғауларында, Шортанбай сияқты ақылдарымыздың тұрмыстық-сын шығармаларында жалғастық тауып келді. Ал осы дәстүрдің лирикада, яғни адамның жан-сезімімен жырлануында ұлы Абайдың өлеңдерінен көрінсе керек. Толығымен »