Бөлімдер
open all | close all
Мұрағат
Күнтізбе
Декабрь 2016
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Июн    
  1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Қариялар азайып бара жатыр

Ардагер1Жуырда, сәуірдің 25-і күні, журналистика факультетінің 2 – курс студенттері мен мемлекеттік тіл кафедрасының құрамындағы “Ұтқыр ұрпақ”, “Сөз маржаны”, “Ақ сөйле”  клубтарының қатысуымен Алматы қаласындағы Абай мен Шаляпин көшелерінің  қиылысында орналасқан “Ардагерлер үйінде”  “Aйналаңды нұрландыр” жобасы аясында қайырымдылық концерті ұйымдастырылды.

Қарттар үйінде 138 адам бар екен. Мұндағылардың 11-і Ұлы Отан соғысының ардагерлері болса, 14-і  еңбек және тыл ардагерлері, 14-і   1-топтағы мүгедектер екен. Қарттар үйіндегілердің 19% — ы қазақ ұлтынан болса, қалғандары өзге ұлт өкілдері. Қарттар үйі директорының орынбасары Нұрзия Ағабекқызының айтуынша, жылдан – жылға мемлекет тарапынан оларға бөлінетін қаражат артып отыр.

Алғашында зал ішінде отыз шақты қария отыр еді, концерт ортасына  қарай лық толды. Студенттер екі тілде концерттік бағдарлама жүргізіп, қазақ, орыс, украин, ағылшын тілдерінде ән шырқады, өз өлеңдерін оқыды. Шырқалған әннің әуеніне бір сәт қариялар құлақ түре отырып тыңдаса, енді бірде биледі, көңіл көтерді. Келген студент жастарға сүйсініп, рахметтерін жаудырды.

Концерт соңында қариялар суретке түсіп, студенттер Ардагерлер үйінің мұражайын аралады.

“Біз сіздерді ұмытпаймыз, дана қариялар” , — деген саналы оймен студенттер қарттар үйінен мол әсер алып қайтты.

Шыныбекова Айгүл,

филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті

мемлекеттік тіл кафедрасының доценті,

филология ғылымдарының кандидаты

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Яндекс
facebook twitter Vkontakte Mail.ru
Хабарландыру
Конференцияға қатысу және материалдарды жариялау үшін сұраныстар жасау мерзімдері:


«Аударматану мен әдеби компаративистиканың өзекті мәселелері» Әр жылдың 5 ақпанына дейін

«Абай және қазіргі заман» Әр жылдың 5 сәуіріне дейін

«Мәдениетаралық коммуникация және әдеби компаративистика» Әр жылдың5 мамырына дейін

«М.Әуезов және әлем әдебиеті» Әр жылдың5 қыркүйегіне дейін

«Қабдолов оқулары» Әр жылдың 15 қарашасына дейін

Ыстықкөл форумы «Ш.Т.Айтматов және әлем әдебиеті» Әр жылдың 01 мамырына дейін .
Баннерлер