Бөлімдер
open all | close all
Мұрағат
Күнтізбе
Декабрь 2018
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Ноя    
  1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31  

Абай туралы таңдамалы еңбектер

С.Сейфуллин.ИБРАҺИМ ҚҰНАНБАЙҰЛЫ (АБАЙ) (1845 -1904 ж.ж.)

АҚЫННЫҢ БАЛАЛЫҚ ШАҒЫ

  Абай — Арғын Тобықты руынан, 1845 жылы Шыңғыс тауында туды. Абайдың шын аты — Ибраһим. Қазак әдеті бойынша шешесінің еркелетіп қойған Абай атын толық атап кеткендіктен, біз де Абай дейміз.

Абайдың әке тұқымы — Тобықтыға басшы би болған, бай жуан ата. Үлкен атасы Ырғызбай да әрі батыр, әрі жуан би болып елді аузына қаратып өткен кісі. Осы Шыңғыс тауы қонысқа лайық, малға жайлы жер деп орын қылған кісі.

Онан соңғы атасы Өскенбай би, Абайдың өз әкесі Құнанбай — жұртты аузына қаратқан, ел билеген ақсүйек байлар табынын өз елінде көсемі болған азулы би байы. Өз тұсында қазақ арасында мұсылмандықты жайып, дін, шариғаттың орнауына мықты еңбек сіңірген діншіл кісі болған. Заманында өз табы — (өзі үшін) діннің мықты құрал екендігіне мықтап түсініп, ел арасына діннің тамырлап, тарауына арнап еңбек сіңірген. Құнанбай, өзге жұрт баласын орыстан кашырып тығып жүргенде, өз баласын орыс мектебіне беріп, орысша оқытқан. Толығырақ »

М. Дулатов. ИБРАҺИМ ИБН ҚҰНАНБАЕВ

«Уақыттың» 322-санында Россияның ең атақты ақындарының бірі Лермонтовтың М.М. әпендінің аударуымен
«Жалғыздықта» деген өлеңі жарияланған еді. Осы өлеңді көрген соң, оқушыларымыздың құрметті Ибраһим Құнанбаевтың
Лермонтовқа іңкәр болып, орыс әдебиетінің гүл шоқтарын өз тілінде сайратқаны екінші бір жағынан адамның ойына оралады. Толығырақ »

І.Жансүгіров. АБАЙДЫҢ СӨЗ ӨРНЕГІ

Абайдың алдындағы казақ әдебиетінің үлгісі — батырлардың жырлары, билердің, шешендердің сөздері, жыраулардың толғауы, ақындардың айтысы, араб-парсының ескі қисса, ертегілеріел әдебиетінің түрлері еді. Абайдан бұрынғы заман әдебиеті — сол ескі жұртшылықтың заман бетінен торыққандығынан туған әдебиет еді. Абай, негізінде, осы жұртшылықпен қайнасып, осы әдебиетпен аяқтасып жаткан ақын. Бірақ Абайдың басына біткен қайшылык Абайды ескі заманға күйіндіре отырып, жаңаның бағытына жырлаттырады. Толығырақ »

Н. Ә. Назарбаев. АБАЙ ТУРАЛЫ СӨЗ

N.A.NAZARBAEV

Н.Ә. Назарбаев

Абайдың 150 жылдығына арналған салтанатты мәжілісте, 1995 жылғы тамыздың 9-да жасаған баяндамасы

Ардақты отандастар! Қадірлі меймандар!
Бүгін — ұлы мереке. Халқымыз ең аяулы перзенті мен ең дана ұстазына мәңгі өшпес махаббатын білдіруге жиылып отыр. Оның дүниеге келгеніне әр он жыл толған сайын осылай бас қосып, өткеніміз бен кеткенімізді, жеткеніміз бен жетпегенімізді бір сарапқа салып алу әлдеқашан әдетімізге айналған. Соның әрқайсысында Абайдың аты жаңаша асқақтап, халқымыздың мәртебе-мерейі жаңа биікке көтерілумен келеді. Бір кезде абзал ақынымыздың асыл мұрасының таптық идеология табанында тапталып қалмай, жаңа ұрпақтармен бірге жасайтын мәңгілік құбылысқа айналғанына куандық. Сосын онын қадір-касиетінің өз аумағымызбен шектеліп қана қоймай, іргелес халықтар мен елге де кеңінен танымал бола бастағанына масаттанып, марқайдық. Ал бұл жолғы сүйінішіміздің жөні тіпті бөлек. Ол үшін бір-бірімізді куана құттықтап, бір-бірімізден шүйліге сүйінші сұрасақ та, ешкандай ерсілігі болмас еді. Толығырақ »

М. Әуезов. ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛЫ АҚЫНЫ

Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма.

Абай болашақ ұрпаққа сөзін осылай арнады. Бұл өткеннің кұлазыған ғасырларынан өзіне бейтаныс, басқа, бірақ жарқын болашаққа сенімді жол салған ақынның айтқан сөзі еді. Даланы торлаған надандық түнегіне ол шам-шырақтай сәуле төкті және таңы атып, күні шығатын жаққа апаратын жолды өз халқына талмастан көрсетті.
Иә, өзі өмір кешкен және өлең жазған ғасыр үшін Абай жұмбақ болды. Ал ол біз үшін жұмбақ па?
Біз Абайды қазір қараңғы жұмбақ ретінде емес, қазақ әдебиетінің шам-шырағы ретінде қабылдаймыз. Социалистік ұлы Отанның өзара ортақ идеяларымен, күресімен, жеңістерімен туысып кеткен халықтары Абайды қастерлеп еске алады. Толығырақ »

Ә. Бөкейханов. АБАЙ (Ибраһим) ҚҰНАНБАЕВ

Абайтану саласы бүгінгі әдеби өмірімізде үлкен ғылыми арнаға айналып отыр. Алайда ұлы кемеңгердің өнері мен творчествосы хақындағы алғашкы зерттеу мақала кашан және қайда жарияланғаны оқырман қауымға онша мағлұм емес. Абайдың өскен ортасы мен творчествосын жүйелеп тұңғыш рет бір ізге салган, Абайтанудың негізін қалаган — Әлихан Бөкейханов. Ол қазақ әдебиеттану саласының үлкен арнасы — Абайтанудың негізін салды. Кәкітай Абай өмірінің бел-белесін, творчестволык жолын, ізденіс бағыттарын саралап, бір жүйеге негіздеп, тұңгыш рет Абай туралы деректі Әлихан Бөкейхановқа жиыстырып береді. Толығырақ »

А. Байтұрсынұлы. ҚАЗАҚТЫҢ БАС АҚЫНЫ

Қазақтың бас ақыны – Абай (шын аты Ибраһим) Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ. Ақмола, Семей облыстарында Абайды білмейтін адам жоқ. Ақмоламен сыбайлас Торғай облысында Абайды білетін адам кем, құты жоқ деп айтса да боларлық. Олай болуы сөзі басылмағандықтан, Абайдың сөздері кітап болып басылып шыққанша Абайдың аты да, сөзі де Торғай облысында естілмеуші еді. Ақмола, Семей облыстарында Абайдың атын, сөзін естімедім дегенге недәуір таңырқап қалады. Мен ең әуелі Ақмола облысына барғанымда Абайды білмегеніме, сөзін естігенім жоқ дегеніме таңырқап қалушы еді. Толығырақ »

Федерико Майор. Абай — адамзаттың ақыны

1993- жылдың қараша айында өткен Юнеско ның ХХVІІ-сессиясында осы ұйымға мүше 180 елдің өкілдері Абайдың 150 жылдық мерейтойын лайықты түрде атап өту жөніндегі шешімді бірауыздан қабылдады. Себебі, Абай — әлемдік тұлға. Ол өзінің сезімдерімен ғана оқырмандарға әсер етіп қана қоймай, ұша теңіз білімімен бүкіл адамзаттың санасына данышпандықтың дәнін сепкен ойшыл да кемеңгер ақын. Ол — нағыз ғұлама, әрі тәңірдің өзінен туған әулие десе де болғандай. Оның поэзиясының өне бойынан адамдарға деген сүйіспеншілік пен аяушылық сезімі есіп тұрады. Толығырақ »

facebook twitter Vkontakte Mail.ru
Хабарландыру
Конференцияға қатысу және материалдарды жариялау үшін сұраныстар жасау мерзімдері:


«Аударматану мен әдеби компаративистиканың өзекті мәселелері» Әр жылдың 5 ақпанына дейін

«Абай және қазіргі заман» Әр жылдың 5 сәуіріне дейін

«Мәдениетаралық коммуникация және әдеби компаративистика» Әр жылдың5 мамырына дейін

«М.Әуезов және әлем әдебиеті» Әр жылдың5 қыркүйегіне дейін

«Қабдолов оқулары» Әр жылдың 15 қарашасына дейін

Ыстықкөл форумы «Ш.Т.Айтматов және әлем әдебиеті» Әр жылдың 01 мамырына дейін .
Баннерлер