2-Мамыр, 2014
Абай ғылыми-зерттеу институтының ұйымдастыруымен Бішкекте өткен халықаралық семинар
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Абай ғылыми зерттеу институты Халықаралық Айтматов академиясымен және Қырғызстан Республикасы ҰҒА Ш.Айтматов атындағы Тіл және әдебиет институтымен бірлесе отырып 2014 жылы 18-19 сәуірде Бішкек қаласында «Мәдениетаралық коммуникация және компаративистика» атты халықаралық ғылыми семинар өткізді. «Мәдениетаралық коммуникация және компаративистика» атты халықаралық ғылыми жоба аясында ұйымдастырылған семинар жұмысына Абай ғылыми зерттеу институты тарапынан Ж.Дәдебаев, П.Бисенбаев, Е.Карбозов, С.Дәрібаев, ал Халықаралық Айтматов академиясы, Ш.Айтматов атындағы Тіл және әдебиет институты жағынан бір топ қырғыз ғұламалары қатысты. Семинарды Қырғыз Республикасы ҰҒА вицепрезиденті, академик А.Ақматалиев жүргізіп отырды. бастаған қырғыз ғалымдары және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың бір топ ғалымдары қатысқан ғылыми жиында мәдени және әдеби байланыстардың өзекті мәселелері кеңінен қозғалды.
Еларалық кеңістікте өткенмдастырған халықаралық ғылыми семинар екі елдің ғалымдары үшін де пайдалы болды. Қатысушыларға сертификат тапсырылды.
Семинар материалдарын баспадан шығару туралы шешім қабылданды.
Л.Мұсалы, ҚазҰУ-дың доценті
ЖЕТІМ КӨРСЕҢ, ЖЕБЕЙ ЖҮР!
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті философия және саясаттану факультеті жалпы және этникалық педагогика кафедрасының ұйымдастыруымен Алматы облыстық №1-балалар үйінде «Құтты болсын, әз – Наурыз!» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Бұл іс-шараға 1,2–курс «Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану», «Педагогика және психология» мамандықтарында оқитын студенттерден құралған еріктілер тобы және осы жоғарыда аталған кафедраның меңгерушісі А.К. Мыңбаева және оқытушылар А.Б. Мұқашева, С.Ә. Рамазанова, Д. Мұқатаева, Д. Ертарғынқызы, А.В. Вишневскаялар қатысты. «Жетім көрсең, жебей жүр!» дегендей студенттерден құралған еріктілер тобымен бірге жетімдер үйіне ат басын тіредік. Толығымен »
ШУАҚТЫ СӘТ
Жоғары оқу орындарының флагманы, білімнің қара шаңырағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті — көптеген игі бастамалар мен жобалардың ұйымдастырушысы. Студенттерге сапалы білім берумен қатар қазіргі студенттің болашақ бәсекеге қабілетті маман, қарымы күшті, жан-жақты, ұлтжанды саналы азамат ретінде қалыптасуы үшін түрлі жобаларды іске қосуда. «ҚазҰУ студенттері оқуға тиіс 100 кітап», «Айналаңды нұрландыр!», «Салауатты өмір салты», «Жасыл қалашық», «Әдемі дене мәдениеті» сияқты жобалар студент-жастардың айналадағы қоршаған ортаға бей-жай қарамайтындай, сергек, сезімтал қасиеттерін дамыта отырып, әр тұлғаны қоғамды ізгілендіруге ұмтылдырады. Толығымен »