16-Мамыр, 2014
Ғылым жолы – сара жол
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының кандидаты Қаратаев Төреғали Қаратайұлы 1934 жылы 8 мамырда Ақтөбе облысы, бұрынғы Қарабұтақ қазіргі Әйтеке би ауданының Аққұм ауылында (ағайдың өз сөзімен айтсақ) ақ боранда дауылдата жарық дүниенің есігін ашқан. Жастай ата-анасынан айырылса да, тағдырдың талай теперішін көрсе де, өмір атты асау толқынның ырқына көнбеген, қиындығына мойымаған, білім мен ғылымға деген құштарлық пен еліме адал еңбек етсем деген ізгі ниет, ақ тілекпен, азаматтық парызым өтесем деген жастықтың жалынымен қайраттанған жас Төреғали ауылдағы орта мектепті бітірген соң, 1949 жылы Ақтөбе педагогика училищесіне келіп оқуға түседі. Училищені озат тәмамдаған соң, ҚазМУ-ға оқуға түседі. 1953-1958 жылдары Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетінде білім алып, табысты бітіргеннен кейін, ұстаздық еңбек жолын Алматы облысы, Шамалған ауылында бірер жыл мұғалім болудан бастайды. Толығымен »
Ұстаз ұлағаты ұмытылмас
Аяулы ана, асыл жар, ардақты ұстаз, парасатты ғалым, сыйлас та сырлас құрбы – осы мәні терең сөздердің бәрі бір ғана тұлғаның бойында кездесуі – өте сирек кездесетін құбылыс. Ал атына заты сай Раушан Мағзұмқызы Мансурова болмыс-бітімінде осы асыл қасиеттің бәрі жинақталған кесек тұлға болатын. Үйде – қамқор ана, адал жар, ардақты әже, жұмысында – өз ісіне берілген білікті маман, үйдегі тірлігін де, түздегі ұстаздық жұмысымен қатар ғылыми шығармашылығын да ақсатпай тең сатыда ұстаған асыл жан өзінің ғылыми жолын 1963 жылы қазақтың киелі қара шаңырағы атанған айтулы білім ордасы Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің химия факультетіне оқуға түсуден бастады. Белгілі қазақ жазушысы Мағзұм Тиесовтың қызының әке жолын қуып, гуманитарлық мамандықты емес, жаратылыстану факультетін таңдауы да бір ерекше қадам еді. Үлкен өмірге деген алғашқы қадамын ҚазМУ-дан бастаған Раушан Мағзұмқызының бүкіл ғылыми-педагогикалық шығармашылығы, ұстаздық жұмысы өзінің химия факультетімен тығыз байланысты болды. Толығымен »