Жаңалықтар
ДАНАЛЫҚТЫ АБАЙДАН ІЗДЕГЕН БЕКЗАТ ҒАЛЫМ
Ел бірлігі, ұлт болмысы мен рухы, интеллектуалды тұлғаны қалыптастыру, интеллектуалдық сананы көтеру, бүгінгі қазақтануды таныта білген, болмысынан текті, кемел тұлға. Абайдың өмірдегі, өнердегі, өлеңдегі зиялылығын өмірлік қағидасы тұтқан бекзат жан. Бұл сөздердің бәрі жақында ғана дүниеден өткен абзал жан, ұстаз, ғалым Жақан Молдабековке тән. Толығырақ »
ЗАЙЫРЛЫҚ ҚОҒАМДАҒЫ ИСЛАМДЫҚ ДӘРІС БЕРУ
Жуырда әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Дінтану және мәдениеттану кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор Құрманалиева А. Д., ф.ғ.д. профессор Борбасова Қ.М. және дінтану мамандығының 2 курс магистранты Орынбеков Н.А. ұйымдастыруымен «Қазақстандағы исламдық білім беру жүйесі: мәселелері мен болашағы» атты дөңгелек үстелі өтті. Толығырақ »
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Әл-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОЛОГИЯ ЖӘНЕ ӘЛЕМ ТІЛДЕРІ ФАКУЛЬТЕТІ
ШЕТЕЛ ФИЛОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ АУДАРМА ІСІ КАФЕДРАСЫ
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология және әлем тілдері факультетінің шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аса көрнекті әдебиетші ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Жоғары мектеп Ұлттық ғылым академиясының академигі, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Жанғара Дәдебаевтың 70 жылдық мерейтойына арналған «ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ: ҰЛТТЫҚ КОД ЖӘНЕ КӨРКЕМДІК ТАНЫМ» атты Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция ұйымдастырады. Конференция 2018 жылы 23 қарашада, сағ.15.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 15 қабатында өтеді. Толығырақ »
«АБАЙТАНУ» СЕМИНАРЫ ШУ АУДАНЫНДА
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтының кезекті «Абайтану» ғылыми-әдістемелік семинары Жамбыл облысы Шу ауданының орталығында өтті. Толығырақ »
Абай ғылыми-зерттеу институтының ұйымдастыруымен Бішкекте өткен халықаралық семинар
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Абай ғылыми зерттеу институты Халықаралық Айтматов академиясымен және Қырғызстан Республикасы ҰҒА Ш.Айтматов атындағы Тіл және әдебиет институтымен бірлесе отырып 2014 жылы 18-19 сәуірде Бішкек қаласында «Мәдениетаралық коммуникация және компаративистика» атты халықаралық ғылыми семинар өткізді. «Мәдениетаралық коммуникация және компаративистика» атты халықаралық ғылыми жоба аясында ұйымдастырылған семинар жұмысына Абай ғылыми зерттеу институты тарапынан Ж.Дәдебаев, П.Бисенбаев, Е.Карбозов, С.Дәрібаев, ал Халықаралық Айтматов академиясы, Ш.Айтматов атындағы Тіл және әдебиет институты жағынан бір топ қырғыз ғұламалары қатысты. Семинарды Қырғыз Республикасы ҰҒА вицепрезиденті, академик А.Ақматалиев жүргізіп отырды. бастаған қырғыз ғалымдары және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың бір топ ғалымдары қатысқан ғылыми жиында мәдени және әдеби байланыстардың өзекті мәселелері кеңінен қозғалды.
Еларалық кеңістікте өткенмдастырған халықаралық ғылыми семинар екі елдің ғалымдары үшін де пайдалы болды. Қатысушыларға сертификат тапсырылды.
Семинар материалдарын баспадан шығару туралы шешім қабылданды.
Л.Мұсалы, ҚазҰУ-дың доценті
Семинардың жас ғалымдарға берері мол болды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің аударма теориясы және әдіснамасы кафедрасында 2013 жылдың 18 қазанында белгілі ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Есембеков Темірғали Оразғалиұлының 60 жылдық мерейтойына байланысты «Мәтін теориясы және әдеби компаративистика» атты жас ғалымдардың республикалық ғылыми-теориялық семинары өтті. Семинарға оқытушылар, докторанттар мен магистранттар, сондай-ақ ғалымның республикамыздың ЖОО-ларында оқытушылық қызмет атқарып жүрген шәкірттері, филология ғылымдарының кандидаттары Ұ. Еркінбай (С.Демирел университеті), Ә.Толысбаева (Түркістан), Г.Түсіпова (Екібастұз), Е.Адаева, Л.Дәуренбекова (Астана), т.б. қатысты. Семинарда әдебиеттану мен аударматанудың өзекті мәселелері сөз болды, мерейтой иесінің «Мәтін теориясы және поэтикасы», «Аударма және мәтінтану» атты еңбектерінің бағыттары бойынша баяндамалар оқылды. Ғылыми семинардың жас ғалымдарға берері мол болды. Толығырақ »
Варшавада Абайдың «Қара сөздері» поляк тілінде жарық көрді
Варшава. 16 маусым. Baq.kz
Польша астанасы – Варшава қаласында Абайдың «Қара сөздері» кітабының тұсаукесері болды. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің баспасөз хатшысы Асқар Жалдыновтың сөзіне сілтеме жасаған ҚазТАГ тілшісі хабарлады
«Варшавадағы Польски театрында өткен тұсаукесерде Абай Құнанбаевтың «Қара сөздерін» поляк тіліне аударған Хенрик Янковски оған бұл идеяны жүзеге асыруға ұсыныс жасаған студенттер болыпты. Олар аудиторияларда слайд бойынша материалдармен танысқан екен. Ақырында шәкірттер әлемнің көптеген тілдеріне аударылған Абайдың «Сөздері» неге өздерінің туған тілдерінде жоқ екенін айтыпты», – деді баспасөз қызметкері агенттік тілшісіне.
Оның айтуынша, тұсаукесерге қатысушыларға жаңа басылымның аудармашысы қолынан қолтаңба алудың мүмкіндігі болыпты. Ал сол күні Польски театрында тараздық драматург Бақтияр Әбілдаевтың пьесасы желісі бойынша «Айша биби» спектаклі қойылды. Режиссер Әлия Баймаханова мен Жамбыл облыстық қазақ драма театрының актерлер труппасы поляк көрермендеріне белгілі сюжеттің қазіргі заманға лайықтанған нұсқасын ұсынған. Онда көре алмас қорқаулардың құрбандары болған Айша биби мен Қарахан арасындағы жарқын да қысқа сүйіспеншілік тарихы баян етіледі. Спектакль қазақ тілінде жүргізілгеніне қарамастан, жергілікті жұртшылық оны өте жылы қабылдапты.
Айта кетейік, маусымның 10-нан бастап Варшавада Жамбыл облысының мәдени күндері өтіп жатыр.
Мұрат Айтқожа.
Егемен Қазақстан
АБАЙ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН
2012 жылы 17 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтында “Абай және қазіргі заман» деген тақырыпта халықаралық ғылыми-теориялық конференция (үшінші) болып өтті. Толығырақ »
Онлайн жүйесіндегі алғашқы конференция
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің аударма теориясы және әдіснамасы кафедрасының ұйымдастыруымен «Аударматану мен әдеби компаративистиканың өзекті мәселелері» халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы биыл Абай ғылыми-зерттеу институтының базасында жаңа электронды тақтамен және инновациялық технологиямен жабдықталған залда өтті. Толығырақ »
Қазақ радиосы мен Абай ғылыми-зерттеу институтының бірлескен жобасы «Абайға көзқарас» тақырыбындағы радиоконференцияcы болып өтті
«Ойдода»
Қымбатты тыңдаушы! Қазақ радиосы мен әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Абай ғылыми-зерттеу институтының бірлескен жобасы бойынша «Абайға көзқарас» тақырыбындағы радиоконференцияны «Ойдода» хабарының аясында ұсынып отырмыз.
Радиоконференцияға қатысушы ғалымдар:
Абай ғылыми зерттеу институтының директоры, филология ғылымының докторы, профессор Жанғара Дәдебаев;
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымының докторы, профессор Өмірхан Әбдіманұлы;
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Аударма теориясы мен методологиясы кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымының докторы, профессор Әнуар Тарақ;
Филология ғылымының докторы, профессор Зейнол-Ғабиден Бейсенғали;
Филология ғылымының докторы, профессор Жұмат Тілепов;
Филология ғылымының докторы, профессор Қанипаш Мәдібаева;
Филология ғылымдарының кандидаты, доцент Жолдас Мәмбетов;
Филология ғылымдарының кандидаты, доцент Ерхан Кәрбозов;
Махат Садық, Қазақ радиосының директоры:
Абай-ұлт ұстазы. Ғұламаның өлеңін оқысақ, өнеге өріледі, қара сөзіне үңілсек, ұлылықтың үлгісі төгіледі.
Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев «Абайды мұқият оқыған адам оның көзқарастары бүгінгі нарық экономикасымен де тікелей үндес екенін айқын аңғарар еді. Абай әлемі бізді жеті түнде адастырмас Темірқазық іспетті» деген болатын. Заман озып, дәуір жылжыған сайын Абай жаңара береді, жаңғыра береді. Қазақтың қара шаңырағы, ұлттың үнжариясы, 90 жылдық тарихы бар-Қазақ радиосы Тәуелсіздігімздің жиырма бірінші жылын ғұлама, дана, данышпан, философ, хакім, ақын Абаймен аттамақ. Қазақ ұлттық университетінің Абай ғылыми-зерттеу институты мен Қазақ радиосының бірлескен жобасы – «Абайға көзқарас» тақырыбындағы радиоконференция ұйымдастырудағы басты мақсат – жаңа ғасырда Абайды жаңашы ұғып, жаңаша танысақ деген ойдан туған-ды. Әр таңымызды Абаймен атырып, әр күнімізді Абаймен батырсақ ұлттың ұтары көп.
«Ойдода» радиоклубының авторы және радиоконференцияны жүргізген Еділ АНЫҚБАЙ;
«Ойдода» радиоклубының редакторы Ерболат АЙТБАЙҰЛЫ.
http://kazradio.kaztrk.kz/kaz/interviu/Ojdoda_id1325236500.html