Бөлімдер
open all | close all
Мұрағат
Күнтізбе
Апрель 2014
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Мар   Май »
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30  

Апрель 2014

Тіл — өмір айнасы

SAM_176322.04.2014 ж. Аударма орталығының ұйымдастыруымен ағылшын тілі пәнінің оқытушыларына арналған «Language is a life skill» атты халықаралық семинар өтті. Семинарда Macmillan Publishers  әдіскері Тереза Доуэлли (Ұлыбритания) әдістемелік дәріс оқыды. Дәріскер ағылшын тілінде қазір ақпараттың көптігі соншалық, кейін ағылшын тілі пәнінің оқытушыларының қажеттігі азаюы мүмкін екендігін айтты. Оқытушыларға оқытудың жаңа әдістерінен мағлұмат берді. Семинарға Қонаев атындағы университеттен, Қыздар мемлекеттік педагогикалық университетінен, Абай атындағы ҚазҰПУ, «Бөбек» гимназиясынан, ҚМӘБИ университетінен, т.б. бірнеше университет, колледждерден шет тілі пәні оқытушылары қатысты. Семинарға қатысқан оқытушылар шет тілін оқытудың әдістемесі жайлы біршама мағлұмат алып тарасты.

Е.Кәрібозов, аударма теориясы

және әдіснамасы кафедрасы меңгерушісінің орынбасары, ф.ғ.к.

Өнерің өрге жүзсін, «Жас талап»

ҚазҰУ-дың жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультеті ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасында бірнеше үйірмелер жұмыс жасайды. Ол үйірмелер тарих, қазақ тілі, математика, физика, орыс тілі пәндері бойынша білімді көтеруге бағытталған. Ал бизнесинкубатор жобасы факультет тыңдаушыларының ғылыми-инновациялық біліктілігін жоғары деңгейде шыңдауды көздейді. Толығырақ »

«Қош келдің, арғымақ жыл, қазағыма»

Без-имени-1Қара шаңырақ әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ұлық мереке Наурыз мейрамын тойлау үстінде. Осы мереке қарсаңында филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті, қазақ тілі мән әдебиеті мамандығының ІІІ курс (екінші тобы) студенттері «Қош келдің, арғымақ жыл, қазағыма» атты ұлыстың ұлы күніне арналған мерекелік әдеби-сазды кешті ұйымдастырды. Тәлімі зор тағылымды кештің шымылдығы қазақ филологиясы кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Берікбай Сағындықұлының құттықтау сөзімен ашылды. Толығырақ »

Жақсылықов Аслан Жәмілұлы

Аслан-ағай

 

 Белгілі әдебиеттанушы ғалым, танымал тәржімашы,

филология ғылымдарының докторы,

аударма теориясы және әдіснамасы кафедрасының профессоры

Жақсылықов Аслан Жәмілұлы

60 жаста!

Хабарландыру      Ақпараттық хат      Өмірбаян   Құттықтау

Білім беру ісінің көшбасшысы

Еліміз тәуелсіздігінің нығая түсуінің бір көрінісі, оның ертеңгі болашағына нық сеніммен қарауымыздың кепілі іспетті, көрген жанның көзі де, көңілі де тоятын ауқымды істер, жастарға білім беру ісіндегі күрт ілгерілеу, ғылым саласында алдыңғы қатарлардан көріну – соңғы жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің өміріне тән сипаттар. Толығырақ »

Шетелдіктер арасында достық шарасы өттті

Без имени-12014 жылдың 30 наурыз күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЖОО дейінгі білім беру факультеті тыңдаушылары №14 жатақханада Наурыз мерекесінің құрметіне  Әлем халықтарының ұлттық тағамдар мерекесін өткізді. Биыл бұл факультетте   АҚШ, Жапония, Иордания, Қытай, Испания, Корея, Ауғанстан, Австрия, Түркия сынды елдерден келген 200- ге тарта тыңдаушы қазақ, орыс тілдерін оқып жатыр. Олар бір жыл бойы қазақ елінде тұрып ұлтымыздың тілін үйренумен қатар, салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпымен танысады. Шетелдік тыңдаушылардың  ұлттық тағамдар  мерекесі  «Әлем халықтарының ұлттық тағамдарының халықаралық фестивалі» деп аталды. Ұлттық тағамдар байқауын наурыз айында  өткізу факультетте он шақты жылдан бері дәстүрге айналып келеді. Бұл күні студенттер ерте тұрып мереке басталған уақытқа дейін әр ұлт өкілі өздерінің дәстүрлі тағамдарын дайындаулары тиіс. Толығырақ »

Махаббат мұнарасын тұрғызған жазушы жайындағы кеш

  НұршайықовӘл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің  заң факультетінде «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап» аясында  майдангер жазушы  Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат , қызық мол жылдар» атты романын талқылауға арналған  кеш болып өтті.Кешке жазушының немерелері Әлия мен Дина қатысып,сүйікті аталары туралы қызықты естеліктерімен бөлісті.

 Жазушының үлкен немересі Дина жер бетінде ел басына күн туып,қатер төнген кезде қолына қару алып,елі мен жерін жаудан қорғаған,ел берекесі кіріп,бейбіт заманға аяқ басқанда,қара қаруын қарымды қаламға айырбастап,еңбек пен ерлікті,махаббат пен достықты жырлаған бірден бір жан бұл- біздің атамыз,-деп мақтаныш сезіммен сөз алды. Толығырақ »

М.Мақатаев – адамдар арасындағы, өмірдегі, табиғаттағы жарастық пен келісімнің жыршысы

Анар суретМеханика-математика  факультетіндегі  Информатика кафедрасының 2- курс студенттерімен “Қазақ әдебиетінің алтын ғасыры” атанған жиырмасыншы жүз жылдықтағы ұлттық  поэзиямыздың ірі тұлғаларының бірі, әр жүрекке жол тапқан әсерлі өлеңдері оқырман сүйіспеншілігіне бөленіп келе жатқан Мұқағали ақынның   “Жыр-аңыз” атты ашық сабақ өтті. Бұл сабақтың ашылуы мемлекеттік тіл кафедрасының доценті Аширова Анар Тишибайқызының құттықтау сөздерімен басталды. Толығырақ »

Танымал ғалымның тағылымды дәрісі

435220_1236903378__________________________

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология, әдебиеттану және әлем тіпдері факультетінің мемлекеттік тіл  кафедрасында сәуір айының  3-і күні «Сөз мәдениетінің  ортологиялық негіздері» атты тақырыпта ғылыми семинар өтті. Семинарда А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтынан арнайы шақырылған танымал ғалым, профессор Нұргелді Уәли дәріс оқыды.

Дәріс барысында сөз мәдениетінің осы кезге дейін негізінен тілдік құрылымдық жүйеде зерттелсе, ендігі жерде антропоцентристік бағытты бағдарға алуы жан-жақты сөз болды. Сөздің коммуникативтік сапасына баға беру тілдік норма жағынан қарастырылмай,  тілдік және тілдік емес мәнділіктерді тек нормативті аспектіде зерттеу және функционалдық, коммуникативтік-прагматикалық, когнитивтік, лингвомәдени аспектіде қарау, тілдік тұлғаны сөз мәдениеті пәнінің түпқазық ұғымы ретінде алу, сөз мәдениеті осыған дейін сөйлеу позициясы тұрғысынан қарастырылса, ендігі тұста тыңдаушы  тұрғысынан қарау коммуникативтік аспектідегі жаңалық ек Толығырақ »

facebook twitter Vkontakte Mail.ru
Хабарландыру
Конференцияға қатысу және материалдарды жариялау үшін сұраныстар жасау мерзімдері:


«Аударматану мен әдеби компаративистиканың өзекті мәселелері» Әр жылдың 5 ақпанына дейін

«Абай және қазіргі заман» Әр жылдың 5 сәуіріне дейін

«Мәдениетаралық коммуникация және әдеби компаративистика» Әр жылдың5 мамырына дейін

«М.Әуезов және әлем әдебиеті» Әр жылдың5 қыркүйегіне дейін

«Қабдолов оқулары» Әр жылдың 15 қарашасына дейін

Ыстықкөл форумы «Ш.Т.Айтматов және әлем әдебиеті» Әр жылдың 01 мамырына дейін .
Баннерлер