Бөлімдер
open all | close all
Мұрағат
Күнтізбе
Июль 2016
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Июн    
  1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

“Көктем жыры” кеші

Көктем12014 жылдың сәуір айының соңында мемлекеттік тіл кафедрасының “Ұтқыр ұрпақ” тілдік-танымдық кезекті іс-шарасы “Көктем жыры” атты тақырыпта журналистика факультетінің   2 — курс студенттерінің жыр мүшәйрасына арналды. “Көктем жыры” деп аталу себебі де түсінікті, студент жастардың көктем, ана, гүл, сағыныш, махаббат, сезім туралы өлеңдерін тыңдарман қауымға өз оқуында таныстыру мақсатында ұйымдастырылды. Айгүл Орынбаева, Нұргүл Махамбетиярова, Файзолла Олжас, Ақтілек Төленді, Нұрбек Нұржан, Құдайберген Арман сияқты жастар өз өлеңдерін оқыды. Балауса сезімдерін жыр жолдарына түсірген студенттердің қадамына қызыға қарап, шығармашылық сәттілік тіледік. Жыр кешінің соңында әуесқой композитор әрі журналистика факультетінің 2-курс студенті Дәуір Сағындықовтың “Ай мүсін” атты әні өз орындауында шырқалып, көктем жырларын биіктете түсті.

Шыныбекова Айгүл

филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті

мемлекеттік тіл кафедрасының доценті,

филология ғылымдарының кандидаты

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Яндекс
facebook twitter Vkontakte Mail.ru
Хабарландыру
Конференцияға қатысу және материалдарды жариялау үшін сұраныстар жасау мерзімдері:


«Аударматану мен әдеби компаративистиканың өзекті мәселелері» Әр жылдың 5 ақпанына дейін

«Абай және қазіргі заман» Әр жылдың 5 сәуіріне дейін

«Мәдениетаралық коммуникация және әдеби компаративистика» Әр жылдың5 мамырына дейін

«М.Әуезов және әлем әдебиеті» Әр жылдың5 қыркүйегіне дейін

«Қабдолов оқулары» Әр жылдың 15 қарашасына дейін

Ыстықкөл форумы «Ш.Т.Айтматов және әлем әдебиеті» Әр жылдың 01 мамырына дейін .
Баннерлер