Бөлімдер
open all | close all
Мұрағат
Күнтізбе
Май 2014
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Апр   Июн »
  1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Май 2014

Татар ғалымдарымен болған келелі отырыс

SAM_210927.05.2014 ж. Аударма теориясы және әдіснамасы кафедрасының ұйымдастыруымен Татарстандағы Г.Ибрагимов атындағы Тіл, әдебиет және өнер институтынан келген ғалымдар (делегация құрамы: Хисамов Олег Ришатович, директордың ғылыми істер жөніндегі орынбасары, ф.ғ.к., лингвист; Тимерханов Айнур Ахатович, лексикография бөлімінің меңгерушісі, ф.ғ.д., лингвист; Закирова Илсеяр Гамиловна, халық шығармашылығы бөлімінің бас ғылыми қызметкері, ф.ғ.д.; Мухаметшин Зуфар Гумарович, текстология бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері, ф.ғ.к.) мен  филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің оқытушы-профессорлары арасында семинар өтті.  Тіл, әдебиет және өнер институты директорының ғылыми істер жөніндегі орынбасары, ф.ғ.к., Хисамов Олег Ришатович өздерінің институтында жасалып жатқан шаралар туралы айта келіп, Қазақстан ғалымдарының еңбектерімен танысу ниеттерін білдірді. Профессор Ж.Дәдебаев түркілерге ортақ дүниелерді татардікі немесе қазақтікі деп бөліп-жармай бірлесіп зерттеудің қажет екенін айта келіп,  Қазан баспасынан ілгеріректе шыққан қазақ әдебиетіне қатысты еңбектердің тізімі туралы мәлімет жайын сұрады. Тілші ғалымдар Г.Смағұлова, Б.Момыновалар сөз сөйлеп, тілге қатысты пікірлерімен бөлісті. Семинар соңында қазақ ғалымдары мен татар ғалымдары екіжақты келісімшарт жасасуға уағдаласып тарасты.

Кәрібозов Е.К.,

аударма теориясы және әдіснамасы кафедрасы

меңгерушісінің орынбасары, ф.ғ.к.

 

«Бабалар аманаты» атты дәстүрлі ән-жыр кеші

Без-имени-12014 ж. 30 сәуір күні сағат 17.00-де Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің 80 жылдық мерейтойына арнап Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы Халық әні кафедрасының ұжымы (ЖОО-ға дейінгі білім беру факультеті Акт залда) концерт берді.

Университетіміздің мерейтойына арналған «Бабалар аманаты» аталатын ән-жыр шашуы арқылы отансүйгіштік қасиет дарытатын, тәрбиелік мәні терең ұлттық рухани мұрамыз – ән мен күйді, терме, толғауларымызды дәріптеу, насихаттау және әрине жақсы көңіл күй сыйлау көзделді. Өнерпаздар бабалардан жеткен ең таңдаулы толғау жырларды, әсем ән мен күмбірлеген күйлерді орындады. Халықтың бай рухани мұрасын әлемдік деңгейде насихаттап жүрген танымал өнер майталмандары мен олардың шәкірттерінің репертуарында қазақтың әр аймағында қалыптасқан өнер мектептерінің таңдаулы туындылары орындалды. Толығырақ »

ФИЛОЛОГИЯ ІЛІМІНЕ ІЛКІ КӨЗҚАРАС

IMG_0211-(1)Жақында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 80 жылдық мерейтойы аясында  қазақ әдебиетінің тарихы және теориясы кафедрасының ұйымдастыруымен «ХХI ғасырдағы филология ғылымы: мәселелері мен болашағы» атты халықаралық ғылыми форум өтті. Жаһандану дәуіріндегі әлемдік филология ілімінің өзекті мәселелері, ұлттық әдебиеттану және тіл білімі саласындағы жаңашыл ізденістер,  ғылыми аспектілер, әдеби-мәдени мұраға жаңаша көзқарас мәселелері бүгінгі күн тұрғысынан сараланып, жиынға қатысушы ғалымдар тарапынан қызу талқыға түсті. Әсіресе, ұлттық әдебиеттану ғылымының бағыт-бағдары, әдебиет тарихындағы ақтаңдақтар, Абай ілімін зерттеу мен оқытудың өзекті мәселелері, мәтінтану теориясы жан-жақты сөз болып, бүгінгі таңда атқарылып жатқан кешенді зерттеулердің концепциялары талданды. Толығырақ »

Аудармашы Т.Сәукетаевпен кездесу

SAM_20592014 жыл 30 сәуірде филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетіндегі «TARZHIMAN CLUB» жас аудармашылар клубында белгілі аудармашы Тұрысбек Сәукетаевпен шығармашылық кездесу өтті. Аударма теориясы және әдіснамасы кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор Әнуар Тарақов аудармашы  шығармашылығы туралы кіріспе сөз сөйледі. Филология ғылымдарының докторы, профессор Жұмат Тілепов әдебиет, аударма өнері  туралы ойларын аударма шығармашылығымен ұштастырды. Аударма теориясы және әдіснамасы кафедрасы меңгерушісінің орынбасары, ф.ғ.к., доцент Е.Кәрібозов аударма туралы пікірлерін ортаға салды. Факультеттің 2 курс студенті Жұмашев Абылайхан өз өнерін көрсетті. Толығырақ »

Ұлы достықты ұлықтаған білім ордасы

Без-имени-1Тәуелсіздігіміздің тұғыры берік бола бастаған сайын, мемлекет аралық қатынастар кеңейіп, Қазақ елі әрдайым Ұлы істердің басынан көрінуде. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен Ауған Ислам Республикасына материалдық және рухани көмек көрсету мақсатында, 2010 жылдан бастап әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетініңЖОО-ға дейігі білім беру факультеті ауған жастарыноқытуды міндетіне алды.

Қазіргі таңда дайындық бөліміндегі тыңдаушылардың басым бөлігін ауғанжастары құрап отыр.Осы жылдар аралығында бiлiктi де бiлiмдi, тәжiрибелi ұстаздардан ауған жастары бiлiм алуда. Толығырақ »

Ұлағатты ұстаздар ордасы

80-жылдық тарихы бар әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін «Ұлағатты ұстаздар ордасы» деп айтуға тұрарлық. Университетімізде білікті де білімді, өз пәнінің мамандары жұмыс атқарады. Олар кез-келген пән бойынша білім берудегі жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланудың бағыттарын табысты және белсенді дамытуда. Толығырақ »

МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯ – 2014

Жоғары оқу орындары студенттерінің ғылыми конференциясы

 

“МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ КОММУНИКАЦИЯ» тақырыбындағы студент жастардың электронды ғылыми конференциясы тұрақты түрде өтетін болады. Конференцияның мақсаты  — студент жастардың мәдениетаралық коммуникация ғылымы шеңберіндегі ізденістерін қолдау.

 

Конференция төрағасы:

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың  аударма теориясы және

әдіснамасы кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы,

профессор  ТАРАҚОВ  Әнуар Сауатұлы

Конференция хатшысы:

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың  аударма теориясы және

әдіснамасы кафедрасы меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыс және

халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары, филология ғылымдарының кандидаты,

доцент МҰСАЛЫ Ләйла Жұматайқызы

 Алпысбаева Э. ЦВЕТОВАЯ СИМВОЛИКА В ПОЭЗИИ С.ЕСЕНИНА И ПЕРЕДАЧА В ПЕРЕВОДЕ НА АНГЛИЙСКИЙ ЯЗЫК.

Дегенбаева А.Е. ФРАНЦУЗ ТІЛІНЕН ЕНГЕН КІРМЕ СӨЗДЕРДІҢ АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ ҚОЛДАНЫСЫ

Иген Г. Г.БЕЛЬГЕР ИДИОМАЛАР АУДАРМАСЫ ЖӨНІНДЕ

Кемпирбаева C. АҒЛЫШЫН ТІЛІНДЕГІ ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ БІРЛІКТЕРДІҢ ФУНКЦИЯСЫ.

Чжан Ли. ОСОБЕННОСТИ ПЕРЕВОДА РАССКАЗА А.П.ЧЕХОВА “ДАМА С СОБАЧКОЙ” НА КИТАЙСКИЙ ЯЗЫК

Кажахметова М. «МЕТАФОРЫ В ПОЭТИЧЕСКОЙ СИСТЕМЕ ЭЛИОТА И ИХ ПЕРЕДАЧА В ПЕРЕВОДЕ НА РУССКИЙ ЯЗЫК»

Джаркынбаева С. ИНТЕРПРЕТАЦИЯ АВТОРСКОЙ МЕТАФОРЫ ПРОЗЫ ДЖОНА ГОЛСУОРСИ В ПЕРЕВОДЕ НА РУССКИЙ ЯЗЫК

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қазақ филологиясы кафедрасының профессоры

1„Ұстаздық еткен жалықпас үйретуге балаға”, — деп ұлы Абай бұдан екі ғасырдай бұрын айтқан екен. Ұстаздық туралы бүгін де аз айтылып жүрген жоқ. Бірақ ұстаздық туралы Абай негіздеген ұғымның тереңіне бойлаған, ұстаздық еңбегін Абай ұстанымына лайықты деңгейде атқарып жүрген жандардың шоғыры көп емес. Балаға үйрететін білімнің мазмұнын анықтай алмай, балаға оқытатын оқулықты түзей алмай жүрген жағдайда ұстаздық етіп жүрген жандарға Абайдың ұстанымына сай талап қою артық болуы мүмкін. Соған қарамастан, мына жағдайды есте ұстау шарт: мұндай талапты ұстаздық етіп жүрген жан өзіне өзі қоюы шарт. Ұстаздық еткен жанның балаға үйретуге жалықпауы Абайдың, қоғамның талабы болып қалмай, ұстаздық етуші әр адамның өзінің өзіне қоятын талабына, өзінің өмірлік ұстанымына, тұлғалық тұрғысына, кісілік болмысына айналуы қажет. Олай болмаған жағдайда ұстаздықтан қасиет кетеді, ұстаздық істен қасиет кететін болса, адам баласы надан болып өседі, жұрттың бәрі аларман болады, ар ойламай, пайда ойлайды, құлқынның құлы болады. Бұдан сақтану керек. Сақтанғанда, алдымен, бүгінде көз алдымызда балаға үйретуден жалықпай ұстаздық етіп жүрген ұстаздардың жақсылығын айтуымыз парыз. Толығырақ »

Ұстаз болу-жүректің батырлығы

Ұстаздық еткен жалықпас,  үйретуден балаға.-

Абай.

«Ұстаз болу-жүректің батырлығы»-дейді дана халқымыз. Солай, сол қиындықтардын тайсалмай өтіп, табаны күректей 52 жыл ұрпақ тәрбиесі жағында еселі еңбек ету қиынның қиыны болса, бұған төзген батырдың батыры емей немене?!

Ұлы ұстаз-өзі біртұтас әлем. Сондай ұлы ұстазымыздың бірі осы қасиетті қара шаңырағымыз әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінің ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасында тыңдаушыларды білім нәрімен сусындатып жүрген ұстазымыз, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор-Төреғали Қаратайұлы Қаратаев ағамызды ерекше айтып кетуге болады. Ол ағамыз әркез ізденісін тоқтатқан емес. Ерекше дара тұлға. Кеудедегі алтын сандықтың ақтарылған алтын сөздің сан шәкірттің жүрегінен орын тауып, сабақ алған шәкірттердің келесі күнге асығып жүргенін көргенбіз. Үлкен жауапкершілік пен төзімділікті, даналық пен даралықты керек ететін ауыр өмір кемесінде 52 жыл қызмет еткен дара тұлғаға бас имеске болама?! Толығырақ »

Біліктілік бастауы – білім ордасы(ҚазҰУ-дың 80 жылдығына)

      Технология кеңістігінде өмір сүретін жеке тұлғаның жоғары оқу орнынан алатын мамандығының деңгейі білімділігімен емес, біліктілігімен өлшенетін уақыт жетті. Біліктілік – парасаттылық  пайымы. Осы парасаттылықты бойына қалыптастыра білген жас маманды оқытудың тиімді әдістерін оқу ордасы өзіндік амалдарымен қолдана білуі тиіс. Біздің университетіміз бұл салада қаншама тиімді ұстанымдарды қалыптастырып келе жатқаны көпшілікке мәлім. Соның бірі – университет студенттері оқуға міндетті «100 кітап» жобасы. Толығырақ »

facebook twitter Vkontakte Mail.ru
Хабарландыру
Конференцияға қатысу және материалдарды жариялау үшін сұраныстар жасау мерзімдері:


«Аударматану мен әдеби компаративистиканың өзекті мәселелері» Әр жылдың 5 ақпанына дейін

«Абай және қазіргі заман» Әр жылдың 5 сәуіріне дейін

«Мәдениетаралық коммуникация және әдеби компаративистика» Әр жылдың5 мамырына дейін

«М.Әуезов және әлем әдебиеті» Әр жылдың5 қыркүйегіне дейін

«Қабдолов оқулары» Әр жылдың 15 қарашасына дейін

Ыстықкөл форумы «Ш.Т.Айтматов және әлем әдебиеті» Әр жылдың 01 мамырына дейін .
Баннерлер