Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Қазан 2014
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
«    
  1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31  
Сауалнама

Біздің сайттың жұмысына қандай баға бересіз?

Нәтижесі

Загрузка ... Загрузка ...

«Қош келдің, арғымақ жыл, қазағыма»

Без-имени-1Қара шаңырақ әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ұлық мереке Наурыз мейрамын тойлау үстінде. Осы мереке қарсаңында филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті, қазақ тілі мән әдебиеті мамандығының ІІІ курс (екінші тобы) студенттері «Қош келдің, арғымақ жыл, қазағыма» атты ұлыстың ұлы күніне арналған мерекелік әдеби-сазды кешті ұйымдастырды. Тәлімі зор тағылымды кештің шымылдығы қазақ филологиясы кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының докторы Берікбай Сағындықұлының құттықтау сөзімен ашылды.

 Бүгінде отыз күн ойын өткізіп, қырық күн той жасалмаса да ел болып, жұрт болып республика деңгейінде аталып өтетін мерекенің мұндай сипат алғаны құптарлық дүние. Қазақтың Әуезовінің атындағы дәрісханада басталған кештің өту барысы ұлттық өнерді қастерлеу, салт пен дәстүрді дәріптеу тұрғысында көрініс тапты.

 Әдеби-сазды кешке Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы мен Т.Жүргенов атындағы ұлттық өнер академиясының өнерпаз жастары қонақ ретінде қатысты. Кеш қонақтары ауылдың алты ауызын тыңдағаннан кейін «қонақ кәде» жасап, оркестрдің орындауында күмбірлеген күй тартып, қазақтың дәстүрлі ән мектебінің үздік туындыларынан шашу шашып, көрермендерді тәнті етті. Батыстың желдірмелі төкпелі әуездері, Сырдың бір өрлеп, бір құлайтын сырлы мақамдары, Арқаның баяу, толқымалы саздары, Жетісудың желмаядай желе жортқан әндері тыңдарман қауымның ыстық ықыласына бөленді. Студенттердің ұлық мейрамдағы ұлт болмысындағы жаңғыруы тиіс ғұрыптарды қызықты көріністер арқылы жеткізгені де өзіндік ерекшелік болғандай. Кештің өткені жайлы жазылған аңдатпа мақаламызды студенттердің қорытынды сөзімен аяқтасақ:

Кешегі бодан болған күйіңді ұмыт,

Ұлт болып ұлықталсын ұлыс күні.

Азаттық ұзағынан сүйіндіріп,

Қазақтың бұзылмасын тыныштығы!

Қазақ филологиясы кафедрасының доценті,

ҚТӘ 11-02 топ студенттерінің эдвайзері Ж.Б.Саткенова,

3-курс студенттері А.Исламғалиев, М.Қайыртайұлы

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Яндекс
ҚазҰУ 80. Менің университетім (Таңдамалы эсселер)
facebook twitter Vkontakte Mail.ru
Хабарландыру
Конференцияға қатысу және материалдарды жариялау үшін сұраныстар жасау мерзімдері:


«Аударматану мен әдеби компаративистиканың өзекті мәселелері» Әр жылдың 5 ақпанына дейін

«Абай және қазіргі заман» Әр жылдың 5 сәуіріне дейін

«Мәдениетаралық коммуникация және әдеби компаративистика» Әр жылдың5 мамырына дейін

«М.Әуезов және әлем әдебиеті» Әр жылдың5 қыркүйегіне дейін

«Қабдолов оқулары» Әр жылдың 15 қарашасына дейін

Ыстықкөл форумы «Ш.Т.Айтматов және әлем әдебиеті» Әр жылдың 01 мамырына дейін .
Баннерлер