Бөлімдер
open all | close all
Мұрағат
Күнтізбе
Апрель 2013
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Мар   Май »
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30  

Апрель 2013

Cерік Қирабаев. АБАЙ — ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ КЛАССИГІ

С. Қирабаев

Адам баласының бәріне ортак дүниежүзілік мәдениет әрбір халықтың алдыңғы қатарлы ой-пікірлерінен, ұлы ақындар мен ойшылдардың творчестволық байлығынан құралатыны белгілі. Ұлылар өз халқының рухани мәдениетін бүкіл дүниежүзілік озық үлгілерімен табыстырып, оған өз ұлтының өзіне ғана тән ерекшеліктерін, ой-пікір байлығын, сөз өнерінің үлгісін қосады. Абай — қазақ халқының осы топқа қосқан ұлы ақыны, классигі. Оның мазмұны жағынан аса терең, гуманистік-философиялық ой-толғамдарға бай, адамдықты ардақтап, оның рухын биікке көтерген оптимизмге толы жарқын творчествосы кешегіні бүгінгіге жалғастырған алтын көпір сияқты өзінің туған халқын, сол арқылы өзі бауыр тұтқан адам баласының бәріне ерекше қызмет етіп келеді. Ол біздің халықтың ұлттық оянуына, сана-сезімінің көтерілуіне, әдебиеті мен мәдениетін жаңа сапада қалыптастыруға, қазақтың әдеби тілін орнықтыруға барынша мол еңбек сіңірді. Сондықтан біз оның ұлт мәдениетіндегі орнын өзі тектес ұлылармен ғана салыстыра қараймыз. Әсіресе, біздің аузымызға ақынның өзі ұстаз тұтқан, шығармаларынан көп тәлім алып, аударған Пушкин түседі. Толығырақ »

Мекемтес Мырзахметов. АБАЙ ӨМІРБАЯНЫ — АБАЙТАНУДЫҢ ІРГЕЛІ САЛАСЫ

М. Мырзахметов

Қазақ әдебиетінің теңдесі жоқ ұлы классигі Абай (Ибраһим) Құнанбаевтың өмірбаянын толығырақ білу тілегі мен қажеттілігі ойшыл ақын қайтыс болған соң-ак, көп ұзамай қолға алынды. Жалпы қазақ ақындарының арасында тұңғыш рет Абайға ғана баспасөзде арнайы өмірбаяндық деректер беріле бастады.

Бұл салада Абайдың тұңғыш биографы — Қәкітай Ысқақұлы. Қәкітай ұлы ақынның немере інісі болуы себепті 12 жасынан бастап тікелей Абай тәрбиесінде өсті. Ес біліп есейген шағынан бастап Абай өмір сүрген ортаның сыры мен қырын танып, ақын өмірінде орын алған елеулі оқиғалардың бәріне де тікелей араласты. Қөптеген Абай шығармаларының дүниеге келу сыры мен жазылу себептерін де өз ортасында кімнен болса да анағұрлым жетік білді. Абай өлеңдерінің қай жылы жазылғанын анықтау   жолында да көп еңбек сіңірді. Толығырақ »

Бақыт Ғабдуллин. АБАЙ ЖӘНЕ СОКРАТ

Абай творчествосының қалыптасуына, өсуіне, жетілуіне үш мәдениет өріс, түркін, негіз болғанын, атап айтқанда, біріншісі — қазақ халқының көптеген ғасырлар бойы баспасы жоқтығына қарамастан, халық жадында, санасында сақтап келген рухани мәдениеті (ғажайып ертегілер, лирикалық және қаһармандық эпостар, әдет-ғұрыптар туралы жырлар, шешендік сөздер, халық композиторлары мен ақындарының, сал-серілерінің, т. б. мұралары); екіншісі — Шығыс халықтарының, әсіресе, араб, парсы, түрік тілдес — азербайжан, өзбек, қырғыз, татар, т.б. елдердің; үшіншісі — орыс халқының және сол арқылы Европа мәдениеті екенін М. О. Әуезов дәлелеп берді.        Толығырақ »

Ғаббас Тоғжанов. АБАЙДЫҢ ӨМІРІ, ӨСКЕН ОРТАСЫ, АЛҒАН ТӘРБИЕСІ

Ғ. Тоғжанов

Абайдың өмір баяны Мұхтар мақаласында өзгелердікіне қарағанда, толығырақ жазылған. Мұхтар Абайдың арғы атасы Ырғызбай, онан бергі Өскенбай, өз әкесі-Құанабай — осылардың өмірінен де едәуір мағлұмат береді. Абайдың өмірін осылай әріден бастап, ата заманымен байланыстыра, бергі балалық, жігіттік, онан соңғы ел адамы -Тобықтының биі болған заманынан да көп мағлұмат береді. Абай өмірі туралы ілгрі-соңды жазылған мақалалардың ішіндегі көлемдісі, тарихи мағлұмат, фактілердің көбі де осы Мұхтар мақаласы. Мұхтар мақаласы, әсіресе, Абайдың ата тегін, өскен ортасын, алған тәрбиесін, Абайдың ел ісінде билік құрып, ел ақсақалы, болыс, би болған жөнінде тарихшылдарға көп қызықты, керекті материал береді. Қазақстан баспасынан Мұхтар мақаласын қысқартпай, түгел басуының да үлкен бір себебі осы болуы керек. Толығырақ »

facebook twitter Vkontakte Mail.ru
Хабарландыру
Конференцияға қатысу және материалдарды жариялау үшін сұраныстар жасау мерзімдері:


«Аударматану мен әдеби компаративистиканың өзекті мәселелері» Әр жылдың 5 ақпанына дейін

«Абай және қазіргі заман» Әр жылдың 5 сәуіріне дейін

«Мәдениетаралық коммуникация және әдеби компаративистика» Әр жылдың5 мамырына дейін

«М.Әуезов және әлем әдебиеті» Әр жылдың5 қыркүйегіне дейін

«Қабдолов оқулары» Әр жылдың 15 қарашасына дейін

Ыстықкөл форумы «Ш.Т.Айтматов және әлем әдебиеті» Әр жылдың 01 мамырына дейін .
Баннерлер