Бөлімдер
open all | close all
Мұрағат
Күнтізбе
Март 2013
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Фев   Апр »
  1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

Март 2013

Мұхтар Әуезов. ПУШКИН МЕН АБАЙ

М. Әуезов

Отанымыздың өткен замандағы екі ұлы ақыны — Пушкин мен Абайдың бір-бірімен творчестволық жақындығы, поэзиядағы екеуінің ақындық өнер үйлестігі ұлы орыс халқы мен қазақ халқының терең достығынан, бұл екі халықтың да алдында тұрған озат арманынан, игі нысанынан туды. Қазақ халқының қалың бұқарасы орыс халқының қалың бұқарасымен достық көзқараста болғаны, орыс халқын аға санағаны сияқты озық пікірлі орыс әдебиетін, оның Пушкин сынды данышпан өкілін Абай да өзіне үлгі, мектеп деп білді. Сондықтан Абай ақындық еңбегінің бірсыпырасын тек орыстың классик поэзиясын қазақ тіліне аударуға жұмсайды. Байрон, Гете сияқты өзге европалық елдер классиктерінен бірер өлеңді аударса, оны да Абай Лермонтовтың аудармаларынан алып қазақшылайды. Анық орыс классиктерінен Абайдың аударғандары — Крыловтың бір топ мысалдары, Пушкиннің «Евгений Онегинінен» үзінділері және Лермонтовтан жасаған көп аудармалар. Тағы бір, жалғыз өлеңді Буниннен аударған. Толығырақ »

Бақытжан Майтанов. АБАЙ ТҰЛҒАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ

Б. Майтанов

Әлемде кіші халықтар жоқ, ұлы әдебиеттің барлығы — көбімізге мәлім бір ақиқат. Белгілі бір ұлттың арман-мүддесі, барша рухани өмірі, қуанышы мен қасіреті әдебиет арқылы көрініс табады. Әдебиет – сол халықтың ар-ұжданы, өркениетті адамзат алдындағы сән-тұлғасы, тарихтың қатал сынынан қаймықпай өтетін киелі мұрасы.

Орыстар үшін Пушкин, өзбектер үшін Науаи, итальяндықтар үшін Данте қандай қасиетті саналса, Абай есімі жер жүзіндегі түбі бір, түгел қазақ үшін Алатаудай асқақ, Шыңғыстаудай құдіретті! Ол – жалпы адамға тән қымбат ақиқатты өз елінің тыныс-тіршілігінен тауып, күлте-жалын келістіре жырлай білген шын мәніндегі ұлттық ақын, тізе қағыстырар теңдесін кезіктіре берместей терең ойшыл. Толығырақ »

Тәкен Әлімқұлов. ЖҰМБАҚ ЖАН

Т. Әлімқұлов

Жүрегіңнің түбіне терен, бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.

Абай.

Осы екі жол — теңізшінің тарланына жеткізбейтін мұхиттың тұңғиық түбіндей. Бұл тұңғиықта бір күнде, бір айда, бір жылда шешілетін құпия жатқан жоқ, ғасырлар шешетін, бәлки, шеше жататын жұмбақ жатыр.

Абай Құнанбаев сынды ұлы ақындардың мағынасы терең мұрасы бір кезеңнің, бір дәуірдің еншісінде қалмайды. Оған ауыспалы ұрпақтар өз көзқарасын білдіріп өз бағасын бере жатады. Мазмұнды өмірбаянның, мәністі творчествоның қыры мен сыры дәуірлердің барысында ашыла түседі. Талдауға таусылмас әдеби мұраны былай қойып, Пушкин мен Лермонтовтың өлімі туралы тың деректерді еске алсақ, айтылмыш шындыққа күмән қалмайды. Толығырақ »

Бақытжан Майтанов. АБАЙ ЖӘНЕ УАҚЫТ ТҰҒЫРНАМАСЫ

Б. Майтанов

Уақыт пен кеңістік ұғымының ауқымы шексіз. Екеуі − Сиам егізіндей ажырымайтын субстанциялар. Оларды қайсыбір сәттерде ғана шартты түрде арнайы қарастыруға болады. Алайда тамырлас арналар алшақтап кете алмайды.

Көркем әдебиет – уақыт пен кеңістіктің шағын моделі. Оны дүниеге әкелу үшін де мекеншақ (хронотоп) өлшемі керек, оның мазмұндық құрылымы да әр алуан мекеншақ қатынастарына негізделмек. Шығарманы қабылдау кезеңдері де мекеншақ ерекше-ліктерімен сабақтас. Тегі, уақыт және ке-ңістіктің перцептуалдық бейнесін әдебиет мекеншақ тағандарына табан тіреп тұрып сомдайды. Толығырақ »

Хайыржан Бекхожин. АБАЙ және «ДАЛА УАЛАЯТЫ»

Х. Бекхожин

Ұлы орыс халқының демократияшыл интеллигенциясының игі идеяларымен тәрбиеленген Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай сынды қазақтың алғашқы ағартушы-жазушылары XIX ғасырдың екінші жартысында жазба ұлт әдебиетінің негізін салды.

Қазақ ақындары мен жазушылары өздерінің шығармаларын Қазан, Петербург және басқа қалаларда бастырып шығарып тұрды. Мысалы, 1862 жылдан 1900 жылға дейін 80-нен аса қазақша кітап басылып шықты.

Халықтың санасын ояту үшін баспасөздің таптырмайтын күшті құрал екендігін ұғынған қазақ оқығандары өткен ғасырдың 90 жылдарында қазақтың өз тілінде күнделікті баспасөз (газет пен журнал) шығарып тұру туралы мәселе көтерді. 1905 жыл қарсаңындағы Россиядағы революцияшыл жалпы қозғалысқа қазақ халқы да үлес қосты. Толығырақ »

Мұратбек БӨЖЕЕВ. «ЕВГЕНИЙ ОНЕГИН» АБАЙ АУДАРМАСЫНДА

М. Бөжеев

Қазақтың ұлы ақыны Абайдың толып жатқан ау­дарма еңбектері бары көпшілікке мәлім. Абай басқа халықтардың ақындары шығармаларын қалай аударды, оларды өзінің ақындық ісіне қалай пайдаланды, бұл жөнінде Абай қандай тәртіп қолданды? Ол тек қана аудармашы ма? Болмаса өзіне тән өзгешелігі бар ма? Бұл — әлі толық шешілмеген, Абай шығармаларының терең мағыналарын толығырақ түсіну үшін маңызы зор, қадағалап зерттеп, пікір айтуды керек ететін мәселе.

     Абай басқа ақындардың сөздерін бұлжытпай аударуға өте шебер, бірақ ол аударған шығармаларды сөзбе-сөз тәржімалауды үнемі құнттап отырмайды. Ақынның аудармалары көбінесе еркін аударма, кейде аударма деп жүрген өлеңдерді аударма деп айту да қиын. Абайдың бір езгешелігі — бір өлеңді тәптіштеп аударып жатудан гөрі сол өлеңнің сюжеті, тақырыбы сарындарын ғана пайдалануды көбірек құнттайды. Абай бұл жөнінде  тек аудармашы ғана емес, ол — бас­қа ақын-жазушылардың шығармаларынан ғибрат алушы, өз ақындық өзгешелігіне қарай өзге ақын үлгісінен пайдаланушы. Ақын өзге ақынның керекті шығармаларын аударғанда, өз ақындығына үнемі үйлестіре отырады. Толығырақ »

Темірғали Нұртазин. АБАЙ ЖӘНЕ ӘДЕБИ ЖАСТАР

Т. Нұртазин

«Ғасырлап жасасаң, ғасырлап үйрен!» деген орыс мақалында даналық терең мән бар. Үйренбейтін жан жоқ. Озық жазушылар да, өрен ғалымдар да өмірін тынымсыз үйренуде өткізеді. Өйткені өмір шексіз мұхиттай болса, білгірдің білгірінің бар аңдап парықтағаны  тамшыдай ғана.

Сондықтан жас қалам қайраткерлерінің үлгілі ақын, жазушылардан, алдымен Абайдан үйренуге талпынуы заңды нәрсе.

Үйрену қайткенде жемісті болмақ?

Үйренушінің ұстазынан асып түсуі ықтимал, бірақ ұстазынан аумай ұқсауы мүмкін емес. Заманы басқа Абайды былай қойып, бір тойға қатысқан екі ақын түрлі қуанады. Соған орайлас дәл сол тойға арналған шығармалары да екі түрлі болмақ. Толығырақ »

Төлеген ТӘЖІБАЕВ. Абайдың психологиялық көзқарастары

Т. Тәжібаев

Қазақ халқының XIX-ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген данышпан ақыны Абай ол кезде правосыздықта, езушілікте болған, бірақ бостандық сүйгіш, талантты өз халқының аңсаған арманы мен үміт-тілегін жан-тәнімен жырлады.

Абай ұлы ағартушы болды, ол ұлы орыс халқының прогресшіл мәдениетін үлгі етіп ала отырып, өз халқын ағарту ісіне, ғылым мен мәдениетке қажымай-талмай үгіттеді.

Қазақ халқын мәдени-экономикалық және саяси жағынан артта қалған, реакцияшыл мұсылмандық шығысқа бағыттаған панисламистердің, пантуркистердің және басқа әр түсті ұлтшылдардың тілегіне қарсы, ол өз халқын революцияшыл Россияға, оның сол кездің өзінде-ақ ғылымның, искусство мен әдебиет табыстарының теңдесі жоқ үлгісін дүние жүзіне танытып отырған данышпан өкілдері бар озат мәдениетіне бағыттады. Толығырақ »

facebook twitter Vkontakte Mail.ru
Хабарландыру
Конференцияға қатысу және материалдарды жариялау үшін сұраныстар жасау мерзімдері:


«Аударматану мен әдеби компаративистиканың өзекті мәселелері» Әр жылдың 5 ақпанына дейін

«Абай және қазіргі заман» Әр жылдың 5 сәуіріне дейін

«Мәдениетаралық коммуникация және әдеби компаративистика» Әр жылдың5 мамырына дейін

«М.Әуезов және әлем әдебиеті» Әр жылдың5 қыркүйегіне дейін

«Қабдолов оқулары» Әр жылдың 15 қарашасына дейін

Ыстықкөл форумы «Ш.Т.Айтматов және әлем әдебиеті» Әр жылдың 01 мамырына дейін .
Баннерлер