Февраль 2013
Ысқақ ДҮЙСЕНБАЕВ. ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ КЛАССИГІ
Қазақ әдебиетінің классигі Абай (Ибраһим) Құнанбаевтың әдеби мұрасын жинау, жариялау, зерттеудің өзіндік күрделі тарихы бар екендігі баршаға аян. Кемеңгер ақынның шығармаларын кепшілікке тарату ісі тек совет жылдарында ғана мықтап қолға алынды, ал оларды зерттеу, тексеру де ғылыми жолға қойылды. Абайдың үлкенді-кішілі жинақтары үздіксіз бірінен соқ бірі жарық көріп жатты. Мәселен, таңдамалы басылымдары 10 рет, ал толық жинақтары да 10 мәртебе жарияланды. Біз қазақ тілінде басылып шыққандарын ға-на сөз етіп отырмыз. Толығырақ »
Герольд БЕЛЬГЕР. АБАЙ МЕН ГЕТЕ
Нұрын, сырын көруге
Көкірегінде болсын көз.
Абай
Мен өзімді кейде Абайды түсініп-түйсінетін деңгейге жақындап жүргендей сезінемін. Бұл жерде мәселе әлбетте «мен» есімдігінде емес, «түсініп-түйсінетін» деген тіркесте болып отыр. Толығырақ »
Мұзафар ӘЛІМБАЕВ. АБАЙДЫ ҚАЙТАЛАП ОҚЫҒАНДА
Қазақтың қазіргі бір әдебиетшісі осыдан он бес-жиырма жылдай бұрын кезекті бір мақаласында Абайтану ғылымының аяғына шықтық, ұлы ақынның үлкен мұрасын зерттеу осымен тамамдалды деген сияқты пікір айтты.
Меніңше, ешбір әдеби классик те, еліне тұлға болған ақыл-ой иелері де ешуақытта егжей-тегжей зерттеліп тынбайды. Дүниеге толқын-толқын боп келіп жататын дүйім ұрпақтар ондай ұлы тұлғаларынан өз керегін, — рухани тірегін іздейді, сол үшін зерттейді. Олардың кемеңгерлігінің де, тереңдігінің де, адамгершілік асылдығының да ғажаптығы сонда — әр ұрпақ өзі іздегенін табады. Әйтпесе, ол ұлттық ақыл-ойдың басындағы ұлы көсемі де атанбас еді. Өз дәуіріне ғана, немесе үш-төрт буынға ғана ілесе алуға әзер жарағандар классик те атанбас еді. Гәп осында. Ендеше, Шекспир, Байрон, Гете, Пушкин, Абайлар… әрбір жаңа ұрпақтың алдындағы көш басшысы боп алға тарта береді! Толығырақ »