Бөлімдер
open all | close all
Мұрағат
Күнтізбе
Февраль 2017
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Дек    
  1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28  

Жарқын жаңалықтар

Қанипаш Мәдібай. ҚИЫР ШЫҒЫСТА ДА ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ СӨЙЛЕДІК

       Өткен 2014 жылдың 11-25 желтоқсан күндері Корея Республикасындағы 56 шет тілінде сабақ жүргізілетін Ханкук университетінің Орталық Азияны зерттеу институтында ғылыми байланыстар бағытында арнаулы тақырыптарда танымдық басқосулар өткізу және кәсіби тәжірибе алмасу мақсатында шақырту алып, қазақ тіл білімі кафедрасының профессоры Дина Ақбергенқызы Әлкебаевамен бірге ғылыми тағылымдамадан өтіп қайттық. Толығырақ »

ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ОРТАҚ МӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ

     2015 жылы 21 мамырда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Абай институты базасында қазақ әдебиетінің тарихы мен теориясы кафедрасы және аударма теориясы және әдіснамасы кафедрасы бірлесіп «ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ОРТАҚ МӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ» деген тақырыпта дөңгелек үстел өткізді. Толығырақ »

Cәуле Жусанбаева. ҚазҰУ-ДЕЙ УНИВЕРСИТЕТ ҚАЙДА

     Орта мектепті бітіруші жастардың алдында таңдау көп болады. Орта мектеп түлектері ең алдымен, әрине, болашақта кім болатынын, қандай мамандық бойынша жоғары білім алатынын ойлайды. Соған орай әр жас үшін қайда, қандай жоғары оқу орнында және қандай мамандық бойынша оқитынын дұрыс таңдаудың өмірлік маңызы бар. Толығырақ »

«ҰЛТТЫҚ ИННОВАЦИЯ ЖӘНЕ ҚАЗАҚТАНУ» ТАҚЫРЫБЫНА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ

2015 жылдың 30 наурыз күні  философия және саясаттану факультеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасы және «Ақиқат» журналы редакциясымен бірігіп ұйымдастырылған «Ұлттық инновация және қазақтану» атты тақырыптағы халықаралық дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелді филос.ғ.д., профессор, философия және саясаттану факультетінің деканы – Масалимова Алия Рмгазиевна ашып, ары қарай филос.ғ.д., профессор, дінтану және мәдениеттану кафедрасы меңгерушісі А.Д.Құрманалиева жүргізді. Толығырақ »

ҚАРТТАР – АСЫЛ ҚАЗЫНАМЫЗ!

Қарттар үйі… Атауы қатал болғанымен, мұнда ата-әжелердің аялы алақаны мен ақ батасы бар. Бұл үй мұңды көздерге, сарғайған сағынышқа, ұқсас тағдырларға, өзекті өртер өкінішке толы. Қарттар үйі… Бұл – қатты жүректі жібітетін, ұйықтап жатқан мейірім мен адамгершілікті оятатын орын. Толығырақ »

ТАРИХ — ҒАСЫРЛАР КУӘСІ

     Биылғы жылдың еліміздің тарихындағы, халқымыздың тағдырындағы алатын орны ерекше. Биыл біздің мемлекетіміздің, яғни Қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл. Осыған орай әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің дайындық кафедрасында оқитын қазақ диаспора өкілдерінің тыңдаушылары арасында «Тарих — ғасырлар куәсі» атты сайыс кеші өтті. Толығырақ »

ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕР ҰРПАҚҚА ҰЛАҒАТ

     Бүгінгі таңда білім берудің негізгі мақсаты – білім алушының тек қана білімін, біліктілігін, дағдысын қалыптастыруға қол жеткізу ғана емес, ұлттық тәрбие негізінде ертеңгі қоғамның белсенді азаматын қалыптастыру. Бұл дегеніміз — ата-бабаларымыздан келе жатқан ұлттық санамызда, рухымызда, болмысымызда өзіндік қолтаңба ретінде қалыптасқан ұлттық өнерімізді насихаттау. Толығырақ »

«АБАЙТАНУ» республикалық оқу-әдістемелік семинары

SAM_25342015 жылы 2-3 сәуір күндері Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультеті университет жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтының базасында «Абайтану» атты республикалық оқу-әдістемелік семинар өткізді.

Семинар бағдарламасына сәйкес тыңдаушыларға Абай ғылыми-зерттеу институтының директоры, филология ғылымдарының докторы Жанғара Дәдебаев, ҚазҰУ профессорлары, әдебиеттанушы-ғалымдар Қанипаш Мәдібаева, Темірғали Есембеков, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың профессоры Рахымжан Тұрысбеков, ғалым Дандай Ысқақов абайтанудың заманауи мәселелері, абайтану тарихы бойынша дәріс оқыды. Орта мектептің «Абайтану» пәнінің мұғалімдеріне арналған семинарда инновациялық мазмұн, инновациялық технологиялар қарастырылды. Сондай-ақ семинарда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Абай ҒЗИ-дің сайтының құрылымы таныстырылып, абайтану бойынша қосымша материалдар ұсынылды. Толығырақ »

ЖҮРЕКТЕН ШЫҒАР ЖЫЛУЛЫҚ

       «Жүректің таза болғаны – жамандықтың қаза болғаны»,- деген екен ата-бабаларымыз, игілікті іс жасау – ізгі жүрек ісі. Демек әр адам жеке тұлға және ол жүрегіне жақсылық ұялатып, айналасын нұрландыру үшін өзінің мүмкіндіктері мен міндеттерін толық және дұрыс атқаруы тиіс. Жастарымыздың жанына нұр құятын, ізгілікке баулитын, бір-біріне қолұшын беруге дағдыландыратын, адамгершілікті асқақтату мақсатында жасалып жатқан жобалар аз емес. Соның бірі — көпшілік қолдауына ие болған университетіміздің ректоры, академик Ғалымқайыр Мұтанұлы Мұтановтың «Айналаңды нұрландыр» әлеуметтік жобасы. Толығырақ »

Аудармашы тәжірибесімен бөлісті

Сағындықова17Жақында ҚазҰУ-дың аударма теориясы және әдіснамасы кафедрасының ұйымдастыруымен университет түлегі,  белгілі аударматанушы ғалым, аудармашы, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының аға ғылыми қызметкері НАҒИМА Сағындықовамен шығармашылық кездесу өтті.   Толығырақ »

facebook twitter Vkontakte Mail.ru
Хабарландыру
Конференцияға қатысу және материалдарды жариялау үшін сұраныстар жасау мерзімдері:


«Аударматану мен әдеби компаративистиканың өзекті мәселелері» Әр жылдың 5 ақпанына дейін

«Абай және қазіргі заман» Әр жылдың 5 сәуіріне дейін

«Мәдениетаралық коммуникация және әдеби компаративистика» Әр жылдың5 мамырына дейін

«М.Әуезов және әлем әдебиеті» Әр жылдың5 қыркүйегіне дейін

«Қабдолов оқулары» Әр жылдың 15 қарашасына дейін

Ыстықкөл форумы «Ш.Т.Айтматов және әлем әдебиеті» Әр жылдың 01 мамырына дейін .
Баннерлер