Бөлімдер
open all | close all
Мұрағат
Күнтізбе
Июль 2016
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Июн    
  1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 28 29 30 31

«АБАЙТАНУ» республикалық оқу-әдістемелік семинары

SAM_25342015 жылы 2-3 сәуір күндері Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология факультеті университет жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтының базасында «Абайтану» атты республикалық оқу-әдістемелік семинар өткізді.

Семинар бағдарламасына сәйкес тыңдаушыларға Абай ғылыми-зерттеу институтының директоры, филология ғылымдарының докторы Жанғара Дәдебаев, ҚазҰУ профессорлары, әдебиеттанушы-ғалымдар Қанипаш Мәдібаева, Темірғали Есембеков, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың профессоры Рахымжан Тұрысбеков, ғалым Дандай Ысқақов абайтанудың заманауи мәселелері, абайтану тарихы бойынша дәріс оқыды. Орта мектептің «Абайтану» пәнінің мұғалімдеріне арналған семинарда инновациялық мазмұн, инновациялық технологиялар қарастырылды. Сондай-ақ семинарда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Абай ҒЗИ-дің сайтының құрылымы таныстырылып, абайтану бойынша қосымша материалдар ұсынылды.

«Талдықорған қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№2 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Л. Байсова,  Алматы облысы, Іле ауданы, Н.Тілендиев ауылындағы №26 орта мектебінің мұғалімі Р. Атабаева, Көкөзек Алматы облысы, қарасай ауданы Көкөзек орта мектебінің мұғалімі К. Кемелова  өз тәжірибелерімен бөлісіп, жүргізген сабақтары бойынша әдістемелік кеңестерін айтып өтті.SAM_2515

Тыңдаушыларға «Абайтану» оқу-әдістемелік семинарының бағдарламасын толық игергені туралы арнайы сертификат берілді. Тыңдаушылардың семинар бағдарламасы бойынша дайындаған әдістемелік зерттеу жұмыстары мақала түрінде Абай институтының вебсайтында https://abai-inst.kz/ және «Абай институтының хабаршысы» журналында жарияланады. Семинардың орта мектеп мұғалімдері үшін берері мол болды.

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Яндекс
facebook twitter Vkontakte Mail.ru
Хабарландыру
Конференцияға қатысу және материалдарды жариялау үшін сұраныстар жасау мерзімдері:


«Аударматану мен әдеби компаративистиканың өзекті мәселелері» Әр жылдың 5 ақпанына дейін

«Абай және қазіргі заман» Әр жылдың 5 сәуіріне дейін

«Мәдениетаралық коммуникация және әдеби компаративистика» Әр жылдың5 мамырына дейін

«М.Әуезов және әлем әдебиеті» Әр жылдың5 қыркүйегіне дейін

«Қабдолов оқулары» Әр жылдың 15 қарашасына дейін

Ыстықкөл форумы «Ш.Т.Айтматов және әлем әдебиеті» Әр жылдың 01 мамырына дейін .
Баннерлер