«ҰЛТТЫҚ ИННОВАЦИЯ ЖӘНЕ ҚАЗАҚТАНУ» ТАҚЫРЫБЫНА АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ
2015 жылдың 30 наурыз күні философия және саясаттану факультеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасы және «Ақиқат» журналы редакциясымен бірігіп ұйымдастырылған «Ұлттық инновация және қазақтану» атты тақырыптағы халықаралық дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелді филос.ғ.д., профессор, философия және саясаттану факультетінің деканы – Масалимова Алия Рмгазиевна ашып, ары қарай филос.ғ.д., профессор, дінтану және мәдениеттану кафедрасы меңгерушісі А.Д.Құрманалиева жүргізді. Дөңгелек үстел мәжілісінің жұмысының басты бағыттарымен: 1) филос.ғ.д., профессор Молдабеков Ж. Ж. «Қазақстандық жетілудің басты мүдделері: Мәңгілік Ел және қазақтану ұстанымы»; 2) Гюнтер Шлее, Макс Планк әлеуметтік антропология институтының профессоры «Мәдени интеграция батыс модернизациясының контекстінде»; 3) Иоганн Рау (ФРГ), профессор Академии Ведущих Кадров Бундесвера, «Проблемы нации и национальных меншинств» деген тақырыптарға баяндама жасалды. Аталған дөңгелек үстелге «Ақиқат» журналының бас редакторы Аманхан Әлімұлы, жоғары мектептің белгілі ғалымдары, оқытушы-профессорлары қатысты. «Қазақ халқы және вестернизация», «Қазақстандағы инновациялық саясаттың жүзеге асыру жолдары», «Қытайдағы қазақтану жөніндегі зерттеулер», «Ұлттық инновация және қазақ тілі», «Оқу үрдісін жаңарту – ұлттық инновацияны дамытудың кепілі», «Тұлғалық танудың негіздері мен бағыттары» сияқты маңызды мәселелер талқыланды.
Философия және саясаттану факультеті деканының атынан филос.ғ.д., профессор Молдабеков Ж. Ж. дөңгелек үстелді ұйымдастыруға қатысқан ғалымдарға, оқытушыларға алғыс алғыс хат табыс етті.
Философия және саясаттану факультеті,
дінтану және мәдениеттану кафедрасының
профессоры, филос.ғ.д. Молдабеков Ж. Ж.,
1,2 курс PhD докторанттары