Мұрағат
Өлсе өлер табиғат, адам өлмес


Өлсе өлер табиғат, адам өлмес,
Ол бірақ қайтып келіп, ойнап-күлмес.
«Мені» мен «менікінің» айрылғанын
«Өлді» деп ат қойыпты өңкей білмес.
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған.
Өлді деуге сия ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған?
Кім жүрер тіршілікте көңіл бермей,
Бақи[1] қоймас фәнидің[2] мінін көрмей,
Міні қайда екенін біле алмассың,
Терең ойдың телміріп соңына ермей.
Дүниеге дос ақиретке бірдей болмас,
Екеуі тап бірдей боп орныға алмас.
Дүниеге ынтық, мәғшарға[3] амалсыздың
Иманын түгел деуге аузым бармас.

ҚазҰУ 80. Менің университетім (Таңдамалы эсселер)
Маман даярлау ісі
Хабарландыру