Бөлімдер
open all | close all
Мұрағат
Күнтізбе
Май 2018
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Фев    
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31  

Өкінішті көп өмір кеткен өтіп

Өкінішті көп өмір кеткен өтіп,

Өткіздік бір нәрсеге болмай жетік.

Ойшылдың мен де санды бірімін деп,

Талап, ойсыз, мақтанды қалдым күтіп.

 

Үлгісіз жұртты үйретіп, қалдық кейін,

Көп надандар өзіне тартар бейім.

Арылмас әдет болды күлкішілдік,

Ыржың-қылжaң ит мінез дегендейін.

 

Тура тілді кісіні дейміз орыс,

Жиреніп жылмаңдықты демес бұрыс.

Жылпылдақтан айрылып, сенісе алмай,

Адамдықты жоғалтар ақыр бұл іс.

 

Сенімі жоқ серменде[1] сырды бұзды,

Анық таза көрмейміз досымызды.

Қылт етпеге көңілдің кешуі жоқ,

Жүрегінде жатады өкпе сызы.

 

Дос-асықтың болмайды бөтендігі,

Қосылған босаспайды жүрек жігі.

Біздің доспыз, асықпыз дегеніміз –

Жалғандықтан жасалған көңіл жүгі.

 

Сеніскен досым да жоқ, асығым да,

Ақыры өлең қылдым, жасыдым да.

Көрмеген көп дүние көл көрінді,

Кірлемеген көңілдің ашығында.

 

Құдай берген бұл достық — кәннің[2] бірі,

Мұңдасқанда қалмайды көңіл кірі.

Қолдан достық жасап ем болар-болмас,

Ит мұрындай наданның жыртты бірі.

 

Сол досты сая таппай іздейді жан,

Жоқтайды күңіреніп, қозғалып қан.

Жау жабылса, бұзылмас жан көрмедім.

Артық жолдас таппадым татулықтан.

 



[1] Сенделіп босқа жүрген адам

[2] Кен, кеніш (рудник) Ауыспалы мағынада мейірімділік бастауы, қайырымдылық, ізгілік; негізгі мағынасында Құдайдың эпитеті.

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Яндекс
facebook twitter Vkontakte Mail.ru
Хабарландыру
Конференцияға қатысу және материалдарды жариялау үшін сұраныстар жасау мерзімдері:


«Аударматану мен әдеби компаративистиканың өзекті мәселелері» Әр жылдың 5 ақпанына дейін

«Абай және қазіргі заман» Әр жылдың 5 сәуіріне дейін

«Мәдениетаралық коммуникация және әдеби компаративистика» Әр жылдың5 мамырына дейін

«М.Әуезов және әлем әдебиеті» Әр жылдың5 қыркүйегіне дейін

«Қабдолов оқулары» Әр жылдың 15 қарашасына дейін

Ыстықкөл форумы «Ш.Т.Айтматов және әлем әдебиеті» Әр жылдың 01 мамырына дейін .
Баннерлер