Бөлімдер
open all | close all
Мұрағат
Күнтізбе
Ноябрь 2017
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Окт    
  1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30  

ҰЛТТЫҚ МӘДЕНИЕТ БАСТЫ БАЙЛЫҚ

Ықылым заманнан ата-бабамыз Отан, ұлт және мәдениет мәселелерін басты орынға қойып, осы игі түсініктерді жас ұрпақ санасына сіңіріп, олардың маңыздылығын көрсетуге барынша назарын аударған әрі тырысқан. Сайын далада еркін тыныстап, еркін өмір салтын ұстанған қазақ бұл ұғымдардың аса маңызды екенін біліп, санасына терең бойлатқан. Яғни, ұлттың пайда болып, дамуы үшін белгілі кеңістік қажеттілігі анық, оны сол ұлтқа ортақ Отан делік, ұлттың ұлттылығын айшықтайтын негізгі түсінік-мәдениет. Осылай үш ұғым бір-бірімен біте қайнасып, ортақ түсінік қалыптастырады.

Айтпағым, қазіргі жаһандану заманында, жасырары жоқ, өзгенің қаңсығы өзімізге таңсық болғалы қашан, осы арада ұлттық құндылықтарымызды да ысыра, тіпті, ұмыта бастаған сияқтымыз. Әрине, әлемнің төрт бұрышымен тең мәдениет формаларын ұстанған, өзара мәдениеттің үздік үлгілерін алмасқанның да айыбы жоқ, дей тұрғанмен де , өзге әлем ұсынған жоғары мәдениеті-мыс өзімізге жат емес пе?! Себебі, әр мәдениет үлгісі белгілі бір факторлар әсерімен қалыптасады, осы тұрғыдан алып қарағанда батыстық индивидтік құндылықтар мен қазаққа тән қауымдық рухани мәдениеттің арасы жер мен көк. Ел алдында намыс-ұят, ар мәселелері басқа материалдық құндылықтардан аса жоғарылығы, өз аеліне деген қамқорлық сезімі кез-келген қазаққа тән. Ал жеке бас мүддесіне негізделген, шартты түрде материалдық игіліктерге басты орын беретін өзге мәдениеттерде ар-ұят мәселесі айтарлықтай орынға ие болмасы анық. Бұндағы ойым, өзгені белгілі бір деңгейде түсіру емес-ті, сана-сезім түсінік негіздерінің тым алшақ болуы- айтуға тұрарлық маңызды мәселе. Ғылыми орта ерекшеліктерінің бірі- әр нәрсенің екі жағын да тең құқықты қарастыру. Ортақ қоғам мүдделерін жоғары қойып өзіндік өмірлік мақсаттарынан бас тартқан кездерімізде болған шығар, себебі ортақ мүдде жеке мүддеден маңыздырақ. Екінші жағы адам ойының еш кедергісіз практика жүзінде жүзеге асуы-пайдалы жайт, бірақ өзгенің мүддесін бұзбағанына кім кепіл бола алады?!

Зейнуллин Р.

Мәдениеттану мамандығының 3 курс студенті

Жетекшісі: Кобекова Б.К.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистрі

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Яндекс
facebook twitter Vkontakte Mail.ru
Хабарландыру
Конференцияға қатысу және материалдарды жариялау үшін сұраныстар жасау мерзімдері:


«Аударматану мен әдеби компаративистиканың өзекті мәселелері» Әр жылдың 5 ақпанына дейін

«Абай және қазіргі заман» Әр жылдың 5 сәуіріне дейін

«Мәдениетаралық коммуникация және әдеби компаративистика» Әр жылдың5 мамырына дейін

«М.Әуезов және әлем әдебиеті» Әр жылдың5 қыркүйегіне дейін

«Қабдолов оқулары» Әр жылдың 15 қарашасына дейін

Ыстықкөл форумы «Ш.Т.Айтматов және әлем әдебиеті» Әр жылдың 01 мамырына дейін .
Баннерлер