Пн | Вт | Ср | Чт | Пт | Сб | Вс |
---|---|---|---|---|---|---|
« Окт | ||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | ||
6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |
20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 |
27 | 28 | 29 | 30 |
«Абайтану» Ғылыми-әдістемелік семинары
Жақында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институты Тараз инновациялық гуманитарлық университетінде «Абайтану» атты республикалық ғылыми-әдістемелік семинарын өткізді. Семинар ұлы Абай шығармашылығын зерттеу, оқыту және насихаттау мақсатында дәстүрлі түрде жүргізіліп келеді. Ғылыми-әдістемелік жиынға ТИГУ оқытушылары мен ғалымдары, сондай-ақ, Тараз қаласы орта мектеп, гимназияларының «Абайтану», «қазақ әдебиеті», «қазақ тілі» пәндерінің мұғалімдері қатысты. Семинар бағдарламасы 48 сағатқа есептелген Тыңдаушыларға Абай ҒЗИ-дың ресми сайты, «Абайтану. Таңдамалы еңбектер» көптомдық басылымы таныстырылды, абайтану бойынша кейбір өзекті мәселелер талқыға салынды. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы ұлттық бірегейлік мәселесі Абай Құнанбаев есімімен тығыз байланысты екендігі туралы мәселе қозғалды. Осы бағытта «абайтану» курсын ЖОО-лардағы гуманитарлық мамандықтардың бәріне де жүргізудің өзектілігі атап өтілді.
Семинарды Абай институтының ғылыми қызметкерлері өткізді. Семинарға қатысқан тыңдаушыларға «Абайтану» ғылыми-әдістемелік семинарының бағдарламасын толық игергені туралы сертификат берілді. Тыңдаушылардың семинар бағдарламасы бойынша дайындаған әдістемелік зерттеу жұмыстары мақала түрінде Абай институтының вебсайтында https://abai-inst.kz/ жарияланады.
Ләйла Мұсалы, ҚазҰУ-дың доценті