Бөлімдер
open all | close all
Мұрағат
Күнтізбе
Май 2017
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Апр    
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31  

«БҰҰ моделі – Жаңа Жібек Жолы 2017» Халықаралық конференциясы өз жұмысын бастады

Биыл Қазақстан Республикасы мен Орталық Азия мемлекеттерінің БҰҰ-ға мүше болғанына 25 жыл. Осыған орай, бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде БҰҰ «Академиялық ықпалдастық» бағдарламасының Жаһандық хабы ретінде Орталық және Оңтүстік Азия аумағындағы «БҰҰ Жаңа Жібек жолы моделі» (MUN-NSW 2016) атты ірі халықаралық студенттік конференцияның ашылу салтанаты өтті. Конференцияға Үндістан, Пәкістан, Ауғанстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінің делегаттары, сондай-ақ АҚШ, Италия, Франция және т.б елдердің студенттері қатысуда.1111

«БҰҰ моделі» – бұл ой талқылау және студенттік конференция режимінде өтілетін танымал әлемдік бағдарлама. Бұл жаңа идеялар, пікірлер, әсер тудыратын, өзін-өзі дамыту мен өз ойын білдіруге бірегей мүмкіндіктер беретін, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін, ой-сана мен жаңашыл ойлануды танытып әрі дамытатын үздік мектеп саналады. Халықаралық деңгейде өткізіліп отырған конференцияның негізгі мақсаты – студенттердің бойына  көшбасшылық және дипломатиялық қарым-қатынас қасиеттерін сіңіру.

Салтанатты пленарлық отырысқа БҰҰ өкілдері, шетел елшіліктерінің дипломаттары, Алматы қаласының әкімдігі қатысты.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ БҰҰ «Академиялық ықпал» жаһандық Хабына және Орталық Азиядағы тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО өңірлік Хабына жетекшілік жасайды. Осы орайда университет ректоры Ғалым Мұтанов мұндай әлемдік деңгейдегі жауапты іс-шараның әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында өткізілуінің маңыздылығын атап өтті.

Ал, конференцияға қатысушы шетелдік студент-жастар ұйымдастырушыларға өз алғыстарын жеткізді.

Конференцияға алғаш рет қатысып отырған «Қырғыз-Түрік Манас» университетінің студенті Толгоной Маматова: «Қырғыз жастары мен қазақстандық жастардың ұқсастығы көп. Екі ұлттың да жастары жалынды, пейілдері кең, қонақжай болғандықтан, Қазақстанды еш жатырқамай, жақын тартып кеттім» дей келе, өзге ұлт өкілдерімен танысып, тәжірибе алмасып жатқандығын қуана жеткізді.

Алдағы 2 күнде «UN Security Council – “Drug Trafficking as a Threat to Security in Central Asia»; «General Assembly – “Global Migration as the reflection of employment challenges as well as other trends ( SDG-4, SDG – 8)»; «Human Rights Council – “Modern Slavery and the Issue of Forced Labor (SDG – 10)»; «Environmental Assembly – Pollution in Central Asia (SDG – 13, SDG -14, SDG – 15)»; «International Court of Justice – “Legal Regulation of Cyberspace (SDG – 16)»; «ЮНЕСКО – “Свобода Слова и Влияние СМИ на Самосознание Людей (SDG – 16)» бағыттары бойынша әлемдік кәсіби тренерлер конференцияға қатысушыларға ағылшын және орыс тілдерінде семинар-тренинг өткізеді. Қонақтарды Алматының көрікті жерлерімен таныстырып, экскурсия ұйымдастыру жоспарланып отыр. Аталмыш конференция 30 мамырға дейін жалғасын табады.

 

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

Студенттік баспасөз орталығы

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Яндекс
facebook twitter Vkontakte Mail.ru
Хабарландыру
Конференцияға қатысу және материалдарды жариялау үшін сұраныстар жасау мерзімдері:


«Аударматану мен әдеби компаративистиканың өзекті мәселелері» Әр жылдың 5 ақпанына дейін

«Абай және қазіргі заман» Әр жылдың 5 сәуіріне дейін

«Мәдениетаралық коммуникация және әдеби компаративистика» Әр жылдың5 мамырына дейін

«М.Әуезов және әлем әдебиеті» Әр жылдың5 қыркүйегіне дейін

«Қабдолов оқулары» Әр жылдың 15 қарашасына дейін

Ыстықкөл форумы «Ш.Т.Айтматов және әлем әдебиеті» Әр жылдың 01 мамырына дейін .
Баннерлер