Бөлімдер
open all | close all
Мұрағат
Күнтізбе
Декабрь 2016
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Июн    
  1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

АБАЙТАНУДАҒЫ АЛЫП АДЫМ

АбайӘл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Қазақ университеті» баспасынан «Абайтану. Таңдамалы еңбектер» деген атпен он томдық басылым жарық көрді. Он томдық университет жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтында «Абай Құнанбаевтың шығармашылық мұрасын пәнаралық зерттеу» бағдарламасы аясында дайындалған, баспаға университеттің филология факультеті Ғылыми кеңесі және Редакциялық-баспа кеңесі шешімімен ұсынылған. Басылымның ғылыми-редакциялық кеңесі мына құрамда жұмыс жасаған: Ж. Дәдебаев (төраға), Ө. Әбдиманұлы, З. Бисенғали, Т. Есембеков, Б. Жақып, А. Жақсылықов, Қ. Мәдібаева, Ж. Молдабеков, З. Сейітжанов, Ә. Тарақ, А. Темірболат, Ж. Тілепов, Р. Тұрысбек. П. Бисенбаев (хатшылар тобының жетекшісі), И. Әзімбаева (жауапты хатшы), Ә. Жапарова (хатшы). Басылым томдарын құрастырып, олардың түсініктерін жазғандар: П. Бисенбаев, Е. Кәрібозов, Л. Мұсалы, Н. Нұрәділ.

Абайтану саласында жарық көріп отырған он томдық таңдамалы еңбектер Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Абай туралы сөз» толғауымен ашылған.

«Абайтану» — ғылым пәні әрі оқу пәні. «Абайтанудың» негізі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетінде, оның ішінде қазақ әдебиеті кафедрасында қаланды, осы жерде қалыптасты, оның негізін қалаған, қалыптастырған – Мұхтар Омарханұлы Әуезов.

«Абайтану» ғылым пәні ретінде де, оқу пәні ретінде де түрлі кезеңдерді бастан өткерді. Он томдықта сол кезеңдердің түрлі ғылым салалары бойынша таңдамалы деген еңбектері ғана көрініс тапқан. Басылымның ғылыми-редакциялық кеңесінің айтуына қарағанда, он том болып жарық көріп отырған еңбектер жиырма бес том болатын еңбектер ішінен іріктелініп алынған. Әңгіме барысында орыс тіліндегі еңбектер де жиырма бес том көлемінде дайындалғанын, оларды іріктеп, таңдамалы деген еңбектерді бападан басып шығарудың мүмкіншілігі қарастырылуда екенін білдік.

Көп томдық «Абайтану» орта мектептің жоғары сынып оқушылары мен жоғары мектепте білім алушы жастарға, ғылым мен білім, мәдениет мамандарына, мемлекет қызметкерлеріне, сондай-ақ Абай әлеміне терең бойлағысы келген көпшілікке арналған және елдің ынтымағы мен бірлігінің нығаюына, интеллектуалдық әлеуетінің артуына, қоғамдық сананың дамуына ықпал етеді.

«Абайтану. Таңдамалы еңбектер» — әлеметтік өміріміздегі елеулі құбылыс, абайтану ғылымының ғылыми-ақпараттық қорын, базасын жасау ісіндегі айтарлықтай жетістік. Ғылыми-редакциялық кеңестің пікірінше, «Абайтану. Таңдамалы еңбектер» жобасын толық іс жүзіне асыру абайтану ғылымының тарихындағы алып адым болмақ.

 

Сәуле Жусанбаева,

қазақ тіл білімі кафедрасының доценті

 

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Яндекс
facebook twitter Vkontakte Mail.ru
Хабарландыру
Конференцияға қатысу және материалдарды жариялау үшін сұраныстар жасау мерзімдері:


«Аударматану мен әдеби компаративистиканың өзекті мәселелері» Әр жылдың 5 ақпанына дейін

«Абай және қазіргі заман» Әр жылдың 5 сәуіріне дейін

«Мәдениетаралық коммуникация және әдеби компаративистика» Әр жылдың5 мамырына дейін

«М.Әуезов және әлем әдебиеті» Әр жылдың5 қыркүйегіне дейін

«Қабдолов оқулары» Әр жылдың 15 қарашасына дейін

Ыстықкөл форумы «Ш.Т.Айтматов және әлем әдебиеті» Әр жылдың 01 мамырына дейін .
Баннерлер