Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Ақпан 2015
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жк
«    
  1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28  
Сауалнама

Біздің сайттың жұмысына қандай баға бересіз?

Нәтижесі

Загрузка ... Загрузка ...

Баубек Бұлқышев. АБАЙ ЖӘНЕ ПУШКИН

223617_1497825633_279_Bulkyshev_Baubek

Баубек Бұлқышев

Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба,
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге…
(А б а й)

Қазақ әдебиетінің іргесін қалаушы, көркем сөздің шебері, ақын Абай — қазақтың көркем әдебиетін жаңа жолға салуда, оны өркендетіп, өсіруде үлкен еңбек сіңірген кісі. Сондықтан да ол өзіне дейінгі ақындарға, өзіне дейінгі әдебиетке, әсіресе қазақтың поэзиясына көз салды.
Ол кезде қазақ елінде өлеңнің қадірі айтарлықтай емес еді. Ірі тұқымнан, байлардан, билерден, шыққан жастар өлеңге әуестенбейтін, өлеңшілік нашар адамдардың күн көруі үшін әр сөздің басын қосып айтатын жарапазаны деген ұғымда болатын. Міне, соларға Абай төңкеріс жасады. Сондықтан ол:

Бұрынғы ескі биді тұрсам барлап,
Мақұлдап айтады екен сөз қосарлап.
Ақындары ақылсыз надан келіп,
Көр-жерді өлең қыпты жоқтан қармап,
Қобыз бен домбыра алып топта сарнап
Мақтау өлең айтады әркімге арнап,
Әр елден өлеңменен қайыр тілеп
Кетірген сөз қадірін жұртты шарлап, -

деп жырлады. Ол өлеңді өте қадірледі, өлеңнің таза өлең болуы үшін күресті.
Абай — мәдениетті ақын. Ол — шығыс әдебиетін зерттеп, шығыс ақындарының шығармаларын оқумен бірге Европаның мәдениетіне де, Европаның әдебиетіне де сусындаған ақын.
Абай орыстың белгілі ақын жазушылары Пушкин, Лермонтов, Некрасов, Толстой, ұлы демократ сыншылар Белинский, Чернышевский,
Европа ақындарынан Гете, Байронды және басқаларын оқиды.
Орыстың бай әдебиетін, ірі ақын-жазушыларын қазақ халқына таныстырады.
Ол Пушкиннен, Лермонтовтан, Крыловтан бірнеше аудармалар жасап,
оларды қазақ әдебиетінің қорына әкеп қосты. Әсіресе, Абайдың сүйіп аударғаны орыстың ұлы ақыны Пушкин шығармалары болды. Пушкиннің өлеңмен жазылған «Евгений Онегин» романынан, лирикалы өлеңдерінен аударма жасады. Оларды түсінікті тілмен қазақ халқына жеткізіп берді.
Қазақ халқы ең бірінші рет Пушкинді Абай арқылы таныды.
Біздің елімізде Абай мен Пушкин еңбектері өте қадірлі, олардың
әдебиет тарихында алатын орны өлшеусіз зор.

Октябрь балалары. — 1939 жылғы 29 май.
Бұлқышев Баубек.Заман біздікі. — Алматы: Жалын,1980. — 382-383-б.
Дайындаған Қалыш Сәния,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенті

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Яндекс
facebook twitter Vkontakte Mail.ru
Хабарландыру
Конференцияға қатысу және материалдарды жариялау үшін сұраныстар жасау мерзімдері:


«Аударматану мен әдеби компаративистиканың өзекті мәселелері» Әр жылдың 5 ақпанына дейін

«Абай және қазіргі заман» Әр жылдың 5 сәуіріне дейін

«Мәдениетаралық коммуникация және әдеби компаративистика» Әр жылдың5 мамырына дейін

«М.Әуезов және әлем әдебиеті» Әр жылдың5 қыркүйегіне дейін

«Қабдолов оқулары» Әр жылдың 15 қарашасына дейін

Ыстықкөл форумы «Ш.Т.Айтматов және әлем әдебиеті» Әр жылдың 01 мамырына дейін .
Баннерлер