Бөлімдер
open all | close all
Мұрағат
Күнтізбе
Октябрь 2017
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Сен    
  1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31  

Алла деген сөз жеңіл

Алла деген сөз жеңіл,

Аллаға ауыз қол емес.

Ынталы жүрек, шын көңіл,

Өзгесі хаққа жол емес.

 

Дененің барша қуаты

Өнерге салар бар күшін.

Жүректің ақыл суаты

Махаббат қылса тәңірі үшін.

 

Ақылға сыймас ол алла,

Тағрипқа[1] тілім қысқа аһ[2]!

Барлығына шүбәсіз,

Неге мәужүт[3] ол куә.

 

Ақыл мен хауас[4] барлығын

Білмейдүр жүрек, сезедүр,

Мұтәкәллимин[5] мантикин[6]

Бекер босқа езедүр.

 

 



[1] Тағрип, тағриф(арапша) түсіну, білу, анықтау

[2] Аһ (арапша) – бұл жерде амал жоқ, қайран деген мағынада

[3] Мәужүт (арапша) – бар нәрсе

[4] Хауас (арапша) – сипаты, сапа түрі, бұл жерде адамның сезім мүшелері мағынасында

[5] Мұтакәллимин (арапша) – сөйлеушілер, бұл жерде дінді дәлелдеушілер

[6] Мантикин (арапша) – бұл жерде терең ой, қисынды сөзді (логика) ғылымына жетік адамдар

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Яндекс
facebook twitter Vkontakte Mail.ru
Хабарландыру
Конференцияға қатысу және материалдарды жариялау үшін сұраныстар жасау мерзімдері:


«Аударматану мен әдеби компаративистиканың өзекті мәселелері» Әр жылдың 5 ақпанына дейін

«Абай және қазіргі заман» Әр жылдың 5 сәуіріне дейін

«Мәдениетаралық коммуникация және әдеби компаративистика» Әр жылдың5 мамырына дейін

«М.Әуезов және әлем әдебиеті» Әр жылдың5 қыркүйегіне дейін

«Қабдолов оқулары» Әр жылдың 15 қарашасына дейін

Ыстықкөл форумы «Ш.Т.Айтматов және әлем әдебиеті» Әр жылдың 01 мамырына дейін .
Баннерлер