Бөлімдер
open all | close all
Мұрағат
Күнтізбе
Июнь 2016
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Май   Дек »
  1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30  

8-Июнь, 2016

Құрметті зиялы қауым!Қымбатты әріптестер!

Абай2016 жылы 14 маусым күні сағ.14.00-де Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтында «АБАЙТАНУ. ТАҢДАМАЛЫ ЕҢБЕКТЕР. ОН ТОМДЫҚ» басылымының тұсаукесер рәсімі өтеді.

Абайтану ғылыми-зерттеу институтының «Абай Құнанбаевтың шығармашылық мұрасын пәнаралық зерттеу» атты ғылыми жобасы аясында жарық көрген бұл құнды кітаптар қазақ руханиятының  зор игілігіне айналмақшы. Абайтану ғылымының тарихындағы бүкіл зерттеу еңбектер жүйеленіп, жинақталған бұл онтомдық қазақ әдебиеттануы, абайтануы тарихындағы ірі әдеби оқиға, айтулы белес болып отыр.

Тұсаукесер рәсімі аясында Абай институтының ресми сайты (https://abai-inst.kz/), сондай-ақ, институттың ғылыми жобасы аясында жарық көрген басқа да еңбектер жөнінде ақпарат беріледі.

Сіздерді «АБАЙТАНУ. ТАҢДАМАЛЫ ЕҢБЕКТЕР. ОН ТОМДЫҚ» (Алматы: Қазақ  университеті, 2015-2016) басылымының тұсаукесер рәсіміне шақырамыз.

Өтетін уақыты: 14 маусым, сағ. 14.00

Өтетін жері: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, филология және әлем тілдері факультеті,  Абай ғылыми-зерттеу институты, 310 аудитория

facebook twitter Vkontakte Mail.ru
Хабарландыру
Конференцияға қатысу және материалдарды жариялау үшін сұраныстар жасау мерзімдері:


«Аударматану мен әдеби компаративистиканың өзекті мәселелері» Әр жылдың 5 ақпанына дейін

«Абай және қазіргі заман» Әр жылдың 5 сәуіріне дейін

«Мәдениетаралық коммуникация және әдеби компаративистика» Әр жылдың5 мамырына дейін

«М.Әуезов және әлем әдебиеті» Әр жылдың5 қыркүйегіне дейін

«Қабдолов оқулары» Әр жылдың 15 қарашасына дейін

Ыстықкөл форумы «Ш.Т.Айтматов және әлем әдебиеті» Әр жылдың 01 мамырына дейін .
Баннерлер