Бөлімдер
open all | close all
Мұрағат
Күнтізбе
Декабрь 2012
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Ноя   Янв »
  1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31  

Декабрь 2012

Мұхтар Мағауин. АБАЙДЫҢ БЕЛПСІЗ ӘҢГІМЕСІ

Қазақтың қасиетін тану Абайды танудан басталмақ. Халқымыздың сөз өнерін зерделеу Абай тағылымын бағамдаудан байқалмақ. Абай — қазақ тарихындағы қайталанбас сом тұлға. Абай биігі — халқымыздың көркемдік ой-танымында ешкім жетпеген заңғар. Университет қабырғасында дәрісін тындап журген кезімізде ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің өзінің: «Менің тілімде Абай тілінің мәдениеті бар», — деп балаша мақтанғаны көкейде қалыпты. Толығырақ »

Сапар Байжанов. АБАЙҒА ҚАТЫСТЫ КЕЙБІР АРХИВ ДЕРЕКТЕРІ

Еліміздің архив қазыналарын нысаналы мақсатпен, мұқият зерттеген күнде, Абай жайлы архив документтері әлі де болса көптеп табылуы мүмкін. Айталық, соңғы жылдарда филология ғылымының кандидаты Б. Асылжанов Ленинградтағы СССР тарихы архивінен Абайдың 1898 жылғы оқиғаға байланысты сенатқа жазған хатын тапқаны жайында баспасөз бетінде жария етті («Қазақ әдебиеті» газеті, 1981 жылғы 24 апрель). Толығырақ »

Сейіт ҚАСҚАБАСОВ. «ЕСКЕНДІР» ПОЭМАСЫНЫҢ СЮЖЕТТІК НЕГІЗІ

Қазақ әдебиеттану ғылымында Абайдың поэмалары сөз болғанда, «Ескендір» поэмасының сюжеттік негізін Низамидің «Ескендір-намасына» телиді. Шынында да солай ма?

Низамидің шығармасында Абай «Ескендірін» еске түсіретін мынадай бір сюжет бар: Толығырақ »

Шәмшиябану Сатпаева. АБАЙ ЖӘНЕ ЕВРОПА ХАЛЫҚТАРЫ ӘДЕБИЕТІ

Қазақ әдебиетінің басқа елдер әдебиетімен, оның ішінде Европа халықтары әдебиетімен қарым-қатынас, байланыс тарихында ұлы классик, данышпан ақын Абай Құнанбаевтың (1845-1904) орны ерекше. Ұлы ақын еңбектерінің биік ысаналы өрісінің тағы бір қыры — М.О. Әуезов өзімен айтсақ: «өзінде Европа, өзі Европада боп, қарға тамырлы боп байланысқаны… Бұл белгі — сүйсінерлік нағыз ірі белгі». Қазақ филологиясының абайтану  саласында  М.О.  Әуезов  айқындап  кеткен ғылыми концепция бойынша «дана ақынның өз халқынан және жалпы адам баласының өнер-ой байлығынан алған үлкен салалы түп-төркіні барын байқаймыз: Мұның біріншісі — қазақ халқының есте жоқ ескі заманнан жиып, өсіріп келген өз даналығы, халықтың ауыз әдебиет қоры, ақын Абай осы қордан көп нәр алып, сол арқылы өз өлеңін көп көркейтті. Толығырақ »

facebook twitter Vkontakte Mail.ru
Хабарландыру
Конференцияға қатысу және материалдарды жариялау үшін сұраныстар жасау мерзімдері:


«Аударматану мен әдеби компаративистиканың өзекті мәселелері» Әр жылдың 5 ақпанына дейін

«Абай және қазіргі заман» Әр жылдың 5 сәуіріне дейін

«Мәдениетаралық коммуникация және әдеби компаративистика» Әр жылдың5 мамырына дейін

«М.Әуезов және әлем әдебиеті» Әр жылдың5 қыркүйегіне дейін

«Қабдолов оқулары» Әр жылдың 15 қарашасына дейін

Ыстықкөл форумы «Ш.Т.Айтматов және әлем әдебиеті» Әр жылдың 01 мамырына дейін .
Баннерлер