Ноябрь 2012
Сағат Әшімбаев. АҚЫН ЖАНЫН ЖАБЫРҚАТҚАН ЖАЙЛАР
Бір кісі емес, жазғаным жалпақ жұрт қой,
Шамданбай-ақ, шырақтар, ұқсаң жарар.
«Ит маржанды не қылсын» деген сөз бар,
Сәулесі бар жігіттер бір ойланар.
Абай Толығырақ »
Ғабит МҮСІРЕПОВ. ОЙ ӨМІРІНІҢ ӨРІСІ МЕН БИІГІ
Қазақ халқының жарқын болашағы үшін алысып өткен ұлы ақыны Абай — бір елдің белгілі бір ғасырдағы ой өмірінің өрісі мен биігін көрсететін ақындардың қатарына қосылады.
Алысты болжаған терең ойдың, үлкен сарынның ақыны Абай алды-артын шолып, қазақ халқының жалғыз әдебиеті емес, бүкіл рухани мәдениетінің келешегіне жөн сілтеп кетті. Абай өз заманынан анағұрлым биік тұрған ақын еді. Ол өз заманы мен ез елінің қайғы-мұңын көтергенде соны тарихи даму жолындағы бар адам баласының тақырыбына айналдыра алды. Толығырақ »
Темірғали НҰРТАЗИН. АБАЙ ЖӘНЕ ОРЫСТЫҢ КЛАССИКАЛЫҚ ӘДЕБИЕТІ
Абайға деген балалық қызық шақ қысқа болды. Он үш жасында әкесінің баулуымен ел билеу жұмысына араласқан Абай елдің ортасынан озат шығамын деп ұмтылды. Бірақ тебесі көрінбей, көптің бірі болып, өзін қоршаған қарымсыз ортаның ұйығына малшына берді. «Қөңілдің кірлемеген ашығында көп дүниені көл…» деп жүрген Абай қырыққа келгенде өзінің «соқтықпалы, соқпақсыз жерде» екенін анық аңғарып, достан да, дұшпаннан да торығып, үміт артқандарының бәрінен түңіліп келіп: Толығырақ »
Айқын Нұрқатов ӨЛЕҢ — СӨЗДІҢ ПАТШАСЫ, СӨЗ САРАСЫ
Өткірдің жүзі, Кестенің бізі
Өрнегін сендей сала алмас.
Абай.
1
Сөз өнері әр халықтың рухани өсуінің, өмірі мен тағдырының көркем шежіресі, жан сыры ретінде танылумен бірге оның мақтанышы, даңқы болып та табылады. Әр халықтың елдік сипаты, жарқын қасиеттері ең алдымен оның әдебиетінде терең елес береді. Поэзия — адам баласының мәдениетін дамытудағы ең қуатты, құдіретті кұралдардың бірі. Ежелден бері поэзия көктеп өсудің, күрес пен жеңістің, жаңғырып жасарудың белгісі болып келеді. Қай халықтың поэзиясы да бұған айқын мысал бола алады. Осынау тамаша қасиет біздің поэзиямызда да мол. Абай поэзиясына және одан кейінгі кезеңде реалистік арнада, жаңашылдық бағытта дамыған поэзиямызға мұның әсіресе жанасымдылығы бар. Толығырақ »
Р. Бердібаев. ЖАҢА ЖАЗБА ӘДЕБИЕТІМІЗДІҢ НЕГІЗІН САЛУШЫ
- 1. КЕМЕҢГЕРЛІК КЕЛБЕТІ
Жаңа жазба әдебиетіміздің негізін салушы, данышпан ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбаевтың қайтыс болғанына 80 жыл толуы тұсында жұртшылық өзінің ұлы перзентінің мәдени рухани тарихымыздағы орнын, өлмес шығармаларын, ізгі өнегесін келелі кеңес тақырыбы етуі табиғи. Өйткені Абай мұрасы мәңгілік мәнін жоймайтын, әр заманда да әсері азаймайтын, уақыт озған сайынтерең сырлары ашыла түсетін, бүгінгі мен болашақтың сан буынын тәрбиелейтін ұлттық байлығымыз. Қандай ұлы ақиқатты да әр қауымның құлағына құйып, санасына сіңіріп, үздіксіз үлгі тұтып, ардақтап, насихаттап отырмаса, мәдени жалғастық баяулап, дәстүріміздің тұтастығына нұқсан келмек. Толығырақ »
Б. Кенжебаев. АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ СОҢҒЫ БАСЫЛУЫ ТУРАЛЫ
Абай шығармаларының соңғы баспасы 1954 жылы, ұлы ақынның қайтыс болғанына елу жыл толуына байланысты екі том болып шықты. Оны Қазақ ССР ғылыми академиясының Тіл және әдебиет институтының ғылыми қызметкерлері (З. Ахметов, И. Дүйсенбаев, Ғ. Әбетов) баспаға әзірлеген. Абай шығармаларының алғашқы(әсіресе 1909, 1933 жылдардағы) баспаларын жеке адамдар басқарды және олар арап, латын әріптерімен басылды, советтік әдебиет ғылымы, соның ішінде Абайды зерттеу ғылымы әлі жетілмеген, жасалмаған кезде шықты. Толығырақ »
Б. Кенжебаев. АБАЙ ТУРАЛЫ ПІКІРЛЕР
Луначарский: «Әр бір данышпан адам, сөз жоқ, қандай да болсын бір әлеуметтік ұлы өзгерістің, әлеуметтік ұлы ілгерілеудің нәтижесі, жемісі», — дейді. Олай болса ақын Абайды туғызған қандай әлеуметтік өзгеріс, қандай әлеуметтік ұлы ілгерілеу? Толығырақ »
Х.Сүйіншәлиев. АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ
(1845-1904)
Қазақ халқының тұтас бір дәуірінің ақыл-ойы мен мәдениетінің, өнері мен әдебиетінің асқар шыңын бейнелейтін кемеңгері Абай Құнанбаев — өз ұлтының реалистік гуманистік жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, қазақ поэзиясын қоғамдық дамудың озық деңгейіне бағыттап, өз кезінің ең басты мәселелерін дәл бейнелеп, дұрыс қорытынды шығара білген прогресшіл ақын. Ол халқының болашағы үшін жан аямай қызмет етті, оны мәдениет нұрына үндеді. Белгілі бір тарихи кезеңнің алға қойған сұрауына жауап беріп, елінің әдебиет көшін зор мақсатқа меңзеді. Толығырақ »