Бөлімдер
open all | close all
Мұрағат
Күнтізбе
Ноябрь 2011
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Янв   Дек »
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30  

Ноябрь 2011

Н. Ә. Назарбаев. АБАЙ ТУРАЛЫ СӨЗ

N.A.NAZARBAEV

Н.Ә. Назарбаев

Абайдың 150 жылдығына арналған салтанатты мәжілісте, 1995 жылғы тамыздың 9-да жасаған баяндамасы

Ардақты отандастар! Қадірлі меймандар!
Бүгін — ұлы мереке. Халқымыз ең аяулы перзенті мен ең дана ұстазына мәңгі өшпес махаббатын білдіруге жиылып отыр. Оның дүниеге келгеніне әр он жыл толған сайын осылай бас қосып, өткеніміз бен кеткенімізді, жеткеніміз бен жетпегенімізді бір сарапқа салып алу әлдеқашан әдетімізге айналған. Соның әрқайсысында Абайдың аты жаңаша асқақтап, халқымыздың мәртебе-мерейі жаңа биікке көтерілумен келеді. Бір кезде абзал ақынымыздың асыл мұрасының таптық идеология табанында тапталып қалмай, жаңа ұрпақтармен бірге жасайтын мәңгілік құбылысқа айналғанына куандық. Сосын онын қадір-касиетінің өз аумағымызбен шектеліп қана қоймай, іргелес халықтар мен елге де кеңінен танымал бола бастағанына масаттанып, марқайдық. Ал бұл жолғы сүйінішіміздің жөні тіпті бөлек. Ол үшін бір-бірімізді куана құттықтап, бір-бірімізден шүйліге сүйінші сұрасақ та, ешкандай ерсілігі болмас еді. Толығырақ »

М. Әуезов. ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛЫ АҚЫНЫ

Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма.

Абай болашақ ұрпаққа сөзін осылай арнады. Бұл өткеннің кұлазыған ғасырларынан өзіне бейтаныс, басқа, бірақ жарқын болашаққа сенімді жол салған ақынның айтқан сөзі еді. Даланы торлаған надандық түнегіне ол шам-шырақтай сәуле төкті және таңы атып, күні шығатын жаққа апаратын жолды өз халқына талмастан көрсетті.
Иә, өзі өмір кешкен және өлең жазған ғасыр үшін Абай жұмбақ болды. Ал ол біз үшін жұмбақ па?
Біз Абайды қазір қараңғы жұмбақ ретінде емес, қазақ әдебиетінің шам-шырағы ретінде қабылдаймыз. Социалистік ұлы Отанның өзара ортақ идеяларымен, күресімен, жеңістерімен туысып кеткен халықтары Абайды қастерлеп еске алады. Толығырақ »

Ә. Бөкейханов. АБАЙ (Ибраһим) ҚҰНАНБАЕВ

Абайтану саласы бүгінгі әдеби өмірімізде үлкен ғылыми арнаға айналып отыр. Алайда ұлы кемеңгердің өнері мен творчествосы хақындағы алғашкы зерттеу мақала кашан және қайда жарияланғаны оқырман қауымға онша мағлұм емес. Абайдың өскен ортасы мен творчествосын жүйелеп тұңғыш рет бір ізге салган, Абайтанудың негізін қалаган — Әлихан Бөкейханов. Ол қазақ әдебиеттану саласының үлкен арнасы — Абайтанудың негізін салды. Кәкітай Абай өмірінің бел-белесін, творчестволык жолын, ізденіс бағыттарын саралап, бір жүйеге негіздеп, тұңгыш рет Абай туралы деректі Әлихан Бөкейхановқа жиыстырып береді. Толығырақ »

А. Байтұрсынұлы. ҚАЗАҚТЫҢ БАС АҚЫНЫ

Қазақтың бас ақыны – Абай (шын аты Ибраһим) Құнанбаев. Онан асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ. Ақмола, Семей облыстарында Абайды білмейтін адам жоқ. Ақмоламен сыбайлас Торғай облысында Абайды білетін адам кем, құты жоқ деп айтса да боларлық. Олай болуы сөзі басылмағандықтан, Абайдың сөздері кітап болып басылып шыққанша Абайдың аты да, сөзі де Торғай облысында естілмеуші еді. Ақмола, Семей облыстарында Абайдың атын, сөзін естімедім дегенге недәуір таңырқап қалады. Мен ең әуелі Ақмола облысына барғанымда Абайды білмегеніме, сөзін естігенім жоқ дегеніме таңырқап қалушы еді. Толығырақ »

Федерико Майор. Абай — адамзаттың ақыны

1993- жылдың қараша айында өткен Юнеско ның ХХVІІ-сессиясында осы ұйымға мүше 180 елдің өкілдері Абайдың 150 жылдық мерейтойын лайықты түрде атап өту жөніндегі шешімді бірауыздан қабылдады. Себебі, Абай — әлемдік тұлға. Ол өзінің сезімдерімен ғана оқырмандарға әсер етіп қана қоймай, ұша теңіз білімімен бүкіл адамзаттың санасына данышпандықтың дәнін сепкен ойшыл да кемеңгер ақын. Ол — нағыз ғұлама, әрі тәңірдің өзінен туған әулие десе де болғандай. Оның поэзиясының өне бойынан адамдарға деген сүйіспеншілік пен аяушылық сезімі есіп тұрады. Толығырақ »

Т. Құнанбаев. Әкем Абай туралы

Менің әкемнің биографиясына, керекті сөздерді жинамақшы болған азаматқа, менің әкемнің жалпы әдепті мінезін, салтын көрсетуге замандасының бір жолыққандағы қалпын, түрін, киген киімін, отырған-тұрғанын, сөйлеген сөзін, қуанған не ашуланғанын жазбағым қажет екен. Менің әкемнің замандасында қаламға үйір, көргенін-білгенін қағазға түсіре білері аз болған соң, амалсыз өзім жазбақты мойныма алдым. Әйтпесе, әкесінің әдет-ғұрпын баласы жазбағы, менің білуімше, солақай секілді. Толығырақ »

ӘЛИФБИ

Әлифдек ай йузіңе ғибрат1 еттім, (4)

 Би, бәләи2 дәртіңа3 нисбәт4 еттім.

 Ти, тілімнән шығарып түрлі әбиат5,

Си, сәнаи6 мәдхия7 хүрмәт еттім. Толығырақ »

facebook twitter Vkontakte Mail.ru
Хабарландыру
Конференцияға қатысу және материалдарды жариялау үшін сұраныстар жасау мерзімдері:


«Аударматану мен әдеби компаративистиканың өзекті мәселелері» Әр жылдың 5 ақпанына дейін

«Абай және қазіргі заман» Әр жылдың 5 сәуіріне дейін

«Мәдениетаралық коммуникация және әдеби компаративистика» Әр жылдың5 мамырына дейін

«М.Әуезов және әлем әдебиеті» Әр жылдың5 қыркүйегіне дейін

«Қабдолов оқулары» Әр жылдың 15 қарашасына дейін

Ыстықкөл форумы «Ш.Т.Айтматов және әлем әдебиеті» Әр жылдың 01 мамырына дейін .
Баннерлер