Сентябрь 2013
Қажым Жұмалиев. АБАЙҒА ДЕЙІНГІ ҚАЗАҚ ПОЭЗИЯСЫ ЖӘНЕ АБАЙ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ ТІЛІ
Абай — қазақтың әдебиет тілінің негізін салушы, дамытып, ілгерілетуші дегенде, біздің әдебиетшілеріміздің ескермей жүрген мәселесінің бірі — Абайдың алдындағы әдебиетіміздің тілі қандай еді, онда поэтик тілдерден не бар, не жоқ деген мәселе. Мұны әлі ешкім сөз қылған емес. Абай жөніндегі тексеру-зерттеулерді ақтарсақ, бұл туралы еш нәрсе таба алмаймыз.
Абай — ұлы ақын, кемеңгер ақын дегенде, онан бұрын еш нәрсе жоқ деп қарау дұрыс болмас еді. Абай — өзінен бұрынғы ауыз әдебиетін, жеке ақындардың әдеби мұраларын толық меңгеруімен, өз тұсындағы әдебиетке сын көзімен қарап, кемшіліктерін көре білуімен және кейінгілерге үлгі аларлық мұра қалдыруымен Абай. Толығырақ »
Айгүл Ісімақова. АБАЙ МҰРАСЫ – БҮГІНГІ РУХАНИ ҚАЖЕТТІЛІК
Әр әдебиетте сол әдебиеттің шыңы — ойлау жүйесінің көркемдік үлгісі, шынайы рухани көркем кұндылықгардың сәтті бейнелеуінің түрі болып қала беретін тұлғалы шығармашылықтар бар. Осылар — А.Байтұрсынұлы айтқан дарынды сөз жүйесі. Дүниежүзілік әдебиетте бұл құбылыс Шекспир, Гете, Абай, Бальзак, Сервантес, Пушкин, Толстой, Достоевский, Шәкәрім, Алаш әдебиеті шығармаларында бүкіл адамзатқа қажет рухани ойлардың талқылауын ортаға салумен іске асырылды. Осы әдебиет — А.Байтұрсынұлы айтқан «адамның, елдің, яки бүкіл жұрттың келіссіз істерін, мінездерін, пиғылдарын» айтқанымен де санасы бар адамта рухани тәжірибе ретінде қажет ғибратты мұра. Аталған ойлар Абай шығармаларының тұңғыш теориялық зерттеушісі А.Байтұрсынұлы анықтағандай әуезе, толғау, айтыс, яғни сөздердің айтылу түріне қарай да айқындала түседі. Толығырақ »
Ерхан Кәрібозов. АБАЙТАНУДЫҢ ҚАЗІРГІ АХУАЛЫ
Абайтану мәселесі жылдар бойына зерттеушілер назарынан тыс қалған емес. Қазақ әдебиеті туралы сөз қозғаған зерттеуші, ғалым, ақын, жазушылар сөзінің біссімілләсін Абай шығармашылығынан бастайтыны көзі қарақты оқырман қауымға әбден таныс.
Еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бастап Абай шығармашылығына жаңа көзқараспен пікір айтыла бастады. Қ. Мұқамбетқанов, М. Мырзахметов, З.Ахметов, т.б. Абай шығармашылығының қыр-сыры төңірегінде түрлі бағытта келелі зерттеулер жүргізгені белгілі. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары Абай шығармашылығының кеңес үкіметі кезінде тыйым салынған тұстары жаңа көзқараспен зерделенуде. М. Әуезов бастаған зерттеушілер шоғыры жылдар бойы жабулы күйінде қалған Абайдың ақындық айналасы деген мәселе төңірегінде шәкірттері, балалары Шәкәрім, Ақылбай, Әріп, өзімен үзеңгілес жүрген Байкөкше шығармашылықтары туралы да кеңінен зерттеу қолға алынып жатқаны қуантарлық жайт. Толығырақ »
Мұхтар Мағауин. АБАЙДЫҢ БЕЛПСІЗ ӘҢГІМЕСІ
Қазақтың қасиетін тану Абайды танудан басталмақ. Халқымыздың сөз өнерін зерделеу Абай тағылымын бағамдаудан байқалмақ. Абай — қазақ тарихындағы қайталанбас сом тұлға. Абай биігі — халқымыздың көркемдік ой-танымында ешкім жетпеген заңғар. Университет қабырғасында дәрісін тындап журген кезімізде ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің өзінің: «Менің тілімде Абай тілінің мәдениеті бар», — деп балаша мақтанғаны көкейде қалыпты. Ол кезде «Абайтану» дейтін арнайы курс бар еді, «Абайтану» аталатын өрісті ғылым бар еді.