Апрель 2012
Ә. Тарақов. ГЕТЕ – ЛЕРМОНТОВ – АБАЙ: ОЙ МЕН СЕЗІМ ҮНДЕСТІГІ
Гетенің «Ночная песнь странника» – «Жолаушының түнгі жыры» 1780 жылы 7 қыркүйекте түнде Ильменау маңайындағы Кихельхан тауының басындағы ағаш үй қабырғасына қарындашпен жазылған. Толығырақ »
М. Қожақанова. АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ ӨРІСІ
Абайдың шығармашылық мұрасын тұтас-тай алғанда да, жеке бір туындысын бөліп алып қарағанда да мазмұн мен мағынаның, мәннің байлығы мен тереңдігі ерекше байқалады. Негізінде Абайдың әр сөзінде бай мазмұн бар, мазмұнның түрлі мағынасы бар, одан келіп шыға-тын поэтикалық мән бар. Олардың әрқайсысының мәнісін тану, қабылдау оңай емес. Абайдың әр шығармасының, ақынның өзі айтқандай, «сырты күміс, іші алтын» болып келеді. Басқаша айтсақ, ақын шығармасының пішіні келісті болғанда, мазмұны одан асып түседі. Сондықтан Абайдың шығармасының мазмұны мен мағынасын, мәнін ұғу, түсіну өте қиын. Белгілі бір түсінігі, білім деңгейі жоқ кісі Абайдың сөзін де, ойын да тиісті деңгейде түсіне алмайды. Біздің бұл айтып отырғанымыз Абайды қазақ тілінде оқитын оқырмандардың қайбір тобына қатысты. Ал Абайды қазақ тілінде оқи алмайтындардың Абай туралы түсінігі, Абайдың ақындығы туралы ұғымы мүлде басқаша болуы мүмкін. Осы тұрғыдан келгенде, Абайдың көркемдік әлемін түсіну, оны қабылдау өз алдына зерттеу нысаны болуға лайықты, іргелі ғылыми мәселелердің бірі болып табылады. Толығырақ »
А. Көпбасарова. АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ОРЫС ТІЛІНЕ АУДАРЫЛУЫ
Аудармашы түпнұсқаның мазмұнын, піші-нін саралап білумен бірге оның тууына негіз болған өмір құбылыстарының сипатын да жете тануы қажет. Ақынға, ақынның белгілі өлеңінің тууына негіз болған өмір құбылыстарының тобын танып, таразылай отырып, ақынның ойлау, сезіну даралығын, оның шығармашылық тұрғысы мен нысанасын түсінгенде ғана аудармашының еңбегі шығармашылық дәреже-ге көтеріліп, поэтикалық қасиет иелене алады. Толығырақ »
АБАЙ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ИНСТИТУТЫНЫҢ 2009-2011 ЖЫЛДАРЫ АТҚАРҒАН ЖҰМЫСТАРЫ ТУРАЛЫ
Абай институты 2009 жылы наурыз айында құрылды. Институт үшін филология факультетінен бір аудитория бөлінді. Ол әрі институттың жұмыс орны әрі аудитория ретінде пайдалынылып келеді. Институтқа сол жылы бір компьтер және факс берілді. Институттың қаржылай ресурсының қалыптасуында 2011 жылдан бастап оң өзгеріс болды. Университет ректоры Ғ.М.Мұтанов 2011 жылдың қаңтар айынан бастап институттың айлық жалақы қорын жүз мың теңге көлемінде белгіледі. Қазіргі шақта институтта осы қор шегінде үш штаттық бірлік бар: институттың директоры; жетекші ғылыми қызметкер; кіші ғылыми қызметкер. Ғылыми жобалар саны – 4. Институт жанында мынадай ғылыми-ақпараттық құралдар жұмыс істейді: а) «Абай институтының хабаршысы» журналы (екі айда бір рет шығады); ә) Абай институты веб-сайты. Бірінші аталған ғылыми-ақпараттық құралдың («Абай институтының хабаршысы» журналы) жұмысын институттың штатындағы қызметкерлер жүргізеді. Кейінгі ақпараттық құралдың жұмысын филология факультетінде Абайдың шығармашылық мұрасын зерттеумен, насихаттаумен айналысатын ғалым-зерттеушілер, оқытушы-профессорлар жүргізеді. Толығырақ »
АБАЙ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН
2012 жылы 17 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институтында “Абай және қазіргі заман» деген тақырыпта халықаралық ғылыми-теориялық конференция (үшінші) болып өтті. Толығырақ »