Февраль 2012
Т. Кәкішев. АБАЙТАНУ ТАРИХЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Әдеби мұраны игеру мәселесін әңгімелеген уақытта оны тек ауыз әдебиеті үлгілерімен ғана шектеп қоюға болмайды. Өйткені ол жалпы әдеби мұраның мәнді бір саласы ғана. Біздің ғылыми-сыншылық ойымыздың өркендеу барысында жеке ақын-жазушылардың, тарихта аты қалған дарындардың творчествосына назар көп аударылды.
Әдеби мұраның екінші бір мәнді тармағы — жеке дарындар творчествосы жөнінде айтылған пікірлерді, әрбір ақын-жазушы жайындағы еңбектер мен мақалаларды тізе берудің, кімнің не айтқанын келтіре берудің ғылыми жөн-жосығы болмайтынын ескеріп, сыни-ғылыми ойдың эволюциясын Абай творчествосы төңірегінен көрсеткен абзал. Толығырақ »
Ж. Дәдебаев. АБАЙ АДАМ МЕН ЗАМАН ТУРАЛЫ
Абайдың заманында елдің билігі жаттың қолында болды. Жат жарылқамады. Жамандық көрсе, оны қолымен де, сөзімен де, жүрегімен де түземеді. Билеуші де, билеу жүйесі де қазақ қоғамының дәстүрлі мәдениетіне жат бағытты ұстанды, елді бірлік пен ынтымаққа, жақсылық пен ізгілікке ұйытпай, жамандыққа, надандыққа, жаулыққа жол ашты. Қу мен сұм белең алды. Ар ойлайтын адам азайып, пайда ойлайтын сабырсыз, арсыз, көрсе қызар, жалмауыз жандар шықты. Сырттансынбақ, қусынбақ, өршілденбек бұлардың ажарын ашатын айрықша көрікке айналды. Алашқа сыртынан күліп, ішінде жаулық сақтады, жақынын тіріде аңдып, өлсе өкіріп жылайтын әдет тапты. Терін сатпай, телміріп көзін сатып, теп-тегіс аларман болды. Ұрлықпен мал табатын, егессе, ауыл шабатын құдай атқандар, бойы бұлғаңдар, сөзі жылмаңдар, басында ми жоқ, өзінде ой жоқ, күлкішіл кердең надандар қатар түзеді. Толығырақ »
Ө. Әбдиманұлы. АБАЙ ЖӘНЕ АЛАШ
Қай халықтың болмасын белгілі бір тарихи кезеңде өнері мен әдебиеті, яғни бүкіл мәдени болмысы өзгеше бір биікке көтеріліп, кейінгі өрлеу мен дамуға кең жол ашары сөзсіз. Ендеше біздің қазақ халқының тарихында да сондай кезеңдердің бар екендігі шындық. Қазақ халқының руханияттық дамуында осындай толағай өзгерістер мен ерекше серпілістердің көзге айрықша шалынар сәті — ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басы.
Қос ғасырдың тоғысар тұсында «Ғылымды іздеп, дүниені көздеп» екі жаққа үңілген ұлы Абай, халықты өркениеттің өріне алып шығар амалды тапты. Ол ғылым мен білім, өнер үйрену жолы еді. Замананың тұрпатын, ұлт тұрмысының кемшілікті тұстарын Абайдай көре білген, ұлы ақындай таныған жан кемде-кем. Абай жасампаздығының мәңгілігі мен өнерінің өрістілігі осында жатса керек. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасыр басындағы Абай феномені – қазақ ұлтының өркениеттік болмысындағы орны айтып болмас ұлы құбылыс! Толығырақ »
З.Бисенғали. АБАЙ ЖӘНЕ ӘУЕЗОВ
Абай қара сөздерiнiң «Абай жолы» эпопеясында қолданылуы әуезовтанудағы ірі проблемаларды деректі негізде қозғауға және даңқты эпопеясын жазу жолындағы М.Әуезовтің шығармашылық лабораториясына енуге, оның әлi белгісiздеу жатқан астарларына көз жiберуге мүмкiндiк бередi.
Абай қара сөздерi мен «Абай жолы» арасындағы байланыстарды анықтау үшiн эпопеяда байқалған мазмұндық сәйкестiк пен өзгешелiктердi салыстыра қарастырғанда біраз жайлар айқындалады. Қаламгер романда қарасөздерi қаз қалпында да, мазмұн мен мағына, ой әуендерiн сақтай өзгерте де колданылады. Әр әрекеттің астарынан ұлы жазушының көркем мазмұнға артатын алуан түрлі ой, тұспалдары байқалады. Қара сөздер — ұлы гуманистiң болмыс пен тiршiлiк, табиғат пен адам өмiрі, қоғам мен заман, сенім мен сезік, дін туралы философиялық ойлары мен толғаныстарының нәтижесi. Бұл шығармаларды ұлы ақын белгiлi бiр жанр қалыптарын сақтамай, толғаныс, тебіреністерінің үндестігін көздемей, тақырыптарды топтастырмай еркiн жазған. Сонықтан да қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы әр зерттеушi одан өзiне қажет мәндi белгiлердi, ойларды тауып жатады. Толығырақ »
Қ. Мәдібаева. АБАЙ ӨЛЕҢІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ
Абай өлеңі — ақындықтың алуан құбылған мінезі. Сырғыған нұрдан сыр аулап кеудеге қуаныш жайылған сәт. Тылсымға қамалып, тығырыққа тіреліп, болымсызға болдырып отырған шарасыз күй.
Жан жанып, жанарда күн ойнап қайтадан тірілген құштарлық…
Абай жырының өлмейтін өлең мәніндегі құпиясының бірі оның құрылымында. Сол негізде Абайдың өлең құрылысын зерттеу қашан да мәнді.
Кейінгі кезеңде Абай ақындығы, Абай дүниетанымы, Абайдың өмірбаяны, Абайдың әдеби мұрасының зерттелу тарихы тұрғысында елеулі жаңа ғылыми бағыттар айқындала түсіп отыр. Өскен, озған жұрттардың өнегесінде Абайдың ақындық әлеміне біз де түбегейлі бас қою мүмкіндігіне ие болдық. Тарих қазақтың тағдырын сан мәрте талқыға салған тұстарда тұтас танымға тарту мүмкін болмаған Абай ақындығы айналасына барып тірелетін тарихи-әлеуметтік негіздер, көркемдік заңдылықтардың дәстүрлі, жаңашылдық бағыттар аясындағы өрісі қазіргі кезеңде тағы бір саралаудан өтіп, тың пайымдаулармен тұғырлана түсуі – абайтанудың қазіргі кезеңдегі ғылыми нәтижелері әрі келешек зерттеу бағдарлары. Абай ақындығын осы тұрғыда ХІХ ғасырдағы қазақ өлеңінің түрі мен тегі туралы тұғырлы тұтас таным аясында жүйелі ғылыми негізде бағалап, саралаудың өзіндік мәні бар. Толығырақ »
Жалпы мәліметтер
Абай институты әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жанынан 2009 жылы 24 наурызда ашылды. Институт директоры болып Халықаралық жоғары мектеп ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Жанғара Дәдебайұлы Дәдебаев тағайындалды.
Абай институты қызметінің негізгі пәні әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласында іргелі және басым бағыттағы қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу болып табылады.
Институт мақсаты – зерттеу, оқыту, насихаттау жолымен білімді сақтау, жасау және тарату бағытындағы ғылыми, ғылыми-ұйымдастырушылық жұмыстарды үйлестіру.
Қызмет бағыттары:
-абайтану;
-қазақ әдебиеті;
-қазақ филологиясы;
-орыс әдебиеті;
-орыс филологиясы;
-әдебиет теориясы және фольклортану;
-әдеби шығармашылық және көркем аударма;
-әлем әдебиеті;
-гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар саласындағы пәнаралық зерттеулер.
Негізгі міндеттер
— ғылым дамуының маңызды бағыттарында жаңа білім жасаудың, жаңа технологияларды игерудің, ғылыми мектептерді қалыптастыру мен дамытудың негізі ретінде іргелі зерттеулерді басымдықпен дамыту;
-гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар саласында қаржыландырылатын ғылыми зерттеулерге қатысу;
— тиісті бағыттар бойынша мемлекетаралық және халықаралық ғылыми бағдарламаларға қатысу;
-бастамашылдық ғылыми зерттеулерді үйлестіру және жүргізу;
-ғылым мен білімнің ең жаңа жетістіктері негізінде жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша ғылыми-педагогикалық кадрлар мен мамандар дайындау;
— Абайдың шығармашылық мұрасын әдебиеттану, тіл білімі, мәдениеттану, тарих, педагогика, юриспруденция, философия, әлеуметтану, саясаттану ғылымдарының тоғысында зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздерін жасау;
— қазақ әдебиеті теориясы мен тарихының ежелгі дәуірден қазіргі күнге дейінгі өзекті мәселелерін Абайдың эстетикалық, этикалық, философиялық көзқарастары тұрғысынан бағамдау;
-Абай шығармашылығының алыс және жақын шетелдерде қабылдану мәселелерін пайымдау;
-қазіргі заманғы қазақ әдеби тілінің теориясы мен тарихын саралау;
-әдеби аударма мен аударматану, әдеби компаративистика теориясы мен практикасы мәселелерін зерттеу;
— қазақ әдебиетінің, әдеби шығармашылық үдерісінің теориясы мен тарихының өзекті мәселелерін әлем әдебиеті аясында қарастыру;
Жұмыстың негізгі түрлері
-ғылыми-зерттеу, шығармашылық, аудармашылық, ғылыми-әдістемелік жұмыстарын жүргізу;
-ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстардың нәтижелерін оқу үдерісіне енгізу;
-жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандарын дайындау;
-ғылыми өнім нәтижелерін жариялау және іс жүзінде қолдану;
-ғылыми, әдістемелік және консалтингтік қызмет көрсету;
-ғылыми еңбектердің тақырыптық жинағын, конференциялар мен сьездер, симпозиумдар материалдарын шығару;
-ғылыми еңбектерді, көркем, сондай-ақ аударма мәтіндерді редакциялау және баспаға ұсыну;
— мәтіндерді филологиялық сараптау және бағалау;
-семинарлар, мәжілістер, көрмелер, жәрмеңкелер өткізу;
-Институттың зияткерлік қызметінің өнімдерін коммерциализациялау;
-ғылыми, шығармашылық, аудармашылық, білім беру қызметінің теориясы мен практикасы саласында мамандардың біліктілігін арттыру, қайта дайындау;
-ғылыми зерттеулер мақсатына сәйкес заңнамада тыйым салынбаған өзге де жұмыстарды атқару.
Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын
іргелі зерттеулер
Национальные образы мира в литературе независимого Казахстана.
Жетекшісі: профессор Абишева У.К.
Йүсүп Баласағұнидың «Құтадғу білік» ескерткішін зерттеудің ғылыми-методологиялық негіздері.
Жетекшісі: профессор Сағындықұлы Б.
Қазақ тілі әлемдік мәдени кеңістікте: атаулардың тарихи даму парадигмасы.
Жетекшісі: профессор Салқынбай А.Б.
Қазақ әдеби тілі және ұлттық менталитет: мәдени концептер.
Жетекшісі: профессор Авакова Р.А.
Қазақ тілінің лексикалақ бірліктеріндегі ұлттық-мәдеи құндылықтардың кумуляциялануы: лингвоелтанымдық электронды тезаурус селекциясы және лемматизациясы.
Жетекшісі: профессор Сулейменова Э.Д.
Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын
қолданбалы зерттеулер
Ұлттық идея және оның қазақ әдебиетіндегі ежелгі дәуірден бүгінге дейінгі аралықта көркем бейнеленуі.
Жетекшісі: профессор Дадебаев Ж.Д.
Мемлекеттік тіл қазақстандық қоғамның бірігуінің басты факторларының бірі ретінде
Государственный язык как один из главных факторов единения казахстанского общества.
Жетекшісі: профессор Сулейменова Э.Д.
С.Сейфуллин.ИБРАҺИМ ҚҰНАНБАЙҰЛЫ (АБАЙ) (1845 -1904 ж.ж.)
АҚЫННЫҢ БАЛАЛЫҚ ШАҒЫ
Абай — Арғын Тобықты руынан, 1845 жылы Шыңғыс тауында туды. Абайдың шын аты — Ибраһим. Қазак әдеті бойынша шешесінің еркелетіп қойған Абай атын толық атап кеткендіктен, біз де Абай дейміз.
Абайдың әке тұқымы — Тобықтыға басшы би болған, бай жуан ата. Үлкен атасы Ырғызбай да әрі батыр, әрі жуан би болып елді аузына қаратып өткен кісі. Осы Шыңғыс тауы қонысқа лайық, малға жайлы жер деп орын қылған кісі.
Онан соңғы атасы Өскенбай би, Абайдың өз әкесі Құнанбай — жұртты аузына қаратқан, ел билеген ақсүйек байлар табынын өз елінде көсемі болған азулы би байы. Өз тұсында қазақ арасында мұсылмандықты жайып, дін, шариғаттың орнауына мықты еңбек сіңірген діншіл кісі болған. Заманында өз табы — (өзі үшін) діннің мықты құрал екендігіне мықтап түсініп, ел арасына діннің тамырлап, тарауына арнап еңбек сіңірген. Құнанбай, өзге жұрт баласын орыстан кашырып тығып жүргенде, өз баласын орыс мектебіне беріп, орысша оқытқан. Толығырақ »
М. Дулатов. ИБРАҺИМ ИБН ҚҰНАНБАЕВ
Лермонтовқа іңкәр болып, орыс әдебиетінің гүл шоқтарын өз тілінде сайратқаны екінші бір жағынан адамның ойына оралады. Толығырақ »
І.Жансүгіров. АБАЙДЫҢ СӨЗ ӨРНЕГІ
Абайдың алдындағы казақ әдебиетінің үлгісі — батырлардың жырлары, билердің, шешендердің сөздері, жыраулардың толғауы, ақындардың айтысы, араб-парсының ескі қисса, ертегілеріел әдебиетінің түрлері еді. Абайдан бұрынғы заман әдебиеті — сол ескі жұртшылықтың заман бетінен торыққандығынан туған әдебиет еді. Абай, негізінде, осы жұртшылықпен қайнасып, осы әдебиетпен аяқтасып жаткан ақын. Бірақ Абайдың басына біткен қайшылык Абайды ескі заманға күйіндіре отырып, жаңаның бағытына жырлаттырады. Толығырақ »
ШЕГІРТКЕ МЕН ҚҰМЫРСҚА (И.А. Крыловтан)
Шырылдауық шегіртке
Ыршып жүріп ән салған,
Көгалды қуып гөлайттап,
Қызықпен жүріп жазды алған. Толығырақ »