Бөлімдер
open all | close all
Мұрағат
Күнтізбе
Апрель 2018
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Фев    
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30  

Абайтану. Таңдамалы еңбектер

 «Абайтану. Таңдамалы еңбектер» көп томдық басылымы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Абай ғылыми зерттеу институтында 3979/ГФ4 — «Абай Құнанбаевтың шығармашылық мұрасын пәнаралық зерттеу» бағдарламасы аясында дайындалып, жарық көріп отыр.

1-tomАбайтану. Таңдамалы еңбектер. І том / құраст., түсінік. жазғ.: П. Бисенбаев, Е. Кәрібозов, Л. Мұсалы, Н. Нұрәділ; жауапты ред. Ә. Тарақ; жалпы ред. басқ. Ж. Дәдебаев. – Алматы: «Қазақ университеті», 2015. – 262 б.ISBN 978-601-04-1282-8

     Абайтану ғылымы бойынша жарық көріп отырған таңдамалы еңбектер басылымы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Абай туралы сөз» толғауымен ашылған. Бірінші томға абайтану саласында 1909 жылдан 1940 жылға дейін жарық көрген, уақыт сынынан өткен, тарихи және танымдық маңызы зор еңбектердің таңдамалылары енген.

2-tomАбайтану. Таңдамалы еңбектер. ІІ том / құраст., түсінік. жазғ.: П. Бисенбаев, Е. Кәрібозов, Л. Мұсалы, Н. Нұрәділ; жауапты ред. Ә. Тарақ; жалпы ред. басқ. Ж. Дәдебаев. – Алматы: «Қазақ университеті», 2015. – 264 б.ISBN 978-601-04-1283-5

    Екінші томға абайтану саласында 1940 жылдан 1960 жылға дейін жарық көрген, уақыт сынынан өткен, ғылыми және тағылымдық маңызы үлкен еңбектердің таңдамалылары енген.

3-tomАбайтану. Таңдамалы еңбектер. ІІІ том / құраст., түсінік. жазғ.: П. Бисенбаев, Е. Кәрібозов, Л. Мұсалы, Н. Нұрәділ; жауапты ред. Ө. Әбдиманұлы; жалпы ред. басқ. Ж. Дәдебаев. – Алматы: «Қазақ университеті», 2015. – 272 б.ISBN 978-601-04-1617-8 (ортақ), ISBN 978-601-04-1284-2 (ІІІ том)

Үшінші томға абайтану саласында 1960 жылдан 1980 жылға дейін жарық көрген, уақыт сынынан өткен, ғылыми қауым мен көпшіліктен лайықты бағасын алған зерттеулер мен мақалалардың таңдамалылары енген.

4-tomАбайтану. Таңдамалы еңбектер. ІV том / құраст., түсінік. жазғ.: П. Бисенбаев, Е. Кәрібозов, Л. Мұсалы, Н. Нұрәділ; жауапты ред. Б. Жақып; жалпы ред. басқ. Ж. Дәдебаев. – Алматы: «Қазақ университеті», 2015. – 280 б.ISBN 978-601-04-1617-8 (ортақ), ISBN 978-601-04-1285-9 (ІV том)

     Төртінші томға абайтану саласында 1960 жылдан 1980 жылға дейін жарық көрген, уақыт сынынан өткен, ғылыми қауым мен көпшіліктен лайықты бағасын алған зерттеулер мен мақалалардың таңдамалылары енген.

5-tomАбайтану. Таңдамалы еңбектер. V том / құраст., түсінік. жазғ.: П. Бисенбаев, Е. Кәрібозов, Л. Мұсалы, Н. Нұрәділ; жауапты ред. Ж. Молдабеков; жалпы ред. басқ. Ж. Дәдебаев. – Алматы: «Қазақ университеті», 2015. – 284 б.ISBN 978-601-04-1617-8 (ортақ), ISBN 978-601-04-1286-6 (V том)

Бесінші томға Абайдың шығармашылығы туралы қоғамдық және гуманитарлық ғылым салаларында жарық көрген, уақыт сынынан өткен, ғылыми қауым мен көпшіліктен лайықты бағасын алған зерттеулер мен мақалалардың таңдамалылары енген.

6-tomАбайтану. Таңдамалы еңбектер. VI том / Құраст., түсінік. жазғ.: Бисенбаев П.К., Карбозов Е.К., Мұсалы Л.Ж., Нұрәділ Н.; жауапты ред. Бисенғали З.; жалпы ред. басқ. Дәдебаев Ж. – Алматы: Қазақ университеті, 2016. – 299 б. ISBN 978-601-04-1617-8 (ортақ), ISBN 978-601-04-1680-2 (VІ том).

Абайтану ғылымы бойынша жарық көріп отырған таңдамалы еңбектер басылымы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Абай туралы сөз» толғауымен ашылған. Алтыншы томға абайтану саласында тәуелсіздік тұсында жарық көрген таңдамалы еңбектер арнайы топтастырылған. Том елдің ынтымағы мен бірлігінің нығаюына, интеллектуалдық әлеуетінің артуына, қоғамдық сананың дамуына қызмет етеді.

7-tomАбайтану. Таңдамалы еңбектер. VII том / Құраст., түсінік. жазғ.: Бисенбаев П.К., Карбозов Е.К., Мұсалы Л.Ж., Нұрәділ Н.; жауапты ред. Тілепов Ж.; жалпы ред. басқ. Дәдебаев Ж. – Алматы: Қазақ университеті, 2016. – 307 б. ISBN 978-601-04-1617-8 (ортақ), ISBN 978-601-04-1681-9 (VІІ том).

     Жетінші томда Абай (Ибраһим) Құнанбайұлының шығармашылық мұрасы туралы тәуелсіздік жылдары жарық көрген таңдамалы еңбектер топтастырылған. Оларда Абайдың шығармашылық тұлғасы мен әдеби мұрасының, даналық ойлары мен суреткерлік өнерінің тарихи мәні мен бүгінгі күн үшін маңызы көрсетілген.

8-tomАбайтану. Таңдамалы еңбектер. VIII том / авторлар: Дәдебаев Ж., Әбдиманұлы Ө., Кәкішев Т., Бисенғали З.Қ., Сейтжанов З.Н., Тлепов Ж., Салқынбай А.Б., Умбетаев М.Б., Тұрысбек Р., Бисенбаев П.К., Карбозов Е.К.; жауапты ред. Қ. Мәдібаева; жалпы ред. басқ. Ж. Дәдебаев. – Алматы: Қазақ университеті, 2016. – 279 б. ISBN 978-601-04-1617-8 (ортақ), ISBN 978-601-04-1712-0 (VІІІ том).

    VIII томда Абай (Ибраһим) Құнанбайұлының шығармашылық мұрасын пәнаралық зерттеудің нәтижелері көpiнic тапқан. Онда Абайдың ілімі, әдеби мұрасы, абайтану тарихы, ақын шығармашылығында негізделген құндылықтардың негіздері, пайымдау мен бағалау жүйесі, білім концепциясы, поэтикасы, шындық және шығармашылық қиял, мазмұн мен пішін секілді мәселелер қоғамның интеллектуалдық және тұрақты дамуымен сабақтас қарастырылған.

9-tomАбайтану. Таңдамалы еңбектер. IX том / Дәдебаев Ж., Тарак А.С., Сандыбаева Қ., т.б. – Алматы: Қазақ университеті, 2016. – 291 б. ISBN 978-601-04-1617-8 (ортақ), ISBN 978-601-04-1717-5 (ІХ том).

Бұл томда Абай (Ибраһим) Құнанбайұлының шығармашылық мұрасын қабылдау, ақын шығармашылығының мәдениетаралық өрісі мен байланыстары, асыл нұсқа мен аударма мәселелері қарастырылған. Авторлық дүниетаным (түсіну, пайымдау, бағалау), мазмұн мен мағына, образ және образдылық, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, оларды қабылдау, пайымдау және аксиологиялық талдау бағыттарында жаңа ғылыми ойлар негізделген.

10-tomАбайтану. Таңдамалы еңбектер. X том. / Дәдебаев Ж. Абайдың антропологизмі. – Алматы: Қазақ университеті, 2016. – 269 б. ISBN 978-601-04-1617-8 (ортақ), ISBN 978-601-04-1797-7 (Х том)

     Профессор Жанғара Дәдебаевтың монографиялық зерттеу енбегінде Абайдың антропологизмі, Абай шығармашылығындағы адам болмысының көркемдік, әлеуметтік-этикалық, эстетикалық мәселелері қарастырылады. Абайдың Адам туралы ілімінің негізі, құрамдас бөлімдері мен бастау көздері, басты категориялары пайымдалады.

11-tomАбайтану. Таңдамалы еңбектер. ХІ том. Ойлар мен толғаныстар / құраст., түсінік. жазғ.: Д. Қарағойшиева, Л. Мұсалы; баспаға дайындағандар: Б. Баязитов, Г. Ысқақова; жалпы ред. басқ. Ж. Дәдебаев. – Алматы: «Қазақ университеті», 2017. – 298 б. ISBN 978-601-04-1617-8 (ортақ), ISBN 978-601-04-2257-5 (11-том)

Абайдың өмірі мен шығармашылығы туралы ХХ ғасырда жазылған бір топ еңбектер берілді. Әр жылдарда жазылғын және абайтану саласындағы іргелі мәселелерді пайымдауға арналған ойлар мен толғаныстардың абайтану ғылымының тарихында лайықты орны бар.

12-tomАбайтану. Таңдамалы еңбектер. ХІІ том. М.О. Әуезов. Абайтану мәселелері. мақалалар / құраст., түсінік. жазғ.: Д. Қарағойшиева, Л. Мұсалы; баспаға дайындағандар: Б. Баязитов, Г. Ысқақова; жалпы ред. басқ. Ж. Дәдебаев. – Алматы: «Қазақ университеті», 2017. – 302 б.ISBN 978-601-04-1617-8 (ортақ), ISBN 978-601-04-2266-7 (12-том).

     М. Әуезовтің Абайдың өмірбаяны туралы еңбегінің екінші, үшінші нұсқалары және абайтану мәселелері бойынша әр жылдарда жазған мақалалары берілген. Томға енген еңбектердің ғылыми және танымдық маңызы үлкен.

13-tomАбайтану. Таңдамалы еңбектер. ХІІІ том. М.О. Әуезов. Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (1845-1904) / баспаға дайындағандар: Б. Баязитов, Г. Ысқақова; жалпы ред. басқ. Ж. Дәдебаев. – Алматы: «Қазақ университеті», 2017. – 264 б.ISBN 978-601-04-1617-8 (ортақ), ISBN 978-601-04-2269-8 (13-том).

М. Әуезовтің «Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы» атты іргелі монографиялық еңбегі – уақыт сынынан өткен, абайтану саласындағы ізденістердің негізіне айналған аса құнды еңбек. Онда Абайдың өмірі мен шығармашылығы алғаш рет кең әрі келісті зерттелген. Ақынның өмірі мен шығармашылығы, әдеби мұрасының жанрлық құрамы, көркемдік әлемі, мәдениетаралық байланыстары, ақындық айналасы қарастырылған. Абайтану ғылымында М. Әуезовтің бұл еңбегінің орны айрықша үлкен, оның маңызы мен мағынасы терең, ғибраты мол.

14-tomАбайтану. Таңдамалы еңбектер. ХІV том. С. Мұқанов. Абай Құнанбаев / баспаға дайындағандар: Б. Баязитов, Г. Ысқақова, Г. Шарипова; жалпы ред. басқ. Ж. Дәдебаев. – Алматы: «Қазақ университеті», 2017. – 254 б.ISBN 978-601-04-1617-8 (ортақ), ISBN 978-601-04-2302-2 (14-том).

Сәбит Мұқановтың «Абай Құнанбаев» атты монографиялық еңбегі берілген. Автордың Абай шығармашылығы, Абайдың ақындық дүниетанымы туралы пайымдауларында абайтану ғылымы үшін маңызды терең ойлар мен пікірлер мол. Еңбектің абайтану ғылымында алатын өз орны бар.

15-tomАбайтану. Таңдамалы еңбектер. ХV том. Қ. Жұмалиев. Абай поэзиясының тілі / баспаға дайындағандар: Б. Баязитов, М. Жанабекова, Г. Ысқақова; жалпы ред. басқ. Ж. Дәдебаев. – Алматы: «Қазақ университеті», 2017. – 248 б. ISBN 978-601-04-1617-8 (ортақ), ISBN 978-601-04-2303-9 (15-том).

Қ. Жұмалиевтің «Абай поэзиясының тілі» атты іргелі еңбегі кезінде автордың «Қазақ әдебиеті тарихының мәселелері және Абай поэзиясының тілі» (1960) кітабында С. Мұқановтың алғы сөзімен жарық көрген. Еңбектің басты құндылығы Абай поэзиясының тілінің көркемдік бейнелеу құралдарын алғаш рет жан-жақты саралап, ғылыми негізде сипаттап беруінде.

16-tomAбaйтaну. Тaңдaмaлы еңбектер. ХVI том. Aхметов З. Aбaйдың aқындық әлемі / баспаға дайындағандар: И. Әзімбаева, Б. Баязитов, Г. Ысқақова; жaлпы ред. бaсқ. Ж. Дәдебaев. – Aлмaты: Қaзaқ университеті, 2017. – 308 б. ISBN 978-601-04-1617-8 (ортақ), ISBN 978-601-04-2316-9 (16-том).

З. Ахметовтің «Абайдың ақындық әлемі» атты монографиялық еңбегінде Абайдың ақындық тұлғасы, адамгершілік мұраттары, батыс және шығыс мәдениетімен байланыстары, Пушкин, Лермонтов, Крылов шығармаларымен бағыттас, сарындас ізденістері, шығармашылығының тақырыптық, жанрлық арналары, танымдық, эстетикалық, көркемдік, тағылымдық мәні бүгінгі заман ұғым-түсініктері деңгейінде қарастырылған.

17-tomAбaйтaну. Тaңдaмaлы еңбектер. ХVІІ том. Нұрқатов A. Aбaйдың aқындық дәстүрі / баспаға дайындағандар: Б. Баязитов, Е. Кәрібозов, Г. Ысқақова; жaлпы ред. бaсқ. Ж. Дәдебaев. – Aлмaты: Қaзaқ университеті, 2017. – 276 б. ISBN 978-601-04-1617-8 (ортақ), ISBN 978-601-04-2327-5 (17-том).

Айқын Нұрқатовтың «Абайдың ақындық дәстүрі» еңбегі – ұлы ақын Абай шығармашылығы жайлы монография. Ол бұл кітабында ақын мұрасын жан-жақты талдап, оған барынша терең, ғылыми баға берген.

18-tomAбaйтaну. Тaңдaмaлы еңбектер. ХVIІІ том. Мұхамедханов Қ. Aбaй шығармаларының текстологиясы жайында / баспаға дайындағандар: Б. Баязитов, Л. Мұсалы, Г. Ысқақова; жaлпы ред. бaсқ. Ж. Дәдебaев. – Aлмaты: Қaзaқ университеті, 2017. – 290 б. ISBN 978-601-04-1617-8 (ортақ), ISBN 978-601-04-2328-2 (18-том)

     Қ. Мұхамедхановтың Абай шығармашылығы туралы жазған еңбектері енді. Кітап құрамдас екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде Абай шығармаларының текстологиясы жайында сөз болады. Екінші бөлім Абайдың екі томдық толық жинағының (1977) бірінші томына енген өлеңдеріне, дастандарына берілген түсініктемелерден тұрады. Абайдың ақындық даналығын тану ісінде автордың Абай шығармаларының текстологиясы және Абай өлеңдері мен дастандарының мәтіндеріне берген түсініктемелерінің маңызы зор.

19-tomAбaйтaну. Тaңдaмaлы еңбектер. ХІХ том. Әуезова Л. Мұхтар Әуезов шығармашылығындағы Қазақстан тарихының мәселелері / баспаға дайындағандар: Б. Баязитов, Л. Мұсалы, Г. Ысқақова; жaлпы ред. бaсқ. Ж. Дәдебaев. – Aлмaты: Қaзaқ университеті, 2017. – 276 б. ISBN 978-601-04-1617-8 (ортақ), ISBN 978-601-04-2610-8 (19-том).

Л.М. Әуезованың «Әуезов шығармашылығындағы Қазақстан тарихының мәселелері» атты еңбегі жарық көріп отыр. Кітапта Абайдың өмірі, өскен ортасы, мәдениетаралық байланыстары тарихи өмір шындығы, әлеуметтік-экономикалық өзгерістер аясында қарастырылады. Абайдың өмірі мен заманының М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясында бейнелену жолдары пайымдалады. Еңбек бай дерек көздері негізінде жазылған.

20-tomAбaйтaну. Тaңдaмaлы еңбектер. ХХ том. Әлімқұлов Т. Жұмбақ жан / баспаға дайындағандар: Б. Баязитов, Л. Мұсалы, Г. Ысқақова; жaлпы ред. бaсқ. Ж. Дәдебaев. – Aлмaты: Қaзaқ университеті, 2017. – 248 б. ISBN 978-601-04-1617-8 (ортақ), ISBN 978-601-04-2610-8 (20-том).

Т. Әлімқұлов «Жұмбақ жан» атты монографиялық еңбегінде Абайдың ақындық өнерінің, талант табиғатының, әлеуметтік-этикалық, философиялық ойларының тереңінде жасырынған «жұмбағын» шешуді мақсат еткен. Осы мақсат аясында автор өз монографиясында Абайдың ақындық даралығы, даналығы туралы тың ізденістерге, жаңа пайымдауларға барады. Еңбекте ақынның әдебиетаралық байланыстары, ақындық өнерінің бастау көздері, көркемдік шеберлігі, аудармашылық өнері, ақындық өнерінің ішкі сыры мен сыртқы қырлары ашылған.

21-tomAбaйтaну. Тaңдaмaлы еңбектер. ХХІ том. Мырзахметов М. Мұхтар Әуезов және абайтану проблемалары / баспаға дайындағандар: Б. Баязитов, П. Бисенбаев, Г. Ысқақова; жaлпы ред. бaсқ. Ж. Дәдебaев. – Aлмaты: Қaзaқ университеті, 2017. – 290 б. ISBN 978-601-04-1617-8 (ортақ), ISBN 978-601-04-2724-2 (21-том).

     Еңбекте академик-жазушы М. Әуезовтің абайтану негізін қалаудағы күрделі ғылыми зерттеулерінің проблемалық жақтары, яғни Абайдың ғылыми өмірбаянын жазу, текстологиялық ізденістері мен ақын мұрасының шығысқа қатысы, Абайдың әдеби ортасы сияқты іргелі мәселелер қарастырылған. Кітап М. Әуезовтің абайтану саласында жарық көрген еңбектері, әсіресе, оның әдеби-мемориалды музейі мен Алматы, Семей, Ташкент, Омбы архивтерінің дерек көздері негізінде жазылды. Академик-жазушының абайтану саласында беймәлім көптеген қолжазбалары, тезистері, шашпа пікірлері мен кейбір зерттеулері алғаш рет архив сөресінен ғылым сарабына түсіп, пайымдалды. Олар абайтанудың көп жақтарын жаңаша танып білуге бағдар береді. Еңбек архив деректері негізінде жазылуы себепті, оның ішкі құрылымы да соған орайлас болып шықты.

22-tomAбaйтaну. Тaңдaмaлы еңбектер. ХХІІ том. Ойлар мен толғаныстар / құрастырғандар: П. Бисенбаев, Д. Қарағойшиева, Л. Мұсалы, Г. Шарипова; баспаға дайындағандар: Б. Баязитов, Г. Ысқақова; жaлпы ред. бaсқ. Ж. Дәдебaев. – Aлмaты: Қaзaқ университеті, 2017. – 294 б. ISBN 978-601-04-1617-8 (ортақ), ISBN 978-601-04-2741-9 (22-том).

Томда «Абай Құнанбаевтың шығармашылық мұрасын пәнаралық зерттеу» тақырыбында өткен ғылыми конференция материалдарының бір тобы берілді. Конференцияға қатысушылардың баяндамалары ғылыми мақала түрінде рәсімделіп, көптомдық басылымның шарттарына сай жинақталды. Олардың бірқатары аталған жоба аясында жүргізілген зерттеу нәтижелері негізінде дайындалған.

23-tomAбaйтaну. Тaңдaмaлы еңбектер. ХХІІІ том. Ойлар мен толғаныстар / құрастырып, түсініктерін жазғандар: А. Айтмұханбетова, И. Әзімбаева, Ә. Жапарова, Е. Кәрібозов; баспаға дайындағандар: Б. Баязитов, Г. Ысқақова; жaлпы ред. бaсқ. Ж. Дәдебaев. – Aлмaты: Қaзaқ университеті, 2017. – 274 б. ISBN 978-601-04-1617-8 (ортақ), ISBN 978-601-04-2876-8 (23-том).

«Абайтану. Таңдамалы еңбектер» көп томдық басылымының жиырма үшінші томына «Ойлар мен толғаныстар» деген атпен абайтанушы ғалымдардың еңбектері енген. Оларда Абайдың өмірі мен шығармашылығының, көркемдік дәстүрінің маңызды мәселелері қарастырылған.

24-tomAбaйтaну. Тaңдaмaлы еңбектер. ХХІV том. Сыздықова Р. Абай шығармаларының тілі. Лексикасы мен грамматикасы / баспаға дайындағандар: Б. Баязитов, П. Бисенбаев, Г. Ысқақова; жaлпы ред. бaсқ. Ж. Дәдебaев. – Aлмaты: Қaзaқ университеті, 2017. – 316 б. ISBN 978-601-04-1617-8 (ортақ), ISBN 978-601-04-2877-5 (24-том).

«Абайтану. Таңдамалы еңбектер» көп томдық басылымының жиырма төртінші томында академик Рәбиға Сәлиқызы Сыздықованың «Абай шығармаларының тілі. Лексикасы мен грамматикасы» атты еңбегі берілді. Еңбекте қазақ тілінің Абай қолданған байырғы төл сөздері, ақын мұрасында кездесетін араб-парсы, орыс сөздері қарастырылады. Қазақтың әдеби тіліне Абай қосқан немесе жандандырған жаңа сөздердің сыр-сипаты сараланады, Абай тілінде біршама ерекше болып көрінетін кейбір грамматикалық тұлға-тәсілдер, олардың мән-мәнісі, қолданылу жайы пайымдалады.

25-tomAбaйтaну. Тaңдaмaлы еңбектер. ХХV том. Сыздықова Р. Абай өлеңдерінің синтаксистік құрылысы. Абайдың сөз өрнегі / баспаға дайындағандар: Б. Баязитов, Л. Мұсалы, Г. Ысқақова; жaлпы ред. бaсқ. Ж. Дәдебaев. – Aлмaты: Қaзaқ университеті, 2017. – 350 б. ISBN 978-601-04-1617-8 (ортақ), ISBN 978-601-04-2878-2 (25-том).

«Абайтану. Таңдамалы еңбектер» көп томдық басылымының жиырма бесінші томында Р. Сыздықованың «Абай өлеңдерінің синтаксистік құрылысы», «Абайдың сөз өрнегі» атты еңбектері берілді. Бұл еңбектерде Абай өлеңдерінің синтаксистік құрылысының ерекшеліктері, ақынның сөз қолдану, сөз таңдау, сөз құбылту, сөз үйлестіру, сөз үндестіру тәсілдері мен тәжірибесі қарастырылған.

26-tomAбaйтaну. Тaңдaмaлы еңбектер. ХХVІ том. Ысмағұлов Ж. Абай. Даналық дәрістері / баспаға дайындағандар: Б. Баязитов, Л. Мұсалы, Г. Ысқақова; жaлпы ред. бaсқ. Ж. Дәдебaев. – Aлмaты: Қaзaқ университеті, 2017. – 318 б. ISBN 978-601-04-1617-8 (ортақ), ISBN 978-601-04-2879-9 (26-том).

«Абайтану. Таңдамалы еңбектер» басылымның жиырма алтыншы томында Ж. Ысмағұловтың «Абай. Даналық дәрістері» атты еңбегі берілді. Ол әуелде «Абай: ақындық тағылымы» (1994) деген атпен жарық көрді, кейін «Абай: даналық дәрістері» (2008) деген атпен жарияланды. Ғылыми-редакциялық кеңестің ұйғаруымен жиырма алтыншы томға осы басылымдар негізінде ықшамдалып ұсынылды. Еңбекте Абайдың өлеңдері, поэмалары, қарасөздері, аудармалары, ақындық даралығы мен даналығы қарастырылған.

27-tomAбaйтaну. Тaңдaмaлы еңбектер. ХХVІІ том. Жұртбай Т. Күйесің, жүрек… сүйесің… (Абай: жан бостандығы немесе рухани тәуелсіздік) / баспаға дайындағандар: Б. Баязитов, Г. Ысқақова; жaлпы ред. бaсқ. Ж. Дәдебaев. – Aлмaты: Қaзaқ университеті, 2017. – 452 б. ISBN 978-601-04-1617-8 (ортақ), ISBN 978-601-04-2887-4 (27-том).

«Абайтану. Таңдамалы еңбектер» көп томдық басылымының жиырма жетінші томындажазушы-ғалым Тұрсын Жұртбайдың «Күйесің, жүрек… сүйесің… (Абай: жан бостандығы немесе рухани тәуелсіздік)» атты іргелі еңбегі беріліп отыр. Абайды тану – қазақ ұлтының рухан өміріндегі толастамайтын мәдени саясаттың мүдделі және күретамырлы тақырыбы. Абай ілімі –  ұлтымыздың  ұйыған ақыл-ой парасаты, қазақ елінің адамзаттық парасат пайымына қосқан үлесі. Сол даналық мәйегі қандай танымдық тамырлар арқылы әлемдік көркем ойлау жүйесімен үндестік тапқан? Міне, жазушы-ғалым Тұрсын Жұртбайдың философиялық еркін ойға құрылған бұл толғанысы- соған жауап іздеген, Абайдың көркемдік жүйесін тосын қырынан талдап, тың тұжырым жасаған түбірлі еңбек.

28-tomAбaйтaну. Тaңдaмaлы еңбектер. ХХVІІІ том. Абай шығармаларының басылымдарына түсініктер / құрастырып, түсініктерін жазған Д. Қарағойшиева; баспаға дайындағандар: И. Әзімбаева, Б. Баязитов, Г. Ысқақова; жaлпы ред. бaсқ. Ж. Дәдебaев. – Aлмaты: Қaзaқ университеті, 2017. – 298 б. ISBN 978-601-04-1617-8 (ортақ), ISBN 978-601-04-2888-1 (28-том).

«Абайтану. Таңдамалы еңбектер» көптомдығының жиырма сегізінші томына Абай шығармаларының екі томдық толық жинағының (1957, 1977) басылымдарына берілген ғылыми түсініктер енді. Текстологиялық пайымдаулар үшін олардың маңызы үлкен.

29-tomAбaйтaну. Тaңдaмaлы еңбектер. ХХІХ том. Ойлар мен толғаныстар / Құрастырған Л. Мұсалы, П. Бисенбаев, Е. Кәрбозов, Д. Қарағойшиева; баспаға дайындағандар: И. Әзімбаева, Б. Баязитов, Г. Ысқақова; жалпы ред. басқ. Ж. Дәдебаев. – 2017. – 286 б. ISBN 978-601-04-1617-8 (ортақ), ISBN 978-601-04-2947-5 (29-том).

«Абайтану. Таңдамалы еңбектер» басылымының ХХІХ томына Абайдың шығармашылығы туралы бір топ зерттеулер берілді. Оларда Абайдың шығармашылық мұрасы түрлі ғылым салалары тұрғысынан қарастырылған. Томға енген зерттеулердің ғылыми маңызы бар.

30-tomАбайтану. Таңдамалы еңбектер. ХХХ том. Мырзахметов М. Абай және Шығыс / Баспаға дайындағандар: И. Әзімбаева, Б. Баязитов, П. Бисенбаев, Г. Ысқақова; жалпы ред. басқ. Ж. Дәдебаев. – 2017. – 294 б. ISBN 978-601-04-1617-8 (ортақ), ISBN 978-601-04-2958-1 (30-том).

«Абайтану. Таңдамалы еңбектер» көптомдығының отызыншы томында көрнекті абайтанушы ғалым М. Мырзахметовтің «Абай және Шығыс» монографиялық зерттеуі берілды. Кітапта ұлы ақын нәр алған рухани үш бұлақтың бірі – шығыс мәдениеті, оған Абайдың қарым-қатынасы ғылыми тұрғыдан жүйеленіп баяндалады. Абайдың исламият, хауас, жәуанмәртлік, үш сүю, иманигүл, адамгершілік мұраттарына ғылыми талдаулар жасалып, ақындық кітапханасы жайлы мәселе арнайы сөз болады.

 31-tomАбайтану. Таңдамалы еңбектер. ХХХІ том. Мырзахметов М. Абайдың адамгершілік мұраттары. Абай және Әуезов / Жалпы ред. басқ. Ж. Дәдебаев. – Aлмaты: Қaзaқ университеті, 2017. – 406 б. ISBN 978-601-04-1617-8 (ортақ), ISBN 978-601-04-3040-2 (31-том)

«Абайтану. Таңдамалы еңбектер» көптомдығының отыз бірінші томына көрнекті абайтанушы ғалым М. Мырзахметовтің «Абайдың адамгершілік мұраттары», «Абай және Әуезов» атты еңбектері енді. Бұл еңбектерде абайтану ғылымының өзекті мәселелері қарастырылған.

Томға енген еңбектер абайтанушыларға, магистранттар мен докторанттарға, Абай мұрасын білмекті парыз тұтқан білім алушы жастарға және көпшілікке арналған.

Том 3979/ГФ4 – «Абай Құнанбаевтың шығармашылық мұрасын пәнаралық зерттеу» бағдарламасы аясында дайындалып, жарық көріп отыр.

32-tomАбайтану. Таңдамалы еңбектер. ХХХІІ том. Әбдіғазиұлы Б. Абай және Шәкәрім әлемі. Монография / Жалпы ред. басқ. Ж. Дәдебаев. – Aлмaты: Қaзaқ университеті, 2017. – 286 б. ISBN 978-601-04-1617-8 (ортақ), ISBN 978-601-04-3041-9 (32-том)

«Абайтану. Таңдамалы еңбектер» көптомдығының отыз екінші томына филология ғылымдарының докторы, профессор Балтабай Әбдіғазиұлының «Абай және Шәкәрім әлемі» атты еңбегі енді. Ғалымның еңбегінде ұлы ойшыл Абайдың, Абайдың әдеби дәстүрін жалғастырушы Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығы туралы сөз болады. Автор еңбегін «Абайтану. Таңдамалы еңбектер» басылымына арнайы ұсынды.

Томға енген еңбектер абайтанушыларға, магистранттар мен докторанттарға, Абай мұрасын білмекті парыз тұтқан білім алушы жастарға және көпшілікке арналған.

Том 3979/ГФ4 — «Абай Құнанбаевтың шығармашылық мұрасын пәнаралық зерттеу» бағдарламасы аясында дайындалып, жарық көріп отыр.

33-tomАбайтану. Таңдамалы еңбектер. ХХХІІІ том.  Палтөре Ы.М. Aбaй Құнaнбaйұлының шығaрмaлaрындa Құрaн жəне хaдис мəтіндерінің интерпретaциялaнуы / жaлпы ред. бaсқ. Ж. Дəдебaев. – Aлмaты: Қaзaқ университеті, 2017. – 264 б. ISBN 978-601-04-1617-8 (ортақ), ISBN 978-601-04-3131-7 (33-том)

«Aбaйтaну. Тaңдaмaлы еңбектер» басылымының ХХXIІІ томында профессор Ы.М. Палтөренің зерттеу еңбегі беріліп отыр. Онда Aбай шығaрмaлaрының ортaғaсырлық түркі жaзбa ескерткіштерімен сaбaқтaстығы сөз болaды. Aқын шығaрмaлaрындaғы діни aстaры бaр aрaб сөздері мəнмəтін aясындa Құрaн жəне хaдис мəтіндерімен бaйлaнысты қарастырылып, лингвогерменевтикaлық тaлдaу жaсaлaды. Ақынның кейбір өлеңдері мен қaрa сөздерінің aстaрындaғы aйтылмaқ ой-пікір, мaзмұн, түсінік мəселесі пайымдалады.

Том білім алушы жастарға, жас мамандарға, зерттеушілерге, мұғалімдер мен оқытушыларға, ақыл-ой қазынасын байыту жолындағы көпшілікке арналған.

Еңбек 3979/ГФ4 – «Абай Құнанбаевтың шығармашылық мұрасын пәнаралық зерттеу» бағдарламасы аясында дайындалып, жарық көріп отыр.

34-tomАбайтану. Таңдамалы еңбектер. ХХХІҮ том. Ойлар мен толғаныстар / құраст.: Л. Мұсалы, П. Бисенбаев, Е. Кәрібозов, Д. Қарағойшиева; жалпы ред. басқ. Ж. Дәдебаев.Алматы: Қазақ университеті, 2017. – 282 б. ISBN 978-601-04-1617-8 (ортақ), ISBN 978-601-04-3043-0 (34-том)

«Абайтану. Таңдамалы еңбектер» басылымының отыз төртінші томында Абайдың өмірбаянына қосымша деректер, мәліметтер, сондай-ақ Семей қаласындағы Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейі қызметкерлерінің еңбектері, ойлары мен толғаныстары берілді. Томға енген еңбектердің танымдық, тағылымдық мәні бар.

Том білім алушы жастарға, жас мамандарға, зерттеушілерге, мұғалімдер мен оқытушыларға, ақыл-ой қазынасын байыту жолындағы көпшілікке арналған.

Еңбек 3979/ГФ4 – «Абай Құнанбаевтың шығармашылық мұрасын пәнаралық зерттеу» бағдарламасы аясында дайындалып, жарық көріп отыр.

35-tomАбайтану. Таңдамалы еңбектер. ХХХҮ том. Дәдебаев Ж. Абай мұрасын пәнаралық зерттеу нәтижелері. — Алматы: Қазақ университеті, 2017. — 270 б. ISBN 978-601-04-1617-8 (ортақ), ISBN 978-601-04-3220-8 (35-том)

«Абайтану. Таңдамалы еңбектер» басылымының отыз бесінші томында Абайдың шығармашылық мұрасын пәнаралық зерттеудің басты нәтижелері қорытылып, сараланған. Том кіріспеден, тоғыз бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған дерек көздерінен, қосымшалардан тұрады. Қосымшаларды Абай институтының қызметкерлері Бақытқожа Баязитов, Алмасбек Мәуленов дайындаған.

Том білім алушы жастарға, жас мамандарға, зерттеушілерге, мұғалімдер мен оқытушыларға, ақыл-ой қазынасын байыту жолындағы көпшілікке арналған.

Еңбек 3979/ГФ4 – «Абай Құнанбаевтың шығармашылық мұрасын пәнаралық зерттеу» бағдарламасы аясында дайындалып, жарық көріп отыр.

facebook twitter Vkontakte Mail.ru
Хабарландыру
Конференцияға қатысу және материалдарды жариялау үшін сұраныстар жасау мерзімдері:


«Аударматану мен әдеби компаративистиканың өзекті мәселелері» Әр жылдың 5 ақпанына дейін

«Абай және қазіргі заман» Әр жылдың 5 сәуіріне дейін

«Мәдениетаралық коммуникация және әдеби компаративистика» Әр жылдың5 мамырына дейін

«М.Әуезов және әлем әдебиеті» Әр жылдың5 қыркүйегіне дейін

«Қабдолов оқулары» Әр жылдың 15 қарашасына дейін

Ыстықкөл форумы «Ш.Т.Айтматов және әлем әдебиеті» Әр жылдың 01 мамырына дейін .
Баннерлер