Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Март 2019
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Фев    
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

ҰЛТТЫҚ РУХ ЖӘНЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ДАРАЛЫҚ

Ыбырайым Б., Дәдебаев Ж., Мәдібаева Қ. Ұлттық рух және шығармашылық  даралық (авторлық ауызша поэзия мәселелері). Зерттеу. – Алматы: Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті «Ұлағат» баспасы, 2018. – 350 бет.

Редакциялық алқа:

Т.Балықбаев, С.Қирабаев, Б.Сманов, Б.Әбдіғазиев

Пікір жазған:

Т.Әлібеков, филология ғылымдарының кандидаты

ISBN 978-601-298-691-4

 

Зерттеуде қазақ әдебиетіндегі ауызша авторлық поэзияның озық дәстүрлері, ондағы ұлттық және жалпыадамзаттық рухани құндылықтар қоғамдық сананың қазіргі жетістіктері негізінде жаңаша қарастырылды. Авторлық ауызша поэзия және тарихи-әдеби процесс, айтыс өнері және ұлттық рухани құндылықтар, ХІХ ғасырдағы авторлық ауызша әдебиеттің даму бағыттары өзары бірбүтін өзекті және іргелі ғылыми мәселе ретінде пәнаралық тұрғыда зерттелді. Авторлық ауызша поэзияның синкретті сипаттары анықталды, шығармашылық тұлға және көркемдік тәсіл өзара бірлікте пайымдалды.  Өмір шындығы және ақындық таным, ақындық талант және білім мен білік, шығаомашылық шеберлік пен жүйелілік айтыс өнері және ұлттық рухани құндылықтар өрісінде сараланды. Ауызша шығармашылық дәстүрдің ХІХ ғасырдағы өзекті арналары, авторлық ауызша әдебиеттегі эпикалық үрдіс жайы сарапталды.

Зерттеудің басты нәтижелері мынадай деңгейлерде жинақталады: а) авторлық ауызша поэзияның озық дәстүрлерінің маңызы мен мәнін теориялық деңгейде пайымдау; б) авторлық ауызша әдебиеттің озық дәстүрлерінің маңызы мен мәнін олардың функционалдық қызметі деңгейінде пайымдау.

Кітап жоғары оқу орындарында білім алушы жастарға, магистранттар мен докторанттарға, жас ғалымдарға, әдебиеттанушыларға арналған.

 

Жанар Жақыпова,

Абай институтының кіші ғылыми қызметкері

 

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
facebook twitter Vkontakte Mail.ru
Хабарландыру
Конференцияға қатысу және материалдарды жариялау үшін сұраныстар жасау мерзімдері:


«Аударматану мен әдеби компаративистиканың өзекті мәселелері» Әр жылдың 5 ақпанына дейін

«Абай және қазіргі заман» Әр жылдың 5 сәуіріне дейін

«Мәдениетаралық коммуникация және әдеби компаративистика» Әр жылдың5 мамырына дейін

«М.Әуезов және әлем әдебиеті» Әр жылдың5 қыркүйегіне дейін

«Қабдолов оқулары» Әр жылдың 15 қарашасына дейін

Ыстықкөл форумы «Ш.Т.Айтматов және әлем әдебиеті» Әр жылдың 01 мамырына дейін .
Баннерлер