Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Март 2019
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Фев    
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

ҚҰТТЫҚТАУ

Е.Б. ЖатқанбаевЕржан Байғожаұлы Жатқанбаев — 75 жас

Құрметті Ержан Байғожаұлы!

Сізді жетпіс бестің белесіне шыққан мерейлі жасыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Сіз — экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы жоғары мектеп ҰҒА академигі, Минералды ресурстар халықаралық академиясының мүшесі ретінде Қазақстан жоғары мектебінің өсіп-өркендеуіне, Қазақстан жоғары білімі мен ғылымының дамуына ерен еңбек сіңірген көрнекті қайраткерсіз.

Сіз Москва мемлекеттік университетінің экономика факультетін, аспирантурасын бітірген соң, еңбек жолыңызды жоғары мектеп саласында ассистент болып бастадыңыз. 1979-1984 жылдары Қазақстан Республикасы жоғары білім министрлігінде инспектор, 1984 жылдан бері қарай әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, факультет деканы, институт директоры, проректор қызметтерін абыроймен атқардыңыз.

 Қазіргі шақта университеттің экономика және бизнес жоғары мектебі құрамындағы менеджмент және маркетинг кафедрасының профессоры болып қызмет атқара жүріп, еліміздің ғылымы мен білімінің, ел экономикасының маман кадрларын даярлау ісінің дамуына елеулі үлес қосып келесіз. Сіздің монографиялық зерттеулеріңіз, оқулықтарыңыз бен оқу құралдарыңыз студенттер мен мамандардың, ғалымдардың жаңаша ойлауына негіз болып отыр.

Құрметті Ержан Байғожаұлы, Сіз тәуелсіз Қазақстанның жоғары мектебінде экономика ғылымы мен экономикалық білімнің жаңаруы мен жаңғыруының барлық кезеңдерінде байыпты бастаушы, ұлағатты ұйымдастырушы, білікті басқарушы бола білдіңіз. Бүгінде өзіңіз профессоры болып қызмет атқарып жүрген экономика және бизнес жоғары мектебінің мамандықтары бойынша, ол мамандықтардың әр оқу пәні бойынша жаңа білім мазмұнын анықтау, білім беру ісінің жаңа нормативтік-құқықтық негіздерін жасау, оқу үдерісін жаңа оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету, білім берудің жаңа жүйесіне көшуді толық іске асыру істерін ұйымдастыру, басқару, атқару деңгейлері бойынша кезінде ерен еңбек еттіңіз. Табиғатыңыздағы бекзаттық, басқару мәдениетіңіздің жоғарылығы, басқарудың теориясы мен практикасы, технологиясы саласындағы біліктілігіңіз бен құзіреттілігіңіз Сіздіәр істе игілікті нәтижелерге жеткізді.

Сіз тәрбиелеп өсірген 40-тан астам ғылым докторлары мен кандидаттары, философия докторлары (PhD) ел өмірінің түрлі салаларында еңбек етіп, Сіздің үлгіңізді, Сізден алған білімін халық игілігіне жұмсауда.

Құрметті Ержан Байғожаұлы! Мерейлі жасыңызбен шын жүректен құттықтай отырып, Сізге зор денсаулық, шығармашылық табыс тілейміз. Жанұяңызға, бала-шағаларыңызға амандық-саулық, құт-береке тілейміз.

Абай институты

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
facebook twitter Vkontakte Mail.ru
Хабарландыру
Конференцияға қатысу және материалдарды жариялау үшін сұраныстар жасау мерзімдері:


«Аударматану мен әдеби компаративистиканың өзекті мәселелері» Әр жылдың 5 ақпанына дейін

«Абай және қазіргі заман» Әр жылдың 5 сәуіріне дейін

«Мәдениетаралық коммуникация және әдеби компаративистика» Әр жылдың5 мамырына дейін

«М.Әуезов және әлем әдебиеті» Әр жылдың5 қыркүйегіне дейін

«Қабдолов оқулары» Әр жылдың 15 қарашасына дейін

Ыстықкөл форумы «Ш.Т.Айтматов және әлем әдебиеті» Әр жылдың 01 мамырына дейін .
Баннерлер