Бөлімдер
Мұрағат
Күнтізбе
Март 2019
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Фев    
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

ДАНАЛЫҚТЫ АБАЙДАН ІЗДЕГЕН БЕКЗАТ ҒАЛЫМ

IMG_7461-16-09-18-02-59

   Ел бірлігі, ұлт болмысы мен рухы, интеллектуалды тұлғаны қалыптастыру, интеллектуалдық сананы көтеру,  бүгінгі қазақтануды таныта білген, болмысынан текті, кемел тұлға. Абайдың өмірдегі, өнердегі, өлеңдегі зиялылығын өмірлік қағидасы тұтқан бекзат жан. Бұл сөздердің бәрі жақында ғана дүниеден өткен абзал жан, ұстаз, ғалым Жақан Молдабековке тән.

                   _______________________________________________________________________

    Қайнаған соғыстың ортасында дүниеге келген Жақан Жанболұлы  мектепті үздік бітіргесін комсомолдық жолдамамен туған жерінде екі жыл шопан болып жұмыс істейді. Бұдан кейін қарапайым қазақ баласы арман арқалап, М.В. Ломоносов атындағы Москва мемлекеттік университетінің (МГУ) философия факультетіне оқуға түседі. Арасында 3 курста оқып жүргенде студент Жақан Молдабеков армияға шақырылып, әуе әскер құрамында қызмет етеді. Армиядан оралып, оқуын жалғастырады, профессор Арчиль Якимович Ильиннің жетекшілігімен диплом жұмысын үздік қорғап, аспирантураға қалады.  Аспирант кезінде оның ғылыми жетекшісі  көрнекті философ, профессор, академик Иван Тимофеевич Фролов болды. Аспирант кезіндегі жемісті еңбегі мен белсенділігі ескеріліп, академик  Б.М. Кедров бастаған СССР ғылыми топтың құрамында ІV халықаралық конгреске қатысады. Бұл жас Жақанның ғылымға басқан алғашқы қадамы еді.

    Елден Мәскеуге бозбала боп кеткен  Жақан аға елге жас ғалым боп оралды, еңбек жолын С.М.Киров атындағы ҚазМУ-де аға оқытушылықтан бастады, доцент болып қызмет атқарады.  Одан кейін АЗВИ-де  философия және ғылыми коммунизм кафедрасының меңгерушісі болып жүріп,  «Идеологический процесс как предмет социально-философского исследования» тақырыбы бойынша докторлық диссертациясын қорғады.    Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың дайындық факультетінің, кейін философия және саясаттану факультетінің деканы болып жұмыс істейді.

    Өмірінің ақтық сәтіне дейін «Дінтану және мәдениеттану» кафедрасының профессоры болып қызмет атқарды, дәріс оқыды, шәкірт тәрбиеледі, оның жетекшілігімен 5 кандидаттық, екі докторлық диссертация қорғалды.

    Жақан аға өзінің саналы ғұмырында тынымсыз еңбек етті: 500-ден астам ғылыми еңбек,  соның ішінде 2 оқулық, 10 оқу құралын,  3 монография жазды. Жақан ағаның көп мақалалары поляк, түрік, ағылшын, корея, испан тілдерінде жарық көрді. Варшава, Анкара университеттерінде дәріс оқыды. Осындай үздіксіз ғалымдық еңбегінің арқасында профессор Ж.Ж Молдабеков әлеуметтану ғылымы академиясының академигі, халықаралық акедемиялық ғылымдар академиясының (Санкт-Петербург) академигі атанды.

    Поляк тілінде «Kasachtan. Historia – pojitika» (Warszawa, 2000)  монографиясы жарық көрді,  «Мәдени мұра» бағдардамасы бойынша  «Ежелгі шығыс» (2005),  «Жаңа дәуір философиясы»  (2006), «Қазақтың халық философиясы» (2006), «Қазақ би-шешендерінің дүниетанымы мен философиясы»  (2007), «Қазақ ақын-жырауларының дүниетанымы»  (2008) томдарының жарық көруіне  тікелей жетекшілік жасады.

   Көп жылғы жемісті ғылыми-педагогикалық жұмыстары тиісті бағасын алды. Іргелі ғылыми ізденістері үшін президенттік гранттың, «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ең үздік оқытушысы», республикалық «Жоғары оқу орындарының ең үздік оқытушысы» атағының иегері атанды, «Ы. Алтынсарин атындағы сыйлықтың» жүлдегері болды. Ойшылдық үлгісін көрсеткен Жақан аға «қазағым» деп, іргелі монография, сонымен қатар  өлең де  жазды, 3 жинақтың авторы.

    Ғалым соңғы ширек ғасыр бойы егемендігін алған елдегі адамгершіліктің төрт ұстанымын – адамдықты арттыру, тұлғалықты тұрақтату, азаматтың кісілігін көтермелеу, тұлғалық қарым-қатынасты нығайту мәселелеріне, Абайдың даналығы мен шешендігіне қатты көңіл бөлді. Өйткені, Абай қазақтың елдігі мен еңселілігін қалады, еркіндігі мен егемендігін аңсады. Сол үшін қазақты сынай отырып, оның қадір-қасиетін көтерді, соған күш салды. Осы Абайдың өмірі мен өлеңдерінен Жақан аға рухани күш алды. «Қазақтану» еңбегін жазды.

    Осыдан 5 жыл бұрын Алматыда 2013 жылы 9 қарашада «Бар қазақ – бір қазақ: діни-мәдени аспектілері» ғылыми-зерттеу жобасы аясында «Қазақтану және ұлттық инновация» деген тақырыпта халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткен болатын. Бұл жиын Қазақстанның әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі Жақан Молдабековтің 70 жылдық мерейтойына арналды. Сол дүбірлі жиында философия ғылымдарының докторы С.И.Оспанов   үлкен философ Жақан Молдабековті «Қазақтың Демосфен рухындағы тұлғасы»  деп бағалаған болатын.

Габитов Т.Х философия ғылымдарының докторы, профессор

Жексембі Ә.А Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, «Мәдениеттану»

мамандығының магистранты

Поделиться в соц. сетях

Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
facebook twitter Vkontakte Mail.ru
Хабарландыру
Конференцияға қатысу және материалдарды жариялау үшін сұраныстар жасау мерзімдері:


«Аударматану мен әдеби компаративистиканың өзекті мәселелері» Әр жылдың 5 ақпанына дейін

«Абай және қазіргі заман» Әр жылдың 5 сәуіріне дейін

«Мәдениетаралық коммуникация және әдеби компаративистика» Әр жылдың5 мамырына дейін

«М.Әуезов және әлем әдебиеті» Әр жылдың5 қыркүйегіне дейін

«Қабдолов оқулары» Әр жылдың 15 қарашасына дейін

Ыстықкөл форумы «Ш.Т.Айтматов және әлем әдебиеті» Әр жылдың 01 мамырына дейін .
Баннерлер