Бөлімдер
open all | close all
Мұрағат
Күнтізбе
Декабрь 2018
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Ноя    
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31  

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Әл-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЛОЛОГИЯ ЖӘНЕ ӘЛЕМ ТІЛДЕРІ ФАКУЛЬТЕТІ

ШЕТЕЛ ФИЛОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ АУДАРМА ІСІ КАФЕДРАСЫ

 

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

 

ҚҰРМЕТТІ ӘРІПТЕСТЕР!

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология және әлем тілдері факультетінің шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында аса көрнекті әдебиетші ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Жоғары мектеп Ұлттық  ғылым академиясының академигі, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Жанғара Дәдебаевтың 70 жылдық мерейтойына арналған «ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ: ҰЛТТЫҚ КОД ЖӘНЕ КӨРКЕМДІК ТАНЫМ» атты Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция ұйымдастырады. Конференция 2018 жылы 23 қарашада, сағ.15.00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 15 қабатында өтеді.

Конференция жұмысына Қазақстан, алыс және жақын шет елдердің жоғары, орта оқу орындарының оқытушылары, докторанттар мен магистранттар,  филолог-ұстаздар шақырылады.

Конференция жұмысының негізгі тақырыптық бағыттары:

  1. Әдебиеттегі өмір шындығы және көркемдік шешім мәселесі
  2. Ұлттық код және тілдік тұлға
  3. Әдеби сынның өзекті мәселелері
  4. Қазіргі филологиядағы антропоөзектік парадигмалар
  5. Компаративистика және көркем аударма

Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, ағылшын. Конференцияға қатысу түрі: тікелей, сырттай.

Баяндаманы дайындауға  қойылатын талаптар:

Қатысу  туралы өтінішіңізге қоса электрондық және баспа түріндегі материалыңызды (5-6 бетке дейін, word редакциясымен Windows үшін) жіберуіңізді сұраймыз:  Times New Roman  шрифтінде 14 кегльмен ( қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі материалдар үшін K Times New Roman  шрифтінде 14 кегльмен ) басып, файлды өз фамилияңызбен атаңыз.

МАТЕРИАЛДАРДЫ БЕЗЕНДІРУ ЕРЕЖЕСІ:

  • Беттің ортасына мақаланың атауы көрсетіліп, төменгі  оң  жақ  бұрышына автордың аты-жөні,  астына ұйымның, қаланың атауы  жазылады.
  • Жол шеті: үсті –20 мм, асты –20 мм, сол жағы –20 мм, оң жағы –20 мм.
  • Жол арасы — 1 интервал.
  • Ені бойынша теңестірілуі керек.
  • Мақаланың атауы.
  • Автордың аты-жөні;
  • Қаланың және ұйымның атауы
  • Қазақ және орыс тілдерінде қысқаша резюме (1-3 сөйлем)

Ұйымдастыру комитеті конференцияның тақырыбына немесе ғылыми мақалаларды рәсімдеу талаптарына сай келмейтін ғылыми мақалаларды қабылдамауға құқығы бар. Материалдар жинағының шығарылуы конференцияның басталуына дейін жоспарлануда.

Мақалалар, өтініштер және сканерленген төлем түбіртектері келесі мекенжай бойынша zhinaq70@gmail.com  2018 жылдың 15 қарашасына  дейін жіберіледі.  Мақала және өтініш жеке файлдар түрінде жіберілуі тиіс. Мақала бар файлдың атауын мақала авторы және «мақала» деген сөзбен (мысалы: Оспанова Д.А. Мақала) көрсетіңіз; ал өтініш сәйкесінше автордың аты-жөні мен  «өтініш» сөзінен тұру керек (мысалы: Оспанова Д.А. Өтініш). Ақпараттық хатта көрсетілген шарттардың сақталуына назар аударуларыңызды сұраймыз.

Мақаланы жариялау үшін ұйымдастыру жарнасы — 3000 теңге. Жарнаны мына есепшотқа жіберулеріңізді сұраймыз: ЖСН 700 915 400 849; Kaspi Gold 5169 4931 4761 4211. Конференцияға қатысуға байланысты барлық шығындар қатысушының өз есебінен төленеді.

Конференцияның өтетін жері: Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71, ҚазҰУ-дың Бас ғимаратының 15 қабаты, мәжіліс залы. Тіркеу 2018  жылдың 23 қарашасында  сағат 14.00 басталады.

Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы: 050040, Алматы қ., әл-Фараби даңғ., 71, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, филология және әлем тілдері факультеті, 309 кабинет, шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасы (ауд. 309) 221 13 23

Барлық мәселелер бойынша конференцияның жауапты хатшыларына хабарласыңыздар:

ф.ғ.к., профессор м.а. Мұсалы Ләйла Жұматайқызы, +7 701 270 18 68

ф.ғ.к., доцент Малика Мұратқызы Аймағанбетова, +7 702 330 70 75

филология магистрі Жанар Амангелдіқызы Жақыпова +7 775 081 89 84

 

«ХХІ ҒАСЫРДАҒЫ ФИЛОЛОГИЯ ҒЫЛЫМДАРЫ: ҰЛТТЫҚ КОД ЖӘНЕ КӨРКЕМДІК ТАНЫМ» атты Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференцияға қатысуға өтініш

23 қараша 2018 жыл, сағ.15.00

Фамилиясы  
Аты  
Әкесінің аты  
Мемлекет  
Үй адресі (индекс) немесе жинақты жіберетін адрес  
Телефон  
e-mail  
Ұйымның атауы, ЖОО (қысқартусыз), факультет, курс (магистранттар үшін)  
Ұйымның атауы, ЖОО (қысқартусыз), факультет, курс, кафедра (докторанттар үшін)  
Жұмыс орны (ЖОО), кафедра (қысқартусыз), қызметі  
Ғылыми дәрежесі,ғылыми атағы  
Мақаланың ғылыми бағыты  
Мақала атауы  
Қажетті қосымша жинақ саны  

 

 

 

 

 

 

 

 

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Яндекс
facebook twitter Vkontakte Mail.ru
Хабарландыру
Конференцияға қатысу және материалдарды жариялау үшін сұраныстар жасау мерзімдері:


«Аударматану мен әдеби компаративистиканың өзекті мәселелері» Әр жылдың 5 ақпанына дейін

«Абай және қазіргі заман» Әр жылдың 5 сәуіріне дейін

«Мәдениетаралық коммуникация және әдеби компаративистика» Әр жылдың5 мамырына дейін

«М.Әуезов және әлем әдебиеті» Әр жылдың5 қыркүйегіне дейін

«Қабдолов оқулары» Әр жылдың 15 қарашасына дейін

Ыстықкөл форумы «Ш.Т.Айтматов және әлем әдебиеті» Әр жылдың 01 мамырына дейін .
Баннерлер