Бөлімдер
open all | close all
Мұрағат
Күнтізбе
Октябрь 2018
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Июн    
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031  

Меркі ауданындағы Абайтану семинары

whatsapp-image-2017-09-18-at-21-11-11

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанындағы Абай ғылыми-зерттеу институты Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында ұлы Абай шығармашылығын насихаттау мақсатында орта мектептер мен гимназиялардың «абайтану», «қазақ әдебиеті», «қазақ тілі» пәндерінің мұғалімдеріне арналған «Абайтану» атты ғылыми-әдістемелік семинарын дәстүрлі түрде өткізіп келеді. Семинар бағдарламасы 48 сағатқа есептелген және инновациялық технологияларға негізделген.

Жақында Абай ҒЗИ кезекті «Абайтану» ғылыми-әдістемелік семинарын  Жамбыл облысы, Меркі ауданында өткізді.  Семинарға Меркі ауданы мектептерінің мұғалімдері қатысты. Семинарда Абай институтының ресми сайты таныстырылып, аудио-видео материалдар таратылды. Абай шығармаларының текстологиясы, абайтанудың тарихы, Абайдың «Қара сөздері» және тағы басқа тақырыптар ғылыми-әдістемелік тұрғыдан талқыланды. Ұстаздармен сұқбат сағатында «абайтану» бойынша өз тәжірибелерімен бөлісіп, кейбір мәселелер ортаға салынды.

Тыңдаушыларға «Абайтану» республикалық ғылыми-әдістемелік семинарының бағдарламасын толық игергені туралы сертификат берілді. Тыңдаушылардың семинар бағдарламасы бойынша дайындаған әдістемелік зерттеу жұмыстары мақала түрінде Абай институтының вебсайтында http://abai-inst.kz/ жарияланатыны хабарланды. Семинар мектеп мұғалімдері үшін пайдалы болды.

Мұсалы Ләйла, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың доценті

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Яндекс
facebook twitter Vkontakte Mail.ru
Хабарландыру
Конференцияға қатысу және материалдарды жариялау үшін сұраныстар жасау мерзімдері:


«Аударматану мен әдеби компаративистиканың өзекті мәселелері» Әр жылдың 5 ақпанына дейін

«Абай және қазіргі заман» Әр жылдың 5 сәуіріне дейін

«Мәдениетаралық коммуникация және әдеби компаративистика» Әр жылдың5 мамырына дейін

«М.Әуезов және әлем әдебиеті» Әр жылдың5 қыркүйегіне дейін

«Қабдолов оқулары» Әр жылдың 15 қарашасына дейін

Ыстықкөл форумы «Ш.Т.Айтматов және әлем әдебиеті» Әр жылдың 01 мамырына дейін .
Баннерлер