Бөлімдер
open all | close all
Мұрағат
Күнтізбе
Январь 2018
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Дек    
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031  

ӘДЕБИЕТТАНУДАҒЫ МАҢЫЗДЫ ҒЫЛЫМИ БАСЫЛЫМ

379

Рақымжан Тұрысбек

Абайтану институтының әдебиетшілер тобы профессор Жанғара Дәдебаев басшылығымен Абайтанудың он томдық ғылыми басылымын шығарған болатын. Онда белгілі Абайтанушылардың әр жылдарда жарияланған зерттеулері енген. Профессор Рақымжан ТҰРЫСБЕК таңдамалы еңбектің ғылыми маңызына тоқталған еді. Жоба әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті «Ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру» бағдарламасы бойынша орындалды.

Абайтанудың он томдық таңдамалы ғылыми басылымын шығарардағы ұжымдық еңбекке қатыстым. Бұл, негізінен, «Абай Құнанбаевтың шығармашылық мұрасын пәнаралық зерттеу» деген ғылыми жоба аясында орындалған жұмыс. Мұнда абайтану ғылымының арғы-бергі тарихы, бүгінгі жеткен жетістіктері, болашақ өрісі баяндалады. Сондай-ақ, абайтануға қатысты көптеген еңбектер жинақталған. Бүгінгі уақыттың үдерістері мықтап назарға алынған. Орта және жоғары оқу орындарында Абайтану мәселесі, әсіресе жоғары оқу орындарында тұрақты түрде оқытылып келеді. Абайтануға қатысты алыс-жақын елдерде әртүрлі орталықтар жұмыс істейді. Мысалы, отандық әдебиет тарихында әдебиеттану ғылымына жаңаша көзқарас, кең өріс ашылды. Міне, осыны ескере отырып, «Абайтану» таңдамалы еңбегі он томдық ғылыми басылым ретінде дайындалды. Орталық жетекшісі, ф.ғ.д., профессор Жанғара Дәдебаев сол бағытта үлкен жауапкершілікпен осы істі аяғына дейін жеткізді. Әсіресе оның өзекті мәселелеріне назар аударды. Атап айтқанда, арыдағы абайтанушылар Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Әуезов, І. Жансүгіров, С. Қирабаев, С. Қасқабасов, З. Ахметов, Қ. Мұхамедханов, М. Мырзахметов, Т. Әлімқұлов, Ж. Ысмағұлов, Ж. Дәдебаев және басқалардың еңбектері, әр алуан көзқарастары, негізгі ерекшелігі осы таңдамалы еңбектерінде кеңінен көрінеді. Әсіресе осы еңбекте «Абай» журналы, қазіргі Абай энциклопедиясы, осындай басқа да еңбектердің бәрі басты назарға алынады. Ең негізгісі – бүгінгі күннің бедері, жаңа уақыт рухы осы еңбектерде жинақталған. Тағы бір айта кететін жағдай, абайтанудың бастауында тұрған Мұхтар Әуезовтің еңбектері, әсіресе, «Абай Құнанбайұлы» монографиясы, осындағы Абайтануға қатысты бөлікте әуелгі Абайдың жазбаларының алғашқы басылымынан бастап, әр жылдардағы дамулары, тіпті, бастапқы қолжазбасына дейін назарға алынады. Бұдан кейінгі бір назар аударатын жағдай, профессор Мекемтас Мырзахметовтың «Абайтану» деген қос томдық көлемді еңбегі, осындағы Абай мұрасына қатысты арғы-бергі тарих, оның ақындық кітапханасына қатысты көзқарастар, ол жайлы жазған еңбектердің бәрі де осы «Абайтану» таңдамалы жинағында назарға алынады. Сол еңбектің жинақталып, бір ізге түсіріліп, байыпты орындалуы – бүгінгі қазақ әдебиеттануы, абайтану тарихы үшін биік белес. Бұрынғы және қазіргі абайтанудың өзекті мәселелері жан-жақты қамтылған.

«Абайтану» таңдамалы еңбектерін шығаруға жобаға қатысушы әрі автор ретінде қатыстым. Оны дайындау, жариялау ісінде басы-қасында болдым. Осы «Абайтану» таңдамалы жинағында Абайдың қара сөздеріне, оның жазылу тарихына мазмұнына, ішіндегі басты тақырыптарға қатысты арнайы мақала жаздым. Аталмыш мақалада абайтанудың, соның ішінде қара сөздеріне қатысты бұрынғы-соңғы көзқарастар, еңбектер байыпты сараланды. Соларды басшылыққа ала отырып, қазіргі абайтанудың өзекті мәселелеріне, сосын Абай айтқан ғақлиясында орын алған бұрынғы және бүгінгі күнмен үндесетін тақырыптарға, маңызды мәселелерге назар аудардым. Абайдың қара сөздері, шын мәнінде Абайдың әлемін ашатын, Абайға көзқарасты, зерттеуді басшылыққа алуға болатындығын бүгінгі уақыттың рухымен байланыста қарастырдым. Осы жерде бір жағдайды айта кету керек. Мысалы, Абайдың туған күні жайында әлі күнге дейін кейбір көзқарастардың орын алып келе жатқаны алаңдатады. Абайдың туған күні жиырма үшінші тамыз, ескі санақпен алғанда ол оныншы тамыз. Міне, осыны біздің қазақ жұртшылығы әртүрлі айтып, жазып жүр. Осы жөнінде абайтанушы Қайым Мұхамедхановтың, профессор Арап Еспенбетовтың, абайтанушы Асан Омаровтың баспасөздегі пікірлері әдебиеттанушылардың, әдеби қауымның назарында болғаны жөн. Жобаға қатысушы авторлардың бірі ретінде абайтануда алда атқаратын шаруалардың, көптеген кең өрістердің бар екендігін айтқым келеді. Осы ретте «Абайтану» таңдамалы еңбектерінің жарық көруі – әдеби жұртшылық үшін де, қалың көпшілік үшін де маңызды дүние болды деп есептеймін.

 

Рақымжан ТҰРЫСБЕК, ф.ғ.д., профессор

«Қазақ әдебиеті» газеті, 13.10.2017

http://qazaqadebieti.kz/12366/debiettanuda-y-ma-yzdy-ylymi-basylym

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Яндекс
facebook twitter Vkontakte Mail.ru
Хабарландыру
Конференцияға қатысу және материалдарды жариялау үшін сұраныстар жасау мерзімдері:


«Аударматану мен әдеби компаративистиканың өзекті мәселелері» Әр жылдың 5 ақпанына дейін

«Абай және қазіргі заман» Әр жылдың 5 сәуіріне дейін

«Мәдениетаралық коммуникация және әдеби компаративистика» Әр жылдың5 мамырына дейін

«М.Әуезов және әлем әдебиеті» Әр жылдың5 қыркүйегіне дейін

«Қабдолов оқулары» Әр жылдың 15 қарашасына дейін

Ыстықкөл форумы «Ш.Т.Айтматов және әлем әдебиеті» Әр жылдың 01 мамырына дейін .
Баннерлер