Бөлімдер
open all | close all
Мұрағат
Күнтізбе
Декабрь 2018
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Ноя    
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31  

ЖҮЙЕЛІ ЕҢБЕК

АбайӘл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы Абай институты қазіргі Абайтануға нақты үлес қосуда. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті «Ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру» бағдарламасы бойынша үлкен жұмыстар атқаруда.

 Тәуелсіз кездегі Абайтану өз деңгейінде дамып келе жатқаны анық.

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетіндегі Абайтану орталығында М. Мырзахметов, Ж. Шойынбет бастаған ғалымдар Абайтануды оқыту ісіне қатысты біраз нақты ғылыми зерттеулер шығарды. Бұлар оқу процесіне еніп кеткен монографиялар. М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және Өнер институтындағы Абайтану бөлімі де 20 жыл уақыттан бері өткізіліп келе жатқан «Қазіргі заманның Абайтануы» атты халықаралық ғылыми конференция арқылы жылына бір рет болса да Отанымыздағы Абайтанудың сараптамалық мониторингін атқарып отыр. Әдебиетті зерттейтін бас шаңырақ болғандықтан бұл институт Тәуелсіздік кезіндегі Абайтануды қадағалап отыруы да заңдылық. Өкінішке қарай, Абайтануға қатысты жобаларға грант бөлінбейді. Соған қарамай Абайтану бөлімі өзінің сараптамалық міндетін атқарып келеді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті «Ғылыми зерттеулерді гранттық қаржыландыру» бағдарламасы бойынша іргелі жұмыстар атқарып жатыр. Олардың қатарында профессор, филология ғылымының докторы Жанғара Дәдебаев бастаған әдебиетшілер шығарған, 2015-2016 жылдар аралығында жарық көрген, Абайтанудың он томдығын айрықша атап кетуге болады. «Таңдамалы еңбектер» (Алматы, «Қазақ университеті» баспасы) атты басылымның қазіргі әдебиеттануға қосқан үлесі зор екені анық. Кітап Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Абай туралы сөзімен басталған. Бірінші томда Әлихан Бөкейхан бастаған, К. Ысқақұлы, К. Жанатайұлы, Т. Құнанбаев, А. Байтұрсынұлы, М. Дулатұлы, Ж. Аймауытұлы, М. Әуезов, А. Сағди, С. Сейфуллин, І. Жансүгіров, Қ. Жұбанов, Е. Ысмайылов, Ғ. Тоқжанов, т.б. ХХ ғасыр басындағы Абайтану зерттеулері енген. Екінші томға Қ. Бекхожин, М. Бөжеев, С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, Б. Кенжебаев, Қ. Жұмалиев, М. Қаратаев, Т. Нұртазин, Ә. Тәжібаев, Қ. Мұхамедхан, I. Омаров, Ә. Қоңыратбаев, Л. Мұсалы зерттеулері кірген. Тоталитарлық совет одағы кезіндегі Абайтану да сол күйінде берілген: Ә. Марғұлан, А. Машанов, Х. Сүйіншалиев, Ә. Нұршайықов, М. Әлімбаев, С. Қирабаев, З. Ахметов, З. Қабдолов, Т. Кәкішев, А. Нұрқатов, Б. Сахариев, Ы. Дүйсенбаев, Р. Бердібаев, Т. Қожакеев, Ш.Қ. Сатбаева, М. Базарбаев, Ә. Дербісәлин, М. Хасенов, С. Талжанов, Т. Әбдрахманов. Төртінші томға Б. Кенжебаев, М. Мырзахметов, Ш. Елеукенов, Р. Сыздықова, А. Ысқақов, Т. Әлімқұлов, С. Әшімбаев, Ж. Ысмағұлов, С. Байжанов, Ә. Нарымбетов, Ғ. Әбетов, Г. Бельгер, С. Қасқабасов, А. Егеубаев, Б. Майтановтардың Абай шығармашылығына қатысты мақалалары енген. Бесіншітомға: А. Жұбанов, М. Ақынжанов, Т. Тәжібаев, С. Зиманов, Л.М. Әуезова, Б. Ерзакович, Б. Ғабдуллин, М. Орынбеков, Ғ. Есім, Г. Барлыбаева, Ж. Молдабеков, Н. Байтенова, С. Күзембаевалардың Абайтанудағы зерттеулері жинақталған. Алтыншы томға Тәуелсіздік кезіндегі ресми баяндамалар мен мақалалар енген: И. Тасмағамбетов, Қ. Сұлтанов, М. Жолдасбеков, С. Әбдрахманов, К. Нәрібаев, Қ. Жұмаділов, М. Ысқақбай, Қ. Жарықбаев, Қ. Салғарин, С. Ғаббасов, К. Сыздықов, А. Көбесов, Р. Нұрғали, Т. Рсаев, А. Сейдімбеков, Д. Досжан, Қ. Өмірәлиев, Т. Әсемқұлов, Қ. Атабаев, С. Созақбаев. Жетінші томға М. Қойгелдиев, Т. Медетбеков, Т. Жұртбай, С. Негимов, А. Шәріп, И. Жеменей, А. Ісімақ, К. Қамзин, З. Тайшыбай, Т. Айтқазин, Д. Ысқақ, Т. Қоңыратбаев, С. Борбасов, Т. Шапай, А. Кемелбаева, А. Ахметбекова, Ы. Палтөре, А. Сейітова, Қ. Рахимов, Қ. Раев мақалалары топтастырылған. 8-10 томдарда әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетіндегі әдебиеттанушылардың Абайтанудағы зерттеулері енген. Бұл авторлар қатарында Т. Кәкішев, Ж. Дәдебаев, Ә. Тарақ, Ө. Әбдиманов, З. Бисеғали, З. Сейтжанов, Ж. Тілепов, А. Салқынбай, М. Үмбетаев, Р. Тұрысбек, П. Бисенбаев, Е. Кәрібозов, т.б. бар.

Бұл басылым тұңғыш рет екі ғасырлық тарихы бар Абайтануды жүйелеп беруімен де құнды. Алайда, осындай жүйелі еңбектің тым аз данамен шығуы өкініш тудыратыны рас. Бұл жоба әлі де жалғаспақ екен. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің Абайтану институтының осындай абыройлы басылымы интернеттегі сайтында да тұрғаны – заман талабына сай еңбек етіп жатқанының бір ғана көрінісі.

Бүгінгі заманда Абайтануды дамыту үшін осындай жүйелі сараптамалық басылымдар қажет екені анық.

Айгүл ІСІМАҚОВА, филология ғылымының докторы.

«Қазақ әдебиеті» газеті, 08.09.2017 жыл.

http://qazaqadebieti.kz/11850/zh-jeli-e-bek

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Яндекс
facebook twitter Vkontakte Mail.ru
Хабарландыру
Конференцияға қатысу және материалдарды жариялау үшін сұраныстар жасау мерзімдері:


«Аударматану мен әдеби компаративистиканың өзекті мәселелері» Әр жылдың 5 ақпанына дейін

«Абай және қазіргі заман» Әр жылдың 5 сәуіріне дейін

«Мәдениетаралық коммуникация және әдеби компаративистика» Әр жылдың5 мамырына дейін

«М.Әуезов және әлем әдебиеті» Әр жылдың5 қыркүйегіне дейін

«Қабдолов оқулары» Әр жылдың 15 қарашасына дейін

Ыстықкөл форумы «Ш.Т.Айтматов және әлем әдебиеті» Әр жылдың 01 мамырына дейін .
Баннерлер