Бөлімдер
open all | close all
Мұрағат
Күнтізбе
Декабрь 2017
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Ноя    
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031

Рухани жаңғыру – ұлттық жаңғыру

 Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы қажет уақытта қажет жерде шыққан мақала деп санаймын. Бұл – қарапайым мақала ғана емес, қазақ халқының рухани құндылықтарын қалыпқа түсіру, түгендеу, саралау, заман талабын ескере отырып тура жолға қою және дамытуға арналған бағдарламалық құжат деуге толық негіз бар. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғырудың» біз барынша мән беріп, берік байлам етіп алуға тиісті тұстарына қысқаша тоқталып өтсек.

Біріншіден, «ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды». Бұны мақала авторы «Ұлттық бірегейлікті сақтау» тарауында айтып отыр. Рухани жаңғыру ұлттық кодты сақтаумен бірге ұлттық бірегейлікті сақтауды да талап етеді. Елбасы айтқандай, ұлттық салт-дәстүріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, жалпы ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуы тиіс.

Екіншіден, елбасының ла­тын әліпбиіне 2025 жылдан бастап көшіп, оған дейін әдістемелік дайындық жұмыстары­ның жасалатыны туралы. Бүгінде бүкіл әлем латын әліпбиінде сөйлейді. Сондықтан бұл да өзекті мәселелердің бірі.

Үшіншіден, білім. Білім болғанда да ұлттық рухани құндылыққа негізделген білім. Елбасының Қазақстанның үшінші жаңғыруына байланысты келелі ойларын қолдай келе, оны жүзеге асырудың бір жолы бәсекеге қабілеттілікте дер едім. Бәсекеге қабілетті болу үшін білімді болумен қатар, дұрыс тәрбие алу керек. «Тәрбиесіз берілген бі­лім – адамзаттың хас жауы» деп әл – Фараби бабамыз айтқандай біз тәрбие мен білімді қатар жүргізуіміз қажет.

Сонымен қатар мақалада айтылған туған жер, туған ел бағдарламасымен бірге қазақ жерінің тарихи-туристік белдеулерін түзу, заманауи қазақ қоғамының қалыптасуына үнсіз үлес қосып жүрген 100 азаматтың есімін анықтау, қазақ зиялылары мен олардың шығармаларын шет елдерде насихаттау деген ойларын да құптаймыз.

Елбасын ел руханиятына шұғыл бет бұрғызған жайт, алдымен, Қазақстан үшін қауіпті күштердің көбейе түсуі болса керек. Ол қандай күштер? Ол – экстремизм, ол – бізге жат жаңа діни ағымдар, ол – ұлтты өзінің ұлттық келбетінен айырып, тілі мен ділінен жеріндіретін мультимәдениттердің топтамасы. Қазақ зиялыларының осы күнге дейін «Бізге ұлттық идеология керек» деп зар қақсауының себебі де осындай келеңсіз жайттарды ерте бастан көре білгенінен еді.

Қорытындылай келе айтарымыз, елбасы Нұрсұлтан Назарбевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы тәуелсіз еліміздің даму бағыты өрілген өзекті мақала екені даусыз.

 

Әлтаева Н.С.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ докторанты

Затов Қ.А.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры

 

Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в LiveJournal
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Google Buzz
Опубликовать в Яндекс
facebook twitter Vkontakte Mail.ru
Хабарландыру
Конференцияға қатысу және материалдарды жариялау үшін сұраныстар жасау мерзімдері:


«Аударматану мен әдеби компаративистиканың өзекті мәселелері» Әр жылдың 5 ақпанына дейін

«Абай және қазіргі заман» Әр жылдың 5 сәуіріне дейін

«Мәдениетаралық коммуникация және әдеби компаративистика» Әр жылдың5 мамырына дейін

«М.Әуезов және әлем әдебиеті» Әр жылдың5 қыркүйегіне дейін

«Қабдолов оқулары» Әр жылдың 15 қарашасына дейін

Ыстықкөл форумы «Ш.Т.Айтматов және әлем әдебиеті» Әр жылдың 01 мамырына дейін .
Баннерлер