Бөлімдер
open all | close all
Мұрағат
Күнтізбе
Август 2018
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Июн    
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031  

Мақалалар

М. Қожақанова. АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ ӨРІСІ

Абайдың шығармашылық мұрасын тұтас-тай алғанда да, жеке бір туындысын бөліп алып қарағанда да мазмұн мен мағынаның, мәннің байлығы мен тереңдігі ерекше байқалады. Негізінде Абайдың әр сөзінде бай мазмұн бар, мазмұнның түрлі мағынасы бар, одан келіп шыға-тын поэтикалық мән бар. Олардың әрқайсысының мәнісін тану, қабылдау оңай емес. Абайдың әр шығармасының, ақынның өзі айтқандай, «сырты күміс, іші алтын» болып келеді. Басқаша айтсақ, ақын шығармасының пішіні келісті болғанда, мазмұны одан асып түседі. Сондықтан Абайдың шығармасының мазмұны мен мағынасын, мәнін ұғу, түсіну өте қиын. Белгілі бір түсінігі, білім деңгейі жоқ кісі Абайдың сөзін де, ойын да тиісті деңгейде түсіне алмайды. Біздің бұл айтып отырғанымыз Абайды қазақ тілінде оқитын оқырмандардың қайбір тобына қатысты. Ал Абайды қазақ тілінде оқи алмайтындардың Абай туралы түсінігі, Абайдың ақындығы туралы ұғымы мүлде басқаша болуы мүмкін. Осы тұрғыдан келгенде, Абайдың көркемдік әлемін түсіну, оны қабылдау өз алдына зерттеу нысаны болуға лайықты, іргелі ғылыми мәселелердің бірі болып табылады. Толығырақ »

А. Көпбасарова. АБАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ОРЫС ТІЛІНЕ АУДАРЫЛУЫ

Аудармашы түпнұсқаның мазмұнын, піші-нін саралап білумен бірге оның тууына негіз болған өмір құбылыстарының сипатын да жете тануы қажет. Ақынға, ақынның белгілі өлеңінің тууына негіз болған өмір құбылыстарының тобын танып, таразылай отырып, ақынның ойлау, сезіну даралығын, оның шығармашылық тұрғысы мен нысанасын түсінгенде ғана аудармашының еңбегі шығармашылық дәреже-ге көтеріліп, поэтикалық қасиет иелене алады. Толығырақ »

Т. Кәкішев. АБАЙТАНУ ТАРИХЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ

OP_Kakishuli

Т. Кәкішев

Әдеби мұраны игеру мәселесін әңгімелеген уақытта оны тек ауыз әдебиеті үлгілерімен ғана шектеп қоюға болмайды. Өйткені ол жалпы әдеби мұраның мәнді бір саласы ғана. Біздің ғылыми-сыншылық ойымыздың өркендеу барысында жеке ақын-жазушылардың, тарихта аты қалған дарындардың творчествосына назар көп аударылды.

Әдеби мұраның екінші бір мәнді тармағы — жеке дарындар творчествосы жөнінде айтылған пікірлерді, әрбір ақын-жазушы жайындағы еңбектер мен мақалаларды тізе берудің, кімнің не айтқанын келтіре берудің ғылыми жөн-жосығы болмайтынын ескеріп, сыни-ғылыми ойдың эволюциясын Абай творчествосы төңірегінен көрсеткен абзал. Толығырақ »

Ж. Дәдебаев. АБАЙ АДАМ МЕН ЗАМАН ТУРАЛЫ

555

Ж. Дәдебаев

Абайдың заманында елдің билігі жаттың қолында болды. Жат жарылқамады. Жамандық көрсе, оны қолымен де, сөзімен де, жүрегімен де түземеді. Билеуші де, билеу жүйесі де қазақ қоғамының дәстүрлі мәдениетіне жат бағытты ұстанды, елді бірлік пен ынтымаққа, жақсылық пен ізгілікке ұйытпай, жамандыққа, надандыққа, жаулыққа жол ашты. Қу мен сұм белең алды. Ар ойлайтын адам азайып, пайда ойлайтын сабырсыз, арсыз, көрсе қызар, жалмауыз жандар шықты. Сырттансынбақ, қусынбақ, өршілденбек бұлардың ажарын ашатын айрықша көрікке айналды. Алашқа сыртынан күліп, ішінде жаулық сақтады, жақынын тіріде аңдып, өлсе өкіріп жылайтын әдет тапты. Терін сатпай, телміріп көзін сатып, теп-тегіс аларман болды. Ұрлықпен мал табатын, егессе, ауыл шабатын құдай атқандар, бойы бұлғаңдар, сөзі жылмаңдар, басында ми жоқ, өзінде ой жоқ, күлкішіл кердең надандар қатар түзеді. Толығырақ »

Ө. Әбдиманұлы. АБАЙ ЖӘНЕ АЛАШ

декан-факультета-682x1024

Ө. Әбдиманұлы

Қай халықтың болмасын белгілі бір тарихи кезеңде өнері мен әдебиеті, яғни бүкіл мәдени болмысы өзгеше бір биікке көтеріліп, кейінгі өрлеу мен дамуға кең жол ашары сөзсіз. Ендеше біздің қазақ халқының тарихында да сондай кезеңдердің бар екендігі шындық. Қазақ халқының руханияттық дамуында осындай толағай өзгерістер мен ерекше серпілістердің көзге айрықша шалынар сәті — ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басы.

Қос ғасырдың тоғысар тұсында «Ғылымды іздеп, дүниені көздеп» екі жаққа үңілген ұлы Абай, халықты өркениеттің өріне алып шығар амалды тапты. Ол ғылым мен білім, өнер үйрену жолы еді. Замананың тұрпатын, ұлт тұрмысының кемшілікті тұстарын Абайдай көре білген, ұлы ақындай таныған жан кемде-кем. Абай жасампаздығының мәңгілігі мен өнерінің өрістілігі осында жатса керек. ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасыр басындағы Абай феномені –  қазақ ұлтының өркениеттік болмысындағы орны айтып болмас ұлы құбылыс! Толығырақ »

З.Бисенғали. АБАЙ ЖӘНЕ ӘУЕЗОВ

 Абай қара сөздерiнiң «Абай жолы» эпопеясында қолданылуы әуезовтанудағы ірі проблемаларды деректі негізде қозғауға және даңқты эпопеясын жазу жолындағы М.Әуезов­тің шығармашылық лабораториясына енуге, оның әлi белгісiздеу жатқан астарларына көз жiберуге мүмкiндiк бередi.

Абай қара сөздерi мен «Абай жолы» арасындағы байланыстарды анықтау үшiн эпопеяда байқалған мазмұндық сәйкестiк пен өзгешелiктердi салыстыра қарастырғанда  біраз жайлар айқындалады. Қаламгер романда қарасөздерi қаз қалпында да, мазмұн мен мағына, ой әуендерiн сақтай өзгерте де колданылады. Әр әрекеттің астарынан ұлы жазушының көркем мазмұнға артатын алуан түрлі ой, тұспалдары байқалады. Қара сөздер — ұлы гуманистiң болмыс пен тiршiлiк, табиғат пен адам өмiрі, қоғам мен заман, сенім мен сезік, дін туралы философиялық ойлары мен толғаныстарының нәтижесi. Бұл шығармаларды ұлы ақын белгiлi бiр жанр қалыптарын сақтамай, толғаныс, тебіреністерінің үндестігін көздемей, тақырыптарды топтастырмай еркiн жазған. Сонықтан да қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы әр зерттеушi одан өзiне қажет мәндi белгiлердi, ойларды тауып жатады. Толығырақ »

Қ. Мәдібаева. АБАЙ ӨЛЕҢІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ

Абай өлеңі — ақындықтың алуан құбылған мінезі. Сырғыған нұрдан сыр аулап кеудеге қуаныш жайылған сәт. Тылсымға қамалып, тығырыққа тіреліп, болымсызға болдырып отырған шарасыз күй.

Жан жанып, жанарда күн ойнап қайтадан тірілген құштарлық…

Абай жырының өлмейтін өлең мәніндегі құпиясының бірі оның құрылымында. Сол негізде Абайдың өлең құрылысын зерттеу қашан да мәнді.

Кейінгі кезеңде Абай ақындығы, Абай дүниетанымы, Абайдың өмірбаяны, Абайдың әдеби мұрасының зерттелу тарихы тұрғысында елеулі жаңа ғылыми бағыттар айқындала түсіп отыр. Өскен, озған жұрттардың өнегесінде Абайдың ақындық әлеміне біз де түбегейлі бас қою мүмкіндігіне ие болдық. Тарих қазақтың тағдырын сан мәрте талқыға салған тұстарда тұтас танымға тарту мүмкін болмаған Абай ақындығы айналасына барып тірелетін тарихи-әлеуметтік негіздер, көркемдік заңдылықтардың дәстүрлі, жаңашылдық бағыттар аясындағы өрісі қазіргі кезеңде тағы бір саралаудан өтіп, тың пайымдаулармен тұғырлана түсуі – абайтанудың қазіргі кезеңдегі ғылыми нәтижелері әрі келешек зерттеу бағдарлары. Абай ақындығын осы тұрғыда ХІХ ғасырдағы қазақ өлеңінің түрі мен тегі туралы тұғырлы тұтас таным аясында жүйелі ғылыми негізде бағалап, саралаудың өзіндік мәні бар. Толығырақ »

facebook twitter Vkontakte Mail.ru
Хабарландыру
Конференцияға қатысу және материалдарды жариялау үшін сұраныстар жасау мерзімдері:


«Аударматану мен әдеби компаративистиканың өзекті мәселелері» Әр жылдың 5 ақпанына дейін

«Абай және қазіргі заман» Әр жылдың 5 сәуіріне дейін

«Мәдениетаралық коммуникация және әдеби компаративистика» Әр жылдың5 мамырына дейін

«М.Әуезов және әлем әдебиеті» Әр жылдың5 қыркүйегіне дейін

«Қабдолов оқулары» Әр жылдың 15 қарашасына дейін

Ыстықкөл форумы «Ш.Т.Айтматов және әлем әдебиеті» Әр жылдың 01 мамырына дейін .
Баннерлер